«Менің кәсіби ұстанымым»
Бала жүрегі – кішкентай күй сандық.
Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.
Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.
М.Шаханов
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын, өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол - адам бағдарын жасаушы. Егер де, Мен өмірге, қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де, ізгі жүректі адамды өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға жетелесем – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұзстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің тәрбиеленушілерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын.
Міне, осындайда «Ұстаз – ұлық емес ұлы қызмет» - деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.
Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз ол алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу.
Екіншіден ең бастысы тәрбиеші шын мәнінде баланы жан – тәнімен беріле жақсы көруі қажет. Ол үшін алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана ұстаз өз мәртебесін көтере алады.
Үшіншіден балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиетті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің болақшағын зерделі көзбен көру.
Төртінші тәрбиеші ана ретінде өз тәрбиеленушілерінің мінез - құлқын, көз – қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін еңбек түрлеріне,спорттық секцияларға және де тағы басқа үйірмелерге бейімдеу қажет.
Әрбір бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, бала пікірімен санасу және қоғамда өз көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыра білу. Осы ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет жасаудамын. Ұстаздық қызметте, өзім тәрбиелеп отырған жетім және ата – ананың қамқорынсыз қалған балалармен тікелей қарым – қатынста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Себебі мен, болашақ өмірге бағыт беруші анамын, білім нәрін сепкен ұстазбын.
Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Олақттықтың белгісі – бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу... Ұстаз әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолданыуы керек» - деп жазған еді. Әрбір оқу іс – әрекеттер тәрбиеленушілер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, тәрбиеші сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай. Әр – оқу іс – әректінің сәтті шығуы, әрине өзімізге байланысты. Шынымен де, қазіргі кезде түрлі жолдар тауып , оқыту технологиясының оқу материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді әдістері таңдалған. Бұл әдістерді жүзеге асыру тәрбиешінің тікелей шеберлігіне, ізденуіне байланысты. Осының негізінде мен үздіксіз ізденіс жасап, әр түрлі тиімді әдіс тәсілдердерді пайдаланып балалардың үй тапсырмасын орындауда білімге құштарлығын арттырып, өздігінен ойлау қабілетін жандандырып, еңбек етуге, жауапкершілік сезімін өалыптастыра отырып тәрбиелеудемін.
Бүгінгі жаҺандану заманында ұлттың бәсекеге қабілеттілігі білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына апаратын жол –білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы, басшы болары сөзсіз.
«Жас бала жас – шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» - деп М.Жұмабаев айтқандай балаларға қазірден білім нәрімен сусындатып қана қоймай, ертеңгі қоғамға бір кірпіш болып қаланатын тәрбиелі, саналы белгілі бір мамандық иесі, отбасының берекесі, мейірім шапағат көзі бола білетін азаматты тәрбиелеп шығару. Сөз соңында, шығыстың жұлдызды ғалымы адамзаттың екінші ұстазы саналған дана бабамыз Әбу – Насыр Әл –Фараби «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадынжа жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпазақыл иесі .., мейлінше шешен, өнер – білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, жақындарына да жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген екен. Бұдан артық қалай айтуға болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің кәсіби ұстанымым

шағым қалдыра аласыз