Менің мамандығым тәрбиеші
Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. «Адамды тәрбиелеу - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу». А. С. Макаренко. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.
Балабақшадағы балалармен
жұмысқа жетекшілік ететін бірден - бір адам, ол - тәрбиеші.
Педагогикалық үрдістің тиімділігі тәрбиешілердің өз ісін сапалы
орындауымен анықталады. Сондықтанда тәрбиеші мектеп жасына дейінгі
балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері жағынан білікті
болуы керек. Тәрбиеші өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда
сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік
қалыптасып, нәтижесі табысты болмақ. Тәрбиешінің өмірден алған
тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез - құлқы
әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын,
кедергілерге қарамастан балалармен тікелей тынымсыз жұмыс
жасайды.
Тәрбиешінің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте
заманауи технологияларды енгізу арқылы ұйымдасқан оқу қызметі,
семинарлар, ғылыми жұмыстар мен және тағы да басқа сайыс -
байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол
жеткізуін қолдаушы, психолог болып танылады.
Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол
бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне
жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала
болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Ұлы Абай атамыз:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!» - деп жырлап кеткендей, әрбір ұстаз бұлақ
түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді
үйретуі керек. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай
қым - қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай
бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,
адамгершілік сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде
тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Әрбір маман шығармашылығын,
шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса және оны
балалармен жұмыста көрсете алса мен оны еңбегімнің жемісі деп
түсінемін. Педагогикалық озық технологияларды ұйымдасқан оқу
қызметі барысында пайдаланып, балалардың шығармашылығын дамытуға
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асыру үлкен
жеміс. Бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің
басты міндеті.
Менің өмірдегі ұстанымым:
1. Мейірімділік, шыдамдылық, ізденімпаздық;
2. Балалардың мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя
тыңдау;
3. Өз мамандығымды сүю және мақтан тұту.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы
тәрбиеленушілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп,
шығармашылық қабілеттерін дамыту қолымнан келгенше көмектесуге
тырысамын. «Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы
ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»деген Абай сөзін өмірлік
қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаз
құрметті.
БЕКІТЕМІН
ЖШС «Ай-Іскер» мектепке
дейінгі тәрбие беретін шағын
орталығының директоры
––––––– Молдагалиева Л.Ж.

Эссе
Тақырыбы: «Менің мамандығым тәрбиеші»
Семей-2018
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің мамандығым тәрбиеші тақырыбындағы эссе

шағым қалдыра аласыз