Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
ТРЕНИНГ
Тақырыбы: «Менің көңіл-күйім керемет»
Дайындаған: Рахымжанова М.Е.
2021-2022 оқу жылы
Тренинг тақырыбы: «Менің көңіл-күйім керемет»
Тренингтің мақсаты:
– өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
– ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;
– ойдың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
– қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
– өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
– комуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін
меңгеру;
– өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
– көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.
Тренингтің міндеттері:
- өзін – өзі түсіну;
- өзін – өзі реттеу;
- қарым-қатынас жағдайында басқаларды түсіну;
- қарым-қатынастың жаңа дағдыларын өз бойына қалыптастыру;
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз
бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен
қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия
сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет.
Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол
білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.Оқушылардың
интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты колледжде жұмыс істеу
барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды,
ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім
жоғары бағаланады.
Тренинг
Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген
мағынаны білдіреді.
Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа,
коммуникативті
және
кәсіби
біліктілікке
бағытталған
психотерапиялық,
психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Тренинг – жеке адам не топтың
ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы
жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру,
жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады.
Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді.
Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек.
Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.
1-жауапқа 1 ұпай, 2-жауапқа- 2 ұпай, 3-жауапқа-3 ұпай
1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;
2.Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;
3. Басқалар сізді қандай адам деп санайды?
1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;
4. Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым
үшін келіспеймін;
5. Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай
ұстайсыз?
1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп
сұраймын;
6. Егер сіздің жолдасыңыз жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
7. Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1) Алдындағы машинаны қуып жетесіз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинаны қатты жылдамдығына саламын.
8. Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті
демалу)
3) Солармен біз неге әуреленеміз;
11.Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;
3) Келесі ретте менің жолым болады;
12.Қорқынышты киноны қалай көресіз?
1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлемін;
13.Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;
14.Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;
15.Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:
1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз
кітабымен директорға барасыз.
16.Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:
1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;
3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;
17. Сіз қандай адамсыз?
1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.
18) Егер колледж есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден
кешірім сұраса сіз не дейсіз?
1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.
19. Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек;
3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде орта да кінәлі.
20.Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.
Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын
таңдай білген, агрессиясы орташа адам. 45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа
адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке
көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін. 35-ұпайдан
төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене
батылдық сенімдік қажет.
Ұпай есептеп қорытындылау.
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығуы
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен
орындалады.
Жүргізуші: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді
бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып
жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз
жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем
алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы
теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке
болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп,
аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып
жүрудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су
жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз.
Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары
сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және
бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып
ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны
істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз.
Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді
асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
(Қатысушылар өз сезімдерін сөзбен айтып жеткізеді)
Студенттермен өткізуге болатын тренинг түрлері:
1. «Көңіл күй неге ұқсас?» сурет салу.
Енді барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл күйімізді түсіріп
көрейік.Әрқайсымыздың көңіл- күйіміз табиғат тәрізді бірде бұлттанады, бірде шайдай
ашылады, бірде жауындатады т.б. Табиғат құбылыстарымен байланыстырып көңіл-күйді
қағаз бетіне түсіру
2. «Болады, болмайды» жаттығуы.
«Болады»
шапалақтамайды.
алақандарымен
шапалақтайды,
«Болмайды»
алақанымен
1. Адамның көңіл күйің көтеріп, жақсартуға бола ма?
2. Үйде көңіл -күйлерің жақсы бола ма?
3. Әрдайым достарыңа жақсы сөз айтуға бола ма?
4. Үнемі мектепте көңілді жүресіздер ме?
5. Танымайтын адамдарға жақсылық жасауға бола ма?
6. Адамдарға көңіл- күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?
3. «Мен қандаймын?» Өзін- өзі бағалау ( Психодиагностика)
Өзін тануға, бағалауға, өзге адамдармен тіл табыса келе, тіршілік етуіне мүмкіндік
береді. Ендеше, «Мен қандаймын ?» деген сұраққа жауап береміз.Алдарымыздағы
қағаздағы 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өз-өздеріңді қалай қабылдап,
бағалайтындарыңды анықтайсындар.
Мен қандаймын?
«ия», «жоқ», «кейде», «білмеймін»
1.Мен жанашырмын
3.Мен ақылдымын.
5.Мен мейірімдімін
7. Мен ақкөңілмін
9. Мен еңбекқормын
2. Мен жақсымын
4.Мен ұқыптымын
6. Мен тіл алғышпын
8. Мен ашық жарқынмын
10.Мен шыншылмын
Нәтижесін бағалау; «Ия»-1 ұпай, «Жоқ- 0 ұпай, « Білмеймін, кейде» -0,5 ұпай.
10 ұпай-өте жоғары
8-9 ұпай жоғары
4-7 ұпай-орташа
2-3 ұпай –өте төмен
Сізге бүгінгі тренинг ұнады ма? Қандай әсер алдыңыз?
Қорытынды: Жалпы адам баласы күнделікті өмірде бір –біріміздің көңіл күйін
түсірмей, бір-бірімізді ренжітпей жүруіміз керек. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай
білу, баға жептес байлық. Олай болса « Менің көңіл-күйім керемет» атты тренинг
аяқталды. Сау болыңыздар. Назарларыңызға рахмет!