Материалдар / Менің кәсіби ұстанымым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің кәсіби ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін қашықтан оқытудың қиындықтары туралы жазылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2021
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің кәсіби ұстанымым

«№3 Баянды орта мектебі» КММ-сінің мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі: Ағатаева Бағдагүл Темірбердіқызы


Кезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі –бүгінгі жас ұрпақтың қолында,  ал ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,-деген еді.

Сол айтқандай, шәкірттерімнің әрқайсысының қоғамдағы орнын адаспай табуына көмегіміз тиіп жатса, менің арманымның орындалғаны.

«Мұғалім-ұлағатты тұлға» деген оймен тәрбиеленген анам Ақкүміс Сенбайқызы Дүйсенбаева да өз еңбек жолында сыйлы да ардақты ұстаздың бірі болды. Соның тәрбиесін басқұжат ретінде ұстап келемін. Одан бері, 2014 жылы Баянды аулындағы «Айналайын» балабақшасынан, Орал Тоқсанбайқызының білім мен тәртіп жөніндегі бізге қоятын талабымен жетіліп келемін деп айта аламын.

2017 жылдан бастап, Баянды аулындағы 3-мектепте, биыл төртінші жыл мектепке дейінгі дайындық сыныбында, 2-санаттағы мұғалім қызметін атқарып келемін.

Бүгінгі таңда, мұғалім немесе тәрбиеші қандай болуы керек?

Бұл-ауқымды мәселе. Қойылған талаптарға сай болу мақсатында, өз шеберлігімді дамыту жолындамын. Тәрбиешінің жауапкершілігі маған жалықпастан ізденіп, тынбай еңбек етуіме шабыт беріп, жұмысқа деген құлшынысымды арттырады. Мұғалім алдымен, өзін танып алуы керек. Сонда өзгені де тани алатынына сенімдімін. Әр сабағымның басын оқушының көңіл-күйіне сай, таңғы жаттығу, шаттық шеңберімен бастаймын. Оның көңілін тапқанда ғана, оларды үйренуге шақыра аласың. Баланың жанын түсіне алсаң ғана, баланың апайына деген махабатына жетесің.

Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың тілінің дамуына, ақыл-ойына, жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың қабылдауына да жеңіл болады. Баланың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында, танымдық шаралар, ойын арқылы және ертегілерден көрініс ұйымдастырылып тұрғаны өте пайдалы. Себебі бала рөлде өзі ойнаса, сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиеттерді бойына сіңіреді. Оны тізіп айтудан гөрі, іспен көрсету ұтымды әдіс. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісін балалар айта салғаннан гөрі рөлге бөлініп ойнаса...

Баланың толыққанды тұлға болып қалыптасуына тәрбиешінің берері мен үйретері мол. Бір-біріне жанашыр, достарына мейрімділікпен қараған шәкірттеріңді көргенде, оқушыларымнан, ата-аналарымнан алғыс, батасын естіген уақытта менен бақытты адам болмайтын тәрізді. Сол кезде өзімнің мұғалімдік жолды таңдағаныма қуанам. Дегенмен «Бейнет түбі-зейнет» демейтін бе еді? Оқушыларыммен бірге жеткен жетістіктеріміз қуантып, одан әрі жұмыс істеуге өз басымды жігерлендіреді.

2020 жылдың 16-наурызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары IV тоқсаннан және биыл 2020-2021 оқу жылында да балалар қашықтан онлайн режимінде білім алуда. Қашықтан оқыту- интернет ресурстарының көмегімен қысқа мерзімді оқу жоспарының тақырыбы бойынша материалдар әзірлеп видео-сабақтар жіберу арқылы балалар білім алуда. Әрине, дәстүрлі түрде оқығандай емес, балалардың көңіл-күйін, әсерін көрмей үйрету өте қиын. Көзбе-көз оқушыны көріп, сөзін естіп, түсінген-түсінбегенін жауабы мен әсерін тікелей сезіп тұрғанға не жетсін! Ұжымжық-топтық ойын, сюжетті-рөлді ойындардың әсерін балаларым сезінбей оқуда. Бала тақырыптың мақсатын топ-топ болып орындаса ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіну, ұжымдық ойындардың негізгі міндеттерін түсінбей білім алуда. Кері байланыс арқылы ата-аналарымның көмегімен баланың білімін барынша жетілдіруге тырысудамын.

Шынында да, бала болашағы менің қолымда. Қызығы мен қиындығы мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным емес пе?!

Қорыта келе, мекепалды даярлық тобы тәрбиесі ең озық педагог, психолог, ғалым және дарынды кісі болу керектігіне көз жеткіздім. Бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілеті мен дарынын ашар тәрбиешінің алдына қойған мақсаты мен міндеті деп түсіндім. Жақсы ұстаз болып, ізденімпаз да алғыр, ұтқыр шәкірт тәрбиелеу-ұстаздың ең биік шыңы.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға-дегендей, ұстаз- осы қасиетімен бағалы.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!