400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің ертеңім тәрбие сағаты Қауіпсіздік сабағы № Үйдегі ойындар қауіпсіздік шараларын сақтаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ертеңім тәрбие сағаты Қауіпсіздік сабағы № Үйдегі ойындар қауіпсіздік шараларын сақтаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:

27.01.2025

Сынып: сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Менің ертеңім...

Құндылықты дарыту

Балаларды болашаққа деген оң көзқарас қалыптастыруға үйрету.

Мақсат қою және оған жетудің қадамдарын түсіндіру.

Армандарды жүзеге асыру жолдары туралы ой қозғау.

Қауіпсіздік сабағы

Үйдегі ойындар қауіпсіздік шараларын сақтаймыз

Мақсаты



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу.

Сабаққа қажетті көңіл-күй қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбын хабарлау: "Бүгін біз ертеңгі күн туралы, болашақ жоспарларымыз туралы сөйлесеміз".

"Ертеңгі күн" дегеніміз не? Оқушыларға қысқаша түсіндірме:

Ертеңгі күн – біздің болашағымыз.

Болашақ дегеніміз – алдағы уақытта қол жеткізгіміз келетін арман-мақсаттарымыз.

Әр адамның болашаққа жоспары мен арманы болуы керек.

Сұрақ-жауап бөлімі:

Сен болашақта кім болғың келеді?

Болашақта қандай мамандық иесі болуды армандайсың?

Арманыңды жүзеге асыру үшін қандай қадамдар жасайсың?

Арман мен мақсаттың айырмашылығы (10-15 минут):

Арман мен мақсат арасындағы айырмашылықты түсіндіру.

Мысалдар келтіру: «Арман – ұшқыр қиял, ал мақсат – нақты қадамдармен жүзеге асатын нәрсе.»

Оқушыларға өз армандарын жазуға немесе сурет салуға ұсыныс жасау. Мысалы, «Сіз болашақта кім болғыңыз келеді?»



презентация

Сабақтың ортасы

Оқушыларға бір парақ қағаз беріп, "Менің болашақ арманым" тақырыбында сурет салуды немесе қысқаша мәтін жазуды ұсыныңыз. Мысалы, болашақта қандай жетістіктерге жеткісі келетіні туралы жазып, оны ортада оқытып, бөлісуге болады.

Балаларға мақсат қоюдың маңызды екенін түсіндіріп, әр адамның өмірінде маңызды мақсаттар болу керек екенін айтыңыз. Оқушыларға:

"Бір жылдан кейін не істегің келеді?"

"Бес жылдан кейін не істейсің?" деген сұрақтар қойыңыз.


Оқушыларды 3-4 адамнан топтарға бөлу.

Әр топқа «Мен болашақта кім болғым келеді?» деген сұрақты талқылап, оны жүзеге асыру үшін қандай қадамдар жасау қажет екенін айқындау.

Оқушылардың өз армандарын жазып, оларды топ алдында қорғауы.


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы


Әңгіме және пікірталас (10 минут):

Оқушылармен бірге болашақтағы жетістіктерге жетудің жолдары туралы әңгіме жүргізу.

Олардың армандарына қол жеткізу үшін еңбек ету мен өзіне сенудің маңыздылығын түсіндіру.


презентация

Қауіпсіздік сабағы

Сабақтың мақсаты: компьютерлік ойындардың зиянды әсерлерімен таныстыру, компьютерге тәуелділік туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).

2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.

-Тақтаға мұқият қарайық! Суреттен не көріп тұрсыздар?

  • Ғаламтор не себепті қауіпті болуы мүмкін?

  • Осындай мәселе сендерде бар ма?

  • Сондықтан бүгін сіздермен компьютерлік ойындарға тәуелді болу мәселесі туралы сөйлесеміз.

3. Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау

- Компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына еніп болды. Олар жұмыста да, үйде де мектепте де, балабақшада да тұр. Бір жағынан компьютер біздің жұмысымызды жеңілдетсе, екінші жағынан, балалар компьютерлік ойындармен айналысады да, оған тәуелділік пайда болады.

4. Сабақтың негізгі бөлімі

  1. Адамның компьютер алдында уақыт өткізуге, компьютермен ойын ойнауға деген құмарлығын компьютерлік тәуелділік деп атайды. Ойынға құштарлық – компьютерге тәуелділіктің бір түрі.

  2. Ойынға тәуелділік (кибераддикция) компьютерлік ойындарға әуестену, рольдік емес ойындарға беріліп кету (басқатырғыштар).

  3. Балалар компьютер мониторы алдында ұзақ уақыт отыра береді. Олар тамақтануды, тіпті ұйқыны да ұмытып кетеді.

4.Баланың ойынға тәуелді екенін қалай аңғаруға болады?

Балалар кітап оқымайды. Үйдегі міндеттерін ұмытады, жеке бас гигиенасын сақтамайды. Олар физикалық тұрғыда белсенді емес, таза ауада серуен, ойын дегенді ұмытады.

5. Компьютерде отыру мөлшері 7-8 жасар балалар үшін күніне 30-40 минут, аптасына 2-3 рет.

5. Сабақты бекіту. «Бағдаршам» әдісі

Балалар өздерінің жұмыс орындарына барады.

Педагог тезисті біртіндеп оқиды. Балалар тезиспен келіссе, жасыл карточканы – келіспегендер, қызыл карточканы – келіскендер, күмәнділер – сары карточканы көтереді.

Егер тезисті талқылау қажет болса, онда қатысушылар өздерінің пікірлерін дәлелдейді.

Тезистер:

Компьютерлік тәуелділіктің бала денсаулығына тигізетін қауіптері:

  • семіздік, өйткені қозғалыс аз. жүрмейді, ойнамайды, асқа тәбеті болмайды; ➢ иммунитет әлсірейді, демек, суық тию, жұқпалы ауруларды тез қабылдайды;

  • есте сақтауы, зейіннің шоғырлану қабілеті төмендейді де, оқуына қиындық келтіреді.

  • ұйқысыздық; ➢ аутизм.

6.Қорытынды. Рефлексия

Оқушылар «Плюс-минус-қызықты» кестесін толтырады.

+

-

қызықты

Пайдалы сілтеме:

https://youtu.be/34qqqO1eH9M?si=CBBwZ_j2IOfvMVdh









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
226
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі