«Менің елбасым» атты тәрбие сағатының Сценарийі
Күні:26.11.2018 Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Қазақстан республикасының әнұраны :балалар әнұранды айтады

Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Менің елбасым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
Қазақстан дейтін менің бар елім . Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе Мектебіміздің оқушылары сомдаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан шағын әңгімені тамашалаңыздар
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.
Өлең оқу: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Мен Қазақпын» (Кумекбаева Малика)
Беу, Туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
Жыр жазам деп талпынады жас балаң
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп
3 сынып оқушысы Қаламқастың орындауында « Егеменді Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында « Жылдар сөйлейді»елбасының отбасы туралы тамашалаңыздар.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.
«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
«Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп
Жас Отанның өмірін де түсініп
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Бүгінгі Астананың нұры қандай!
Көгінде желбіреген Туы қандай!
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай. Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз. Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар.
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау
болыңыздар!і
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің елбасым»

шағым қалдыра аласыз