"Менің елім, менің Президентім!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің елім, менің Президентім!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ. «Балауса» шағын орталығы.











Менің елім, менің Президентім!

(Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты)









Дайындаған: тәрбиеші Дангарина А.М











2018 оқу жылы

Тақырыбы: «Менің елім, менің Президентім!

Рисунок 9
Көрнекілігі:
Елбасы суреттері, әнұран, т.б.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тәрбиеші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз. 
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Тәрбиеші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Әнұран айтылады.

Тәрбиеші: Ал кане,енді балалар Президентімізге арналған слайд шоу көреміз.

Тәрбиеші: Елбасымызға арналған өлең жолдары:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.


Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.


Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.


Елбасымыз Нұр аға

Салғызып Алтын орда

Көркейтіп елін қазақтың

Көрсетпей өмір азабын.


Қазақ елі – Қазақстан

Болашаққа үн қосқан

Жақсы күнге жетелеп

Елбасым менің – Нұрсұлтан


Жасай бер Қазағым!

Жасай бер Елбасым!


Елімнің елбасшысы

Нұрсұлтан атамыз аман болсын!


Қуат алған өзінен

Туған елдің ұлымын

Бақытты етіп өсірген

Отанымның гүлімін.


Тәрбиеші: Балалардың орындауында Вальс биі.

Тәрбиеші: Балалардың орындауында « Нұр аға» әні.

Тәрбиеші:
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын. Деп бүгінгі тұңғыш президент күніне арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2020
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі