Материалдар / «Менің мамандығымның ерекшелігі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің мамандығымның ерекшелігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен әрі «әсем сөз» маманы, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын дефектолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл – сондай жауапкершілік!
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің мамандығымның ерекшелігі»

«Адам жанын түсіне білу,

оны зерттей білу – үлкен өнер»

З.Фрейд.


«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», – деп  Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры. Бұл  қандай мамандық? Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап шгипбта таптым. Ол әлем – дефектология әлемі – жан туралы ғылым . Қазақта «жан ғылымын» ерте меңгерген. «Тән ауруы жазылар, жан ауруы жазылмайды» деген сөзде үлкен мағына мен мән бар. Бүгінгі күні тән ауруын дәрігердің шипасы емдесе, жан ауруын дефектолог маман емдей алады. Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп, ойды танып, дұрыс жол сілтей білу, адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды.

Дефектолог ол кім? Дефектолог латын тілінен аударғанда «кемістік» деген мағынаны білдіреді. Педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы. Кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттейді. Дефектология ғылымның зерттеу объектісі - дамуында қандай да бір кемістігі бар адам.

Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын (аномальді) балалар. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Қазіргі таңда бұл мамандық өте жоғары сұранысқа ие, себебі, өкінішке орай, жыл санап елімізде мұндай балалардың саны артып келеді. Мұндай ауытқулардың негізгі себептері мынадай:

1. Жүкті әйелдердің денсаулығына салғырт қарауы. Мәселен, алькоголь, есірткі қабылдау, темекі шегу.

2. Жұқпалы аурулармен ауыруы, қатты әсері бар дәрі - дәрмектерді қабылдауы, стресс, әр түрлі  жарақаттар.

3. Генетикалық фактор, бала мен ананың резус факторының сәйкес келмеуі.

4. Туылғаннан кейін баланың жұқпалы ауруларға шалдығуы, жарақат  алуы.

Міне, осы және басқада факторлар баланың физиологиялық және психологиялық дамуына кері әсерін тигізеді.

Жаны ауырған ата-ананың үмітіне сенім ұялатып, кемтарлықтың қазығына көгенделген баланың қоғамда емін-еркін жүріп-тұруымен қатар, қоғамда алаңсыз өмір сүруді үйрететін ол дефектолог маманы. Бұл менің мамандығым, менің сүйікті ісім. Аталмыш мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше дұрыс шешім жасағаныма күн санап көзім жетіп келеді. Себебі, сабырлылық пен төзімділік, парасаттылық пен сыпайылық, сенімділік пен тәуекелшілдік бұл нағыз педагогтың ісі. Сондықтан дефектология педагогиканың патша саласы десем артық болмас деймін. Дефектология мамандығымның ерекшелігі осындай. Себебі мен адамдарға жақсылық жасағанды бар жан-дүниеммен қаладым. Дефектолог мамандығын тандап 2010 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамбетов педагогикалық университетіне түстім. Оқуымды ойдағыдай оқып, қос мамандықты иелендім. Ол «Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі» және «Педагогика және дефектология» мамандығы. 2015 жылы қыркүйек айынан бастап Абай орта мектебінде дефектолог мұғалімі болып орналастым.   Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Әріптестерімнен алған ең басты сабағым – балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,- деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем.

Мұғалімнің оқушы алдындағы жауапкершілігі үлкен болса, дефектологтың жауапкершілігі одан он есе зор болмақ. Өз ісіне адалдығы мен қажырлы еңбектің арқасында, зақымдалған мүшенің орнын басқа анализатор арқылы толтыру (компенсатор) дефектологтың түзете-дамыту жұмысының нәтижесі осы жерде байқалады.  Бүгінгі таңда елбасымыз мүмкіндігі шектеулі жандарды ел қатарлы қоғамда бірге оқып, бірге қоғамдық істер атқаруға үлкен үлес қосып отыр. Ол – инклюзивті білім беру жүйесі. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға үйретеді. Сондай-ақ оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім алумен қатар өз талантын қоғамда көрсете білетін мыңдаған бала дефектологтың көмегіне зәру. Осы мақсатта мен өз оқушыларыма сабақ үрдісінде әр түрлі ойын әдістерін қолданамын. Соның ішінде оқушылардың ойлау қабілетін, зейінің, есте сақтау қабілетін дамытатын ойын әдістері: «Төртінші артық» әдістемесі, бұл ойын әдістемесі оқушылардың заттың маңызды белгілерін бөліп көрсете білуін, соның негізінде ортақ қорытынды жасай білуін диагностикалауға көмектеседі. «Менің көңіл күйім» ойын жаттығуы. Бұл жаттығу оқушының мінез-құлқы мен өзін бағалауын біле отырып, қоршаған ортадағы эмоционалдық жағдайын анықтауға болады.

«Есте қалған қызықты оқиға» ойыны. Балалар дөңгеленіп отырып, бір-біріне доп беру арқылы есте қалған оқиғаларын айтады, бұл ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін оятады.

Саусақ ойыны - ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

«Бұл қашан болады?» ойыны. Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

Бұл ойын әдістері дамуы тежелген оқушылардың жаңа қоғамдық ортаға қосылуына үлкен ықпалын тигізеді. Сонымен қатар ата-аналар мен де тығыз байланыста болып, ата-ана мен баланың арасындағы қарым қатынасты жақсарту, ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, мақсатында «Жылы жүрек жақсы тілек» және «Ата-анамен баланың арасындағы махаббат» атты тренингтер өткізіліп тұрады.

Дефектологиялық қызмет – дүние жиып, байлық қуғандардың ісі емес. Сүрінгенге сүйеу, жабырқағанның жан жарасын жеңілдететін шипалы мамандық. Үлкен еңбек пен төзімділікті талап ететін бұл мамандықтың ісі жауапкершіліпен мейірімділікке ұштасады. «Бала дамуының кемістігі неғұрлым жоғары болса, мұғалімнің білімі одан да жоғар болуы керек», деп неміс психологі П.Шуман айтқандай, өз мамандығымды қаншалықты жақсы көрсем, соншалықты еңбек етуді үйреніп келемін. Алдағы алар асуларым: Еліміздегі инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға өз үлесімді қосып, мүмкіндігі шектеулі болсада таланты тас жаратын талай баланың жарқын өмір сүруіне, сапалы білім, саналы тәрбие алуына қол ұшын беремін. Педагог К.Д.Ушинский «Мұғалім-ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»,-деген. Сол үшін де мен дефектология мамандығының қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат еттім. Оқыту мен тәрбие, түзету мен дамытушылық жұмыс барысында жаңа әдіс- тәсілдерді ұтымды, шеберлікпен пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі оқушының білім деңгейін, қабілетін сараптап, әлеуметтік ортаға дұрыс бағыт-бағдар беруді, оларды егемен еліміздің қоғамындағы заманауи талабына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыруды басты міндетім деп есептеймін. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Мен әрі «әсем сөз» маманы, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын дефектолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл – сондай жауапкершілік!

       Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын. Мен осы мамандықтың қызығы мен қиындығы көп болса да, осы маман иесі болғаныма мақтанамын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!