|
Сабақтың
басы
|
Оқушылармен
амандасу.
Сабаққа қажетті көңіл-күй
қалыптастыру.
Сабақтың тақырыбын хабарлау:
"Бүгін біз ертеңгі күн туралы, болашақ жоспарларымыз туралы
сөйлесеміз".
"Ертеңгі күн" дегеніміз не?
Оқушыларға қысқаша түсіндірме:
Ертеңгі күн – біздің
болашағымыз.
Болашақ дегеніміз – алдағы
уақытта қол жеткізгіміз келетін
арман-мақсаттарымыз.
Әр
адамның болашаққа жоспары мен арманы болуы керек.
Сұрақ-жауап
бөлімі:
Сен
болашақта кім болғың келеді?
Болашақта қандай мамандық иесі болуды
армандайсың?
Арманыңды жүзеге асыру үшін қандай қадамдар
жасайсың?
|
Арман мен мақсаттың айырмашылығы (10-15
минут):
Арман мен мақсат арасындағы айырмашылықты
түсіндіру.
Мысалдар келтіру: «Арман – ұшқыр қиял, ал мақсат
– нақты қадамдармен жүзеге асатын нәрсе.»
Оқушыларға өз армандарын жазуға немесе сурет
салуға ұсыныс жасау. Мысалы, «Сіз болашақта кім болғыңыз
келеді?»
|
|
презентация
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Оқушыларға бір парақ қағаз
беріп, "Менің болашақ арманым" тақырыбында сурет салуды немесе
қысқаша мәтін жазуды ұсыныңыз. Мысалы, болашақта қандай
жетістіктерге жеткісі келетіні туралы жазып, оны ортада оқытып,
бөлісуге болады.
Балаларға мақсат қоюдың
маңызды екенін түсіндіріп, әр адамның өмірінде маңызды мақсаттар
болу керек екенін айтыңыз. Оқушыларға:
"Бір жылдан кейін не істегің
келеді?"
"Бес жылдан кейін не
істейсің?" деген сұрақтар қойыңыз.
|
Оқушыларды 3-4 адамнан
топтарға бөлу.
Әр топқа «Мен болашақта кім
болғым келеді?» деген сұрақты талқылап, оны жүзеге асыру үшін
қандай қадамдар жасау қажет екенін
айқындау.
Оқушылардың өз
армандарын жазып, оларды топ алдында
қорғауы.
|
|
Интербелсенді тақта/
компьютер
|
|
Сабақтың
соңы
|
Ойын: "Ертеңгі күнге
хат":
Оқушыларға болашаққа хат жазу
ұсынылады. Олар ертеңгі күнге, яғни бірнеше жыл кейінгі өздеріне
хат жазады. Бұл хатта қандай адам болғысы келетіні, қандай
жетістіктерге жетуді армандайтыны жазылады. Оны мұғалім жинап,
болашақта бір уақытта оқып, талқылау үшін сақтап
қояды.
Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың жауаптарына қарап, олардың болашаққа деген көзқарасын
талқылау.
Тәрбие сағатын
аяқтау:
"Ертеңіміз бүгіннен басталады,
сондықтан бүгінгі күннен бастап болашағымызға қадам
жасайық!"
-
Қағаз, түрлі-түсті қарындаштар
немесе маркерлер.
-
Оқушылардың мақсаттарын жазу
үшін қажетті дәптер немесе парақтар.
|
Әңгіме және пікірталас (10
минут):
Оқушылармен бірге болашақтағы
жетістіктерге жетудің жолдары туралы әңгіме
жүргізу.
Олардың армандарына қол
жеткізу үшін еңбек ету мен өзіне сенудің маңыздылығын
түсіндіру.
|
|
презентация
|
|
Қауіпсіздік
сабағы
|
Сабақтың мақсаты: балаларға ғаламтордан қауіпсіз ойындарды таңдауды
үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату
(1-2 мин).
2. Мақсат
қою. Тақырыпты анықтау.
-
Неге біз түрлі
қауіп-қатерлер туралы оқып үйренеміз?
-
Адам өмірі мен
денсаулығы – ең қымбат нәрсе. Сенің денің сау болса, бақытты өмір
сүруге мүмкіндігің мол.
3. Білімді
өзектендіру. Өткенді қайталау
4. Негізгі
бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут)
- Бүгін мен сендерге ғаламтордағы қауіпті ойындар туралы айтқым
келеді. Сендерді дені сау, бақытты өмір сүру үшін бұл ойындардан
аулақ болуға шақырамын.
Педагог ұсынған мәліметтермен танысу
-
Қайғылы жағдайға
әкелетін ойындармен ойнаудың қауіптілігін балалар көбінесе
түсінбейді. Олар өздерінің «мықтылығын», «батылдығын» дәлелдеу үшін
ойнаймын деп ойлайды.
-
«Тұз немесе мұз», «Соль
или лед». Қолына тұз сеуіп, мұзбен жабады. Тұз теріні коррозияға
ұшыратады. Олар оған кім ұзақ шыдай алатынын көру үшін ойнайды.
-
«Ересекше өртеу»,
«Зажечь не по-детски». Бұл қорқынышты ойын АҚШ пен Еуропадан
басталып, бізге де жетті. Жасөспірімдер өздерін, киімдерін немесе
әлсіз, кіші баланы өртеп жібереді.
-
«Бір күнге жоғалып кет»,
«Исчезни на сутки». Жасөспірімдер, әдетте, әлеуметтік желілерде,
бірақ кейде бетпе-бет келіп, 24 сағат бойы ешкімге ескертпестен,
өздерімен тамақ алмастан үйден кету.
-
Бекіту
-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
-Не айтар едіңдер?
-Қандай қорытынды шығарамыз?
-
Қорытынды
Егер сіз өзіңізді ерік-жігер, батылдық және т.б. сынағыңыз келсе,
спорт секцияларына жазылуыңыз керек. Бұл нағыз жаттықтырушылар мен
шынайы дос табатын өте қызықты секциялар, бұл денсаулыққа пайда
әкеледі. Рефлексия (2минут)
Ғаламтордағы қауіпті ойындар мен олармен қалай күресуге болатыны
туралы досыңа әңгімелеп бер. Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=u3PvSbPiNvo&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-
IEuEG9KjOrJzvPM&index=8
|
|
|
|