Материалдар / «Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім» (эссе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім» (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайдаңызға жарасын,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2023
306
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім» (эссе)

Математиканы білмейінше, қазіргі техника негіздерін де, ғалымдардың табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды қалай зерттейтінін де түсіну мүмкін емес.

А.Н.Колмогоров

Менің өмірімдегі бақытым-жүрек қалауымен ұстаз болуым. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылу, әр білім алушының бойынан жақсылық тауып, білімін нығайту арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным мұғалімде болмаса, ол жай ғана мұғалім атын жамылып жүргендер деп ойлаймын. Білім беріп жүрген ұзтаздардың ішінде математика мен информатика пәндері мұғалімдерінің жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа ғылым мен техниканың, қоғамды дамытушы ғылым-математика мен информатиканы оқыту зор міндет. Осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға-ұстаз. Ұстаз ол – адам бағдарын жасаушы.

Математиканы оқыту әдістемесі- педагогика ғылымының бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді.

Математиканы оқу - түсіну ойлануды көп қажет етуіне байланысты оқушылардың бүкіл сабақ барысында оқылатын материалға қызығушылығын және сабаққа белсенділігін арттыру мәселесін ескеру керек. Осыған байланысты оқушылардың ойын пысықтау, білімдерін өз бетімен толықтыру үшін оқытудың және сондай-ақ әдістемелік қабылдаулардың жаңа тиімді әдістерін іздеу қажеттілігі туады. Математиканы оқытуда жаңа әдістемелерді, жаңа ақпараттық технологияны енгізу, креативтік әдістемелер мен интерактивтік тәсілдерді пайдалануды талап етеді. Оқушылардың математикаға қызығушылық танытуы сабақ берудегі әдістемелерге және қаншалықты оқу жұмысының дұрыс құрастырылуына тікелей тәуелді болады.

Оқушыларды математика пәніне қызығушылығын арттыру негізінде олардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру арқылы базалық бағдарламаларды игеруі мен өзіндік дамуға бағытталуы математикадан білім берудің негізі болып табылады. Бұл өз кезегінде жаңа ақпараттық технологиялар мен әдістемелік құрылымдарға сүйенеді, осының көмегімен математикалық ойлауды қалыптастыру, математикалық логикалық бағытты қалыптастыру, дарынды оқушыларды тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету, математикалық дүние танымды қалыптастыру, математиканы ұнатпайтын оқушыларды математикаға қызықтыру, оқушылардың жалпы білімдік сапасы жоғарылату. т.б

Білім беру жүйесін тез қарқынмен ақпараттандыру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі:

  • сабақтарды өткізуде әртүрлі жаңа ақпараттық технологияны қолдану керек;

  • жобалау және зерттеу жұмыстарын орындауда оқушылардың жеке творчестволық қабілеттілігін және танымдық белсенділігін жетілдіру керек;

  • оқушылардың өзі бетінше жұмыстану және шығармашылық қабілетін тәрбиелеу керек;

  • ақпараттық технологияны оқыту нәтижесінде сапаны бақылау және бағалау құралы ретінде қолдану керек;

  • оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру керек;

  • оқушылардың басқа пәндерді оқытуда да компьютерді қолдануға үйрету керек.

Білім беруді ақпараттандыру – оқытушылар мен оқушыларға қатысты кешенді, еңбекті қажет ететін күрделі, көп жоспарлы үрдіс.

Ақпараттық технологиялар қоғамның ажырамас бөлігі бола бастады және бүтін білім беру жүйесінде ықпалы үлкен болып тұр. Оларды білім беру үрдісінде қолдану сабақтар өткізуде мынадай мүмкіндіктер береді:

  • жоғары эстетикалық және қызу деңгейде (музыка, анимация);

  • көрнекілікті қамтамасыз етеді;

  • дидактикалық материалдардың көптігі тартымдылық танытады;

  • сабақта атқарылатын жұмыстардың көлемі жоғарылайды;

  • саралаудың биік дәрежесі қамтамасыз етіледі (әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды пайдаланып оқушыны жеке тұрғыда оқыту) .

Математиканы оқып үйренуде ақпараттық технологияларды қолданудың өзі барлық жағынан ақтап жатыр:

  • білім беру сапасы жоғарылады;

  • оқушыларды жан-жақты, әсіресе ойлау қабілетін дамытады;

  • қиындықтарды жеңуге, қуана білуге көмектеседі;

  • оқу үрдісінде «оқытушы – оқушылар» және олардың бірігіп жұмыс жасауда жақсы түсінісу үшін қолайлы шарттар туғызылады.

Осы технологияны қолдану барысында мынадай жағдайлар туындайды:

  • оқушылардың дүние танымдық қызметтері артады;

  • ойлау және математикалық логикаларды дамытады;

  • оқушылардың іздену және зерттеу кезіндегі ойлағыштық қызметтерін арттырады.

Сондықтан, осы аталған тұжырымдамалар бiлiм беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға рұқсат бередi. Ғылымда жеңіл жол жоқ. Сондықтан математиканы оқу үшін, барлық қажетті мүмкіндіктерді қолдануы қажет.

Жүргізілген зерттеулер бойынша, оқушы жадында: естіген материалдардың -25%, көрген -33%, көрген және естіген -50%, ал егер оқыту барысында белсенді қатысқандардың - 75% материал қалады екен.

Компьютердің көмегімен шешуге болатын әдістемелік және педагогикалық есептердің аумағы кең. Компьютермен білімді тексеруге және бағалауға, есептеулерге, калькуляторға, бөлшектерді пішіндеуге қолдануға болады. Компьютерді қолдану оларға өте ыңғайлы, өзі үшін материалды бірнеше рет қайталай алады және оны меңгеру дәрежесін тексере алады. Қазіргі бейне - техниканың көмегімен түстің, кестенің, мультипликацияның, дыбыстың, барлығын пайдаланып, объектіні нақтылауға мүмкіндік береді.

Компьютерді математика сабағында пайдаланудың мынадай міндеттерін бөліп айтуға болады:

  • оқыту үрдісінде кері байланысты қамтамасыз ету;

  • даралап оқыту жүйесін жүзеге асыру;

  • компьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, жаңа сабақты түрлендірудің көрнекілігін арттыру;

  • қажетті ақпаратты іздеуге байланысты тапсырмалар.

Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін математика сабағын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады. Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар т.б. жатқызуға болады. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады. Жаңа акпараттық технология құралдарын математика пәніне пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Математика сабағында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың екі бағытын айқындауға болады.

1. Жаңа тақырыпты өту барысында формулалар, дәлелдеулер, кейбір есептерді «кілт» ретінде шығару жолдарын, сызбаларды, графиктерді слайдқа жазып көрсету уақытты үнемдесе, әр оқушының қызығушылығын арттырады.

2. Орындалған тапсырманың дұрыстығын оқушылар өздері компьютер арқылы тексереді.

Математика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Математика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Әр сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойына төмендегі қабілеттерді дамытуды керек:

  • Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

  • Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;

  • Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;

  • Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;

  • Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысында интерактивті тақтаны қолдануда сабақтың тиімділігі артады. Әртүрлі сызбаларды көрсетуде мысалы – «Логарифмдік функцияның қасиеттері» тақырыбында көрсеткіштік және логарифмдік функциялар графиктері түрлі-түрлі сиямен ерекшелеп көрсетумен қатар, сызғыш, транспортир, қажетті кескін суреттерді тез тауып сызып қолдануға болады.

Математика пәнін оқытуда әсіресе оқушылар координаталық жазықтық, график, функция тақырыптарын компьютерлік бағдарламалар арқылы меңгергенде жоғары белсенділік, қызығушылық танытады. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

Ұстаз - қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, бір уақытта педагог-психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.

Білім теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Ұстаз білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан өз жұмысымызда сабақты жандандырудың әдіс – тәсілдерін іздестіруге, бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды міндет етіп қойдық.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!