400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Менің жанұям – менің мемлекетім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесіне байланысты тәрбие сағаты.Сабақ барысында миға шабуыл, туыстық атаулардың мағынасын ашу, смайликтер арқылы мақал- мәтелдерді табу атты тапсырмалар берілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің жанұям – менің мемлекетім»

Мақсаты:Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан- жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата- анасын, жора- жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.

Әдісі: Сұрақ- жауап, пікір алысу, өз ойын ортаға сала білу

Тәрбиеші сөзі:

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Интернат оқушыларына ұйымдастырылған «Менің жанұям - менің мемлекетім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор.

1.Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы ой қозғаймыз.

«Отбасы құндылықтары» мағынасын ашады

«Отбасы қарым-қатынасы» мағынасын ашады.

2. Туыстық қарым- қарым қатынас атаулары. Оқушыларды туыстық қарым –қатынастар туралы сұрақтар қойылады.

1. Үлкен әпкесінің күйеуі... (жезде)

2. Күйеу мен қалыңдықтың шешелері және әжелері бір-біріне кім болады? (құдағай)

3.Туған кезде кіндігін кескен әйел. (кіндік шнше)

4. Жиеншар деген кім ?(жиен шар).

5.Ұзатылған қыздан туған бала (жиен)

6.Күйеуге атастырып қойған қыз (қалындық)

7.Әйел адамдардың жасы кіші туыстары (балдыз)

8.Бір адамның және ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар. (бажа)

3. Мақалды смайликтер арқылы тап.Экранда жасырылған смайликтерден оқушылар мақалдарды табуы керек.

1. Отан үшін отқа түс күмейсің Арың үшін алыссаң өлмейсің.

2. Нан бар жерде ән бар.

3. Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп.

4. Бала тілі бал.

5. Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді.

6. Гүл өссе жердің көркі,қыз өссе елдің көркі.

7. Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

8. Ойыннан от шығады

9. Шешесін көріп қызын ал

10. Анаңды Меккеге үщ арқалап апарсаңда парызынан құтылмайсың

11. Ас адамның арқауы

12. Ас атасы нан

13. Көз қорқан қол батыр

14. Үйлену оңай, үй болу қиын

15. Сегіз қырлы ,бір сырлы

16. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

17. Айтылған сөз, атылған оқ.

18. Ауызы күйген үрлеп ішеді.

19. Екі қошқардың басы ,бір қазанға сыймас.

20. Соңғы түйенің жүгі ауыр.

21. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.

«Жарайсыздар оқушылар» бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе «жанұя» тренингін орындаймыз «Жанұя неден құралады?» деген сұраққа өз ойларыңызды , алдарыңызда берілген үшбұрышты қағазға жазып, сол ұшбұрыштардан үй құрастырыңыздар.(оқушылар қағазға бірлік, татулық, қамқорлық, сыйластық деп түрлі өз ойларың жазып үй құрайды)

Адам баласы бақытты болуы үшін он екі мүшесі сау болып, өмірдегі бар жақсылықты бойына жинап, білім алу керек. Бұған аяулы ата-анасы, қоғам көмектеседі.Осы жасалған жағдайды пайдаланып өмірден өз орнымызды табуға міндеттіміз.Оқушылар ендігі орында интернат сіздердің екінші үйлеріңіз сондықтан оны біздер таза ұстап, бір-бірімізбен сыйластықта, бір- бірмізге әрдайым көмек қолын созып отбасымыздай бәріміз тату болуымыз керек. Бүгінгі тәрбие сабағымызда өз мәресіне жетті. Сабағымызға белсенді қатысқан оқушыларымызға рахмет. Сау болыңыздар





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі