Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Менің жанұям- менің қорғаным, 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Орал-2014
Класы |
|
Уақыты: |
|
Іс-шараның тақырыбы: |
«Менің жанұям - менің қорғаным». |
Құзіреттілікке жеткізетін тәрбиелік шараның мақсат-міндеті: |
Ата-аналар мен оқушылардың қарым-қатынас өрісін дамытып, қарым-қатынас қасиеттерін қалыптастыру, ата-анаға деген сезімдерін жеткізе білуге, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу. |
Іс-шараның түрі: |
|
Іс-шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар: |
Дамыта оқыту, АКТ, сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы |
Іс-шараның әдісі: |
Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс |
Пәнаралық байланыс: |
Тарих, әдебиет |
Оқыту құралдары: |
Компьютер, проектор |
Іс-шараның жоспары:
Іс-шараның барысы |
Оқытушының қызметі |
Оқушының қызметі |
Күтілетін нәтиже |
I. Ұйымдастыру |
Мұғалім: Бүгін біз «Менің жанұям - менің қорғаным » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. |
Амандасып отыру, тыныштық сақтау, іс-шараға қатысатын топтар дайындалады. Шараның мақсат-міндеттерімен танысады; көңіл-күйі көтеріңкі болады. |
Шараның тақырыбымен, мақсатымен танысып, білімдерін кеңейтеді. Іс-шараға әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады. |
II.Негізгі бөлім |
Тақырыпты ашу сұрақтары: 1. Балдан тәтті не? ( бала) 2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл) 3. Балаға кім сыншы? (ата) 4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра) 5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана) Мұғалім: Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Адамға есімді ата - анасы белгілі бір мағынада немесе үміт арта отырып қояды.Оқушылар мына сұрақтарға жауап беріңдерші - Есімің кім? - Қандай мағына береді?- Есіміңді кім қойды?- Өз есімің өзіңе ұнай ма?- Есіміңді өзгерткің келе ме?Мұғалім: Нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады. Ал ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында мынандай бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды қызы Ақұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған: …Ертеде сұлу қызға болған ғашық Ананың әлпештеген жалғыз ұлы. Қыз атын айтса, ауыздан зар шығыпты, Құс жастық аққан жасқа малшыныпты. Дертіне сағыныштың шыдай алмай, Жас жігіт құр сүлде боп таусылыпт Қинады қыздың шарты, бөлек екен О, сұлу неткен қатал керемет ең?! «Анаңның жүрегін ап келген күні Мен саған жар боламын»,- деген екен Сол қызға есі ауған жігіт мүлде, Бүк түсіп жата алмады құрып күнде. Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың Жүрегін жұлып алды тұрып түнде. Сүюдің серті ме еді соның бәрі, Ол, міне, қыздың шартын орындады. Сүрініп кетсе жігіт келе жатып, Жүрегі түсіп кеткен қолындағы Ананың кезі бар ма кекті болған, Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. Ұмтылса топырақта жатқан жүрек: «Құлыным, байқасаңшы», - депті оған… Бұл – ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді көңілсіз мысал. Мұғалім: Оқушылар "Өз жұлдызыңды табыңыз" деген жаттығуды бәріміз бірге және мұқият орындайық. Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз. Мұғалім: Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз. Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет! Мұғалім: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір - қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Оқушылар ата - анамыздың көңіл - күйі жақсы болуы үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар? Мұғалім: Дұрыс - ақ оқушылар. Ендеше бір бетке өздеріңнің жанұяларың туралы және өздеріңнің үйде ата - анаға қалай көмектесетіндеріңді 5-6 сөйлемнен тұратын шығарма етіп жаза қойыңыздаршы. (Оқушылар жазған шығармаларын оқиды) Енді оқушылар тақтадағы нақыл сөздерді оқып мағынасын ашайық. 1. «Сүтпен біткен, сүйекпен кетеді» 2. «Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік»3. «Әкеге қарап ұл өседі,Анаға қарап қыз өседі»4. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" Мұғалім: Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді. Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке – оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі. Оқушылар қазір сендердің мақал - мәтелді қаншалықты жетік білетіндеріңді тексеріп көрейік. Мен сендерге мақалдың бір жолын айтам сендер жалғасын табасыңдар ендеше мұқият тыңдайық.
Мұғалім: Жарайсыздар оқушылар. Сабақтың басында өткізген «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуына қайта оралайық.- Міне, қоштасатын да сәт жетті. Дегенмен, біздің сабақ бойы жарық беріп тұрған жұлдыздарымыз қалды. Олар біздің энергиямызбен, мейірімізбен, ертеңгі күні үмітімізбен жетістіктерімізбен толы. Олар - сендерсіңдер балалар. Сондықтан ата-аналарыңның сендерге деген үміттерін сөндіріп алмаңдар! |
Оқушылар сауалдарға жауап беріп, өз ойларын айтады.Аманжан неліктен шаңырақ иесі кенже ұл болып қалатынын түсіндірді. Аманжанның берген жауаптары: - менің есімім отбасымыз аман болсын деген мағынаны береді.Менің есімімді ағам қойған.Маған өз есімім ұнайды. Аяулым: - Менің атымды анам қойған. Менің есімімді аяулы,мейірімді болсын деген мағынада қойған.Маған өз есімім ұнайды. Батыр: - Менің атымды батыр, ержүрек болсын деп қойған. Менің атымды қоюға аян берген.Маған өз есімім ұнайды және ауыстырғым келмейді. а) оқушылар алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап аладыә) жұлдыздарға өз есімдерін жазадыб) тақтаға іледі 1 оқушы: Атам менің әманда Әдепті жан бол деген Ата сөзі санамда – Жасы үлкенге жол берем . Алдын орап кісінің Кесіп өтпей көлденең , Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем . 2 оқушы: Алдымыздан кезіккен , Көп танысты көреміз . Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз.
Ұл – қыз сәлем береміз , Өнегелі ұланбыз . 1 оқушы .Ата – анамыздың көңіл күйі жақсы болсын десек, үй - ішін жинақы, таза ұстауымыз керек .Бөлмені жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет . 2 оқушы .Тамақ ішіп болған соң үлкендердің ескертуінсіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн . «Табағы таза адамның тамағы да таза» дегенді ұмытпайық. 3 оқушы: Сабағымызды жақсы оқып, күнде 5 тік баға алып, киімімізді кірлетпей тап- таза болып жүруіміз керек. Айдос: Балаға кішкентайынан берген тәрбиесі өскенде де солай қалыптасып кетеді. Аделья: Егер бала жақсы болса ата - анасы оған қуанады, мақтан тұтады, ал егер баласы жаман болса онда бірден - бір жаман атақ ата -анасына келіп тиеді. Бексұлтан: Ер бала әкесінен көргенін жасап, ал қыз бала анасынан көргенін жасап үйренеді. Дана: Бала отбасында қандай тәрбие алса сол өн бойына дариды. Оқушылар мақалдардың жалғасын тапты. Оқушылар сабақтың аяғында өз ойларын ашық әрі тиянақты жеткізді. |
Оқушылар отбасы құрамының кімдерден тұратынын және сол шаңырақта кімнің қандай маңызы бар екенін талқылады. Сұрақ бойынша пікір алмасады. Әр сұрақ ортада талқыланады, түрлі ой-пікірлермен толықтыруға бағытталады. Оқушыларда өзіндік пікір бекітіледі.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |