Материалдар / Менің елім - Қазақстаным!

Менің елім - Қазақстаным!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«БЕКІТЕМІН»

«Каспий» жоғары педагогика

және салалық технологиялар

колледжі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

__________Әмірбекова Г.С

«____»____________ 2024 ж.








КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ


Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстаным!»










Өткізген: Амантұрлы Ж.О.

2ИББ-23 б/б тобы















2024-2025 оқу жылдары

Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстаным!»

Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттерді өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.

- Елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

1. Жүргізуші: Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.

Отан,Отан!!!Сен болмасаң нетер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси рефор-малар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы –демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді.Ол жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз.Қазір Қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміз-дері анық , мәртебесі беделді мемлекет.

2.Жүргізуші:

Ассалаумағаликум, халқым менің,

Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!

Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,

Ендігі елдігіңнен тартынба елім.

1.Жүргізуші:

Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,

Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?

Армысың жиналған топ үлкен, кіші,

Армысың айналайын халқым менің.

2.Жүргізуші:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Ала таудың күндерін.

Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

1.Жүргізуші: 25 қазан – Республика күніне арналған дөңгелек үстелімізді бастаймыз. ( Әнұран айтылады) Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!

2. Жүргізуші:

Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,

Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.

Атандың сен барлық әлем тілінде,

Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.

1.Жүргізуші:

Бұл күнде қазақ елі дамып жатыр,

Аты – жөнін жер әлем танып жатыр.

Халқының ілгерілеу қамын ойлап,

Елбасым шартарапқа барып жатыр.

Ата заңы басшылықты алып жатыр.

Орнасын жер әлемде тыныш заман.

Өмір сүрсін теңдікте барлық адам.

Зу етіп өте шығар бұл жалған да,

Аман жүрсін бар қауым тыныс алған.

Тыныштық болса дейміз жер бетінде,

Бейбітшілік, азаттық ел еркінде.

Желбіреп көк байрағы қазағымның,

Биік бола берсе екен ел көркіне.

Жүргізуші: 1990 жылдың 25 – қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні.

Жүргізуші: Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.


Жүргізуші: Ту.


Желбіре туым желбіре,

Көргенде сені қуанам.

Мақтан қып сенің сәніңді,

Атманмен алыс атанам.

Желбіре туым, желбіре,

Әлемге жетсін шуағың.
Өзіңді ұстап қолыма,

Қасқайып төрде тұрамын.

Жүргізуші: Елтаңба

Алтын қанат көмкерген.

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бине сен қыран,

Жай бине емес ұғып ал.

Көгілдір түс аясы.

Бейбіт дала елесі.

Шаңырық жұрт панасы,
Уықтан күн сәулесі.

Аңызға ұшқыр төзімді,

Пырақ халық арманы.

Жоғары да түсер көз,

Бас бармақты жұмуға.

Ал, Қазақстан деген сөз.

Таныс барлық ұл, қызға.

Маған, саған қымбатты

Ел таңбасы ол – Елтаңба.


Жүргізуші: Теңге.

Шыныменен Алла рахым берді ме?

Қазағымның көз жасын ол көрді ме?

Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз.

Қолды жаймас, кезегіне келді ме?



Жүргізуші: Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдап, қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.

Жүргізуші: Біз Қазақстан халқы, қазақ жерінде мемлекет құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік, татулық, бейбітшілік, азаматтық қоғам деп, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдын-дағы жоғары жауапкершілікті негізге алып, Ата заң – Конститутцияны қабылдадық.

Жүргізуші:Астана қаласы 1997 жылы желтоқсанның 10–нан бастап қазақстан мемлеке-тінің елордасы атанды.

Жүргізуші:Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұл пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғас-тырып отырған Ұлы мемлекет.

Жүргізуші: Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана алады.

Жүргізуші: Елім менің!

Қазақстан – менің туған анамсың,

Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.

Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,

Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.

Елім менің атыңды атап ер жеттім,

Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.

Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,

Тек өзіңе тең биікпен сөйлеттің.

Соның бәрін көрсеттірген өзіңсің,

Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.

Қазақстан, менің Қазақстаным!

Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!

Жүргізуші:

ПРЕЗИДЕНТ.

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Аман бол алтын жүрек, дана басым.

Ел үшін өлімге де бара аласың.

Буынның бүгілмесін ел алдында,

Ертең де еңбегіңді бағаласын.

Енді топ студенттерінің берілген тақырыпшаларға пікірталасына кезек берейік:

Қорытынды: Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақта-нышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.



Хаттама_____


Орны: «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі

Уақыты: 21.10.2024.

Отырыс: 507 каб.

Тобы: 2ИББ-23 б/б

Барлығы: 25 студент

Қатысқандар: 23 студент



Күн тәртібінде:


  1. «Менің елім – Қазақстаным!»

  2. Әртүрлі мәселелер


Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша топ кураторы сөз алып, «Менің елім – Қазақстаным!» тақырыбында өткен кураторлық сағаты жақсы деңгейде өтті. Бүгінгі кураторлық сағатта студенттер Тәуелсіздік туралы тақпақтарды мәнерлеп оқып, ән шырқалып, пікірталасты. Студенттердің Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктері артып, патриоттық сезімі шыңдала түскендігін айтып, алдағы уақытта осындай шараларды бұданда жоғары деңгейде өткізу керек екендіктері айтылды.





Шешім:

  1. «Менің елім – Қазақстаным!» тақырыбында өткен кураторлық сағаты «жақсы» деп бағалансын.

  2. 2-мәселе бойынша студенттерді іс – шараларға, түрлі байқауларға қатыстыра отырып, олардың шығармашылықтарын шыңдау,топтағы студенттердің сабаққа қатысуын және форма сақтау керектігі айтылды.

  3. Осы айтылған мәселелер орындалысы Ж.Амантұрлыға міндеттелсін, студенттердің сабаққа қатысы, кешікпеуі, колледждің формасы сақталуы топ старостасына жүктелсін.



Жиналыс төрайымы: Ж.Амантұрлы

Жиналыс хатшысы: М.Козденова



ЖИ арқылы жасау
23 Ақпан 2025
101
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі