Менің мамандығым - менің
болашағым
Мақсаты: -”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді
кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы
ұғым беру.
Міндеттері:
-
мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге,
өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілік:
слайдтар
Әдіс - тәсілі:
түсіндіру, әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ - жауап,
ой бөлісу.
Жоспары:
1. «Мамандық
магазині»
тренингі
2. «Мамандық - өмір бастауы»
3. «Мамандықтар классификациясы»
4. «Ойыңды дәлелде» пікірлесу
5. Қазіргі заманның тапшы мамандары
6.Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын
жолдайды.
7. «Мен және фигура» психогеометриялық
жаттығу.
8. Қорытындылау.
Барысы:
Тренинг
«Мамандық магазині»
Жұмысымды
бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық
магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп
ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты қазір
кез - келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы
айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті
атайды.
Мысалы: Мұғалім
- механик - кондитер т. Б, осылайша мылтықтың магазиніндей
тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай
айналдырамыз
1. Әзір ас жоқ
дүниеде.
Сабақ өзі
оқылмайды,
Көйлек өзі
тоқылмайды,
Тұқым өзі
себілмейді,
Үйлер өзі
салынбайды,
Кендер өзі
табылмайды,
Кітап өзі
жазылмайды.
... Барлық істің батыры –
біз,
Екі қол мен
ақылымыз
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы
«Менің мамандығым - менің
болашағым», яғни сабағымыз мамандық, олардың түрлері,
оларды қателеспей таңдау жайында болмақ. Мамандық таңдау -
жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды ,қиын да қажетті
қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенмен осы
жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың
қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары
өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық
таңдауда көптеген кедергілерге
ұшырайды.
9 - 11 сынып оқушыларының алдында тұрған
басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Бүгінгі сабақтан әркім
нәтиже шығарады деген
үміттемін.
Мамандық - қарапайым өмір сүру
көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің
зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын
ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде
өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу
керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін
мамандықтарды қалай таңдауға болады?
Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
- ата - ананың ақылы
- достарыңның ақылы
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы
- жалақысының көп болуы
«Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше
мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым
белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін
мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
• адам – техника,
• адам – адам,
• адам – белгі жүйесі,
• адам – табиғат,
• адам – көркем образ.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын
ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам
табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету,
адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер,
журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі
ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу
керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар
мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері
мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном,
гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім,
талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер,
суретшілер, әнші, актерлер.
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
1. Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға
болады
4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
6. Ақша болса, мамандық қажет емес
7. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
8. Мамандық таңдау – күн көріс
қамы
Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын
жолдайды.
Сұрақтар:
1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе,
дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі
ме?
2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең
алдымен қандай мамандықтар қажет деп
ойлайсыңдар?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті
түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта
өмір сүру үшін не істеу керек?
5.Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не
білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп
бере ала ма?
6.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу
үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі
болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің
қолымызда.
7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені
басшылыққа алу керек?
8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және
үйренуі керек?
9.Сіз қандай маман болуды
армандадыңыз?
10.Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай
дайындауы керек?
11Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі
қандай болады деп ойлайсыздар?
12.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре
алады?
Шыңғырлау
ауданында қандай мамандық иелерін оқытатын оқу орындары
бар?
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар.
Оның негізгі түрлері:
1. Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік
мектептер. Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
2. Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына
жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
3. Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер,
академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта
білімнен кейін түсуге болады.
Лубен
ауылына қандай мамандық иелері қажет деп ойлайсыңдар?
Диплом жалақысы жоғары, тұрақты жұмыстың кепілі емес. Дегенмен
дипломсыз - ақ жұмыс жасауға әбден болады. Тек ол жұмысқа деген
ебіңіз болса, болғаны.
Дипломсыз қандай жұмыстар істеуге болады?
Мамандық иелерін салыстыру
Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары:
"Мен және фигура" психогеометриялық жаттығу.
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың
кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы
қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып
көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық
дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және
жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік
администратор шығады
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз
әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге
бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары
қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес,
өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы
мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген
мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе
сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол
жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде
жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге
бейімділігін бар.
Қорытынды.
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі
болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін
адам болайық.
Сұрақтар:
1.Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе,
дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі
ме?
2.Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең
алдымен қандай мамандықтар қажет деп
ойлайсыңдар?
3.Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті
түрде жоғары білім алу қажет пе?
4.Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта
өмір сүру үшін не істеу керек?
5.Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не
білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп
бере ала ма?
6.Кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу
үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі
болуы шарт. Ел болашағы бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни біздің
қолымызда.
7.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені
басшылыққа алу керек?
8.Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және
үйренуі керек?
9.Сіз қандай маман болуды
армандадыңыз?
10.Адам өзің белгілі бір мамандыққақашан, қалай
дайындауы керек?
11Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі
қандай болады деп ойлайсыздар?
12.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре
алады?