Республика күні – Ұлттық мереке
Тақырыбы: "Менің елім-Қазақстаным"
Тәрбие сағатының мақсаты:
Республика күнінің мәні мен маңызын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру ,Тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.Тәрбие сағаты ҚР әнұранымен басталып,студенттеріміз Алаш зиялыларының образдарына еніп, жыр шумақтары айтылып, мың бұралған ару қыздарымыздың биіне ұласты.
Республика күні - бұл күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Он үш жылдан кейін қайта оралған мереке бүгінгі күн барша қазақ елі үшін қуанышты жайт.
Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн.
Елім деп еңіреп,жұртым деп жамырап, жан қиған қазағымыз ежелден еркіндік аңсаған.Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан зор. Жазық далаға ел жүрегі –Астана қаласын салып, оны әлем жұрты танытты. Тарихымыз шежіреге толы, байлығымыз жер астында,қазақтың байтақ даласын да Менделеев кестесінің 99 элементтері орналасқан. Ауыз толтырып айтатындай біздің байлығымызға бүкіл әлем қызығады әрі көз тігеді.Қазір жерімізде ынтымағы жарасқан өзге ұлт өкілдері тұрады.Дүниежүзі елдерімен достығымызды жарасқан, бірлігіміз біте қайнасқан. Құшағымыз қай кезде де айқара ашық,шекара сыртында шетел асып жүрген өз қандастарымызды да сыртқа теппей, бәрін де жылы қарсы аламыз.Қазақтың кең байтақ жері –қандай кең болса, көңілі де –дархан даланың кеңдігіндей!Өзге елдің озық тұсымыз да осы болып тұр.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып алға шыққан кейін, өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бекітілді.Осы қасиетті белгілердің мәнін,Республика мерекесін бүгінгі және болашақ ұрпақ жіті түсініп, бағалай білуі қажет.Бұрынғы тарихты парақтасақ, ұғатынымыз әлі де білетініміз көп- ақ.Әйтсе де өткен күн тарих болып қалары хақ.Тек соны жас ұрпақ санасына құя біліп, дәріптесек құба-құп!
"Біртұтас тәрбие "бағдарламасы аясында "25-қазан Республика күніне" орай "Аспазшы" мамандығының білімалушылары мен Көркемөнерпаз үйірме жетекшісі Алдиярова Эльмира апайдың ұйымдастыруымен "Менің елім-Қазақстаным" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1268230617702041&set=pcb.1268230991035337


Көркемөнерпаз үйірме жетекшісі:
Алдиярова Эльмира.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің елім-Қазақстаным"
"Менің елім-Қазақстаным"
Республика күні – Ұлттық мереке
Тақырыбы: "Менің елім-Қазақстаным"
Тәрбие сағатының мақсаты:
Республика күнінің мәні мен маңызын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру ,Тәуелсіздік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.Тәрбие сағаты ҚР әнұранымен басталып,студенттеріміз Алаш зиялыларының образдарына еніп, жыр шумақтары айтылып, мың бұралған ару қыздарымыздың биіне ұласты.
Республика күні - бұл күнді сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсап, найзаның ұшымен, білектің күшімен тәуелсіздікке қол жеткізді. Он үш жылдан кейін қайта оралған мереке бүгінгі күн барша қазақ елі үшін қуанышты жайт.
Республика күні –нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн.
Елім деп еңіреп,жұртым деп жамырап, жан қиған қазағымыз ежелден еркіндік аңсаған.Сондықтан қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан зор. Жазық далаға ел жүрегі –Астана қаласын салып, оны әлем жұрты танытты. Тарихымыз шежіреге толы, байлығымыз жер астында,қазақтың байтақ даласын да Менделеев кестесінің 99 элементтері орналасқан. Ауыз толтырып айтатындай біздің байлығымызға бүкіл әлем қызығады әрі көз тігеді.Қазір жерімізде ынтымағы жарасқан өзге ұлт өкілдері тұрады.Дүниежүзі елдерімен достығымызды жарасқан, бірлігіміз біте қайнасқан. Құшағымыз қай кезде де айқара ашық,шекара сыртында шетел асып жүрген өз қандастарымызды да сыртқа теппей, бәрін де жылы қарсы аламыз.Қазақтың кең байтақ жері –қандай кең болса, көңілі де –дархан даланың кеңдігіндей!Өзге елдің озық тұсымыз да осы болып тұр.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып алға шыққан кейін, өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бекітілді.Осы қасиетті белгілердің мәнін,Республика мерекесін бүгінгі және болашақ ұрпақ жіті түсініп, бағалай білуі қажет.Бұрынғы тарихты парақтасақ, ұғатынымыз әлі де білетініміз көп- ақ.Әйтсе де өткен күн тарих болып қалары хақ.Тек соны жас ұрпақ санасына құя біліп, дәріптесек құба-құп!
"Біртұтас тәрбие "бағдарламасы аясында "25-қазан Республика күніне" орай "Аспазшы" мамандығының білімалушылары мен Көркемөнерпаз үйірме жетекшісі Алдиярова Эльмира апайдың ұйымдастыруымен "Менің елім-Қазақстаным" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Әлеуметтік желідегі сілтемесі:
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1268230617702041&set=pcb.1268230991035337


Көркемөнерпаз үйірме жетекшісі:
Алдиярова Эльмира.
шағым қалдыра аласыз













