жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің мамандыққа алғашқы қадамым
Алматы қаласы Алмалы ауданы
МКҚК «№139 бөбекжай-балабақшасы»
Тақырыбы:
Менің мамандыққа алғашқы қадамым!
(Эссе)
Тәрбиеші: Камрадинова Самал Қырқымбайқызы.
Алматы қаласы
Менің мамандыққа алғашқы қадамым!
Кез келген адам үшін мамандық таңдау туралы шешім қабылдау өте жауапты да күрделі мәселе. Өйткені сенің барлық болашақ өміріңнің қандай болатыны осы бәр сәттен, осы бір мәселені қатесіз, дұрыс шеше білуден басталатыны сөзсіз. «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» деген ұғымды білдіреді екен. Бір қызығы бізді келешегімізбен жалғастыратын бұл атаудың бұлай аударылатынын көпшілік біле бермейтін сияқты. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас орнығып, қоғам дамып, дүниеде түрлі-тірлі кәсіп, түрлі-түрлі мамандықтар да пайда бастады, әрі бұл құбылыстың әлі де шеті көрінер емес. Мектеп партасында отырғанда « Өскенде кім боласын? Қандай мамандықты таңдайсың?» деген сұрақтарды көп еститін едім. Қиялға батып кейде бірнеше, тіпті бір-біріне ұқсамайтын көптеген мамандықтарды таңдап, мәз болатынбын. Мектепті бітіре сала өзім көздеп жүрген оқу орнында дәл сен қалаған мамандық келе ғой деп, құшақ жая қарсы алардай көрінетін. Сөйтсек, біз білмейтін, білсек те елемейтін жайлар көп екен. «Өмірде өз орныңды табу үшін жақсы мамандық иесі болу керек» деген ұлағатты сөз бар. Содан болар Ұлы өмірге тас түлек болып ұшар шақта, бәрімізге де «мамандық таңдауда қаталаспа», деп жатады. Қанатың қатаймай жатып, өмір жолында мамандық таңдау ісінде қандай да бір шешім қабылдау оңай емес екендігін мойындау керек. Мамандық – бұл әрбір адамның жанымен сүйіп, жүрегімен қалап, әрі ерекше бір ынта-ықыласпен істейтін жұмысы, атқаратын ісі, бақытты болашағы. Адам мамандықты өзі таңдағаны және оған құрметпен қарағаны жөн. Мен мұғалім мамандығын өз еркіммен, жүрегімнің әмірімен қаладым, әрі осы таңдауымды өзімнің бақытым деп санаймын. Өз таңдауыма ешқашанда өкінбеймін. Мені шабыттандырып ұстаздық саланы таңдаттырған. Ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бірінші май ауылындағы №40 мектептің ұстаздарының алдында басымды иіп алғысымды білдіремін. менің алғашқы мұғалімім Турсынбаева Базаргул апай. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, мені жылы сөздерімен, мың ықыласымен баурап алады. Сол апайдың арқасында әріп танып жазу-сызуды үйрендім. Ол кісі менің қылықтарымды кешіріп, маған қатты сөздер айтпай, қолымнан жетектеп білім дариясына шығарды. Бала жанының бағбаны атанған ұстаздарымның осы бір мамандықты таңдауыма тигізген ықпалы мейлінше зор болды. Мүмкін табиғи жаратылысым, адами болмысым да бұл мамандықты таңдауыма әсер еткен шығар. Қалайда мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмір жолына түскенде, ешқайда бұрылмастан ұстаздық мамандыққа оқытатын оқу орнының есігін қақтым. Уақыт шіркін жүйрік қой, қызығы балдай, думаны қандай студенттік шақ та бастан зымырап өте шықты, қолда диплом, көкейде көп арман, ұстаздықтың ұлы жолындағы еңбек атты эпопеямды да бастадым, бұл күнде балабақшада тәрбиешімін. Бала тәрбиесінің негізі балабақшада қаланатыны айдан анық қағида. Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін, тәрбиешінің жеке басының өзі соған сай болғаны абзал. Белгілі орыс педагогы Ушинскиий айтқандай «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген». Шындығында да, тәрбиешінің жеке басы тәрбиеленушіге үлгі-өнеге болуы шарт. Яғни тәрбиешінің бойынан адамгершілік қасиеттері: адалдық, толеранттылық, мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік ең бастысы өз мамандығын сүйетін сүйіспеншілік қасиеттері молынан табылуы таптырмас жеістік, яғни жемісті де табысты қызметтің кепілі. Тәрбиеші жан – жақты болса ғана, өз ісінің шебері болады деп ойлаймын. Сондықтан да тәрбиеші реінде жеке басыма ерекше талаптар қоюға тырысамын. Тәрбиеші - жай ғана мамандық емес. Ол адам болмысын жасаушы, жаңа ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астары тәрбиеші мамандығының қаншалықты маңызды екендігінің айқындап тұр. Балабақшадағы жұмыс әрі қызықты, әрі жауапты. Жауаптылығы сол - Отанға лайықты тұлғаларды қалыптастырудың ең алғашқы баспалдағы, қызықтылығына келсек - жас бүлдіршіндермен тікелей араласып, олардың тәтті қиялынын туындайтын сөздерін, балаң көңілімен ұштасатын әрекеттерін тамашалайсың, пәк ниеттеріне мейірленесің, тәтті күлкілеріне жадырайсың. Сәбилердің жәудіреген көздеріне қараудың, бал-бұл жанған балғын түрлерінен ескен жылуды сезінудің өзі де бір ғажап, асқан ғанибет. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін еңбек жолымдағы педагогикалық ұстанымын - әр тәрбиеленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, дарын пен талантты тауып, білім бұлағының көзін ашып, бала қиялын ұштап, алға жетелеу. Мен олардың әрқайсысына тек тәрбиешісі ғана болмай, екінші анасындай болуға күш саламын. Анасындай мейірім мен қамқорлық танытып бала көңіліне өткел табу жолын іздеймін. Жай ғана тәрбиелеп қоймай, бала жанына тереңінен үңіліп, бүлдіршіндерді жан-тәнімен сүйе алатын тәрбиешіні ғана нағыз маман ретінде санаймын. Ұлы педагог Г.Песталоцци «Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеуге құқығың жоқ» - деген екен. Тәрбие ісіндегі негізгі мақсатым - дені сау, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарайтын, рухани ойлау деңгейі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында игі қасиеттер қалыптасқан жеке тұлғаны жасап шығару. Сонымен қатар балаларды имандылыққа тәрбиелей отырып бала бойына мейірімділікті, қайырымдылықты, ізгілік пен ұлағаттылықы, адамгершілік пен сыйластықты сіңіру. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы, шарасы баланың ақыл-ой парасатын дамытатындай баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігерінің арта түсетіні сөзсіз деп санаймын. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала рөлде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп, саралайды. Ақылға салады. Ол үшін тәрбиешінің де ақылды, парасатты болғаны абзал. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Ол осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Осындай жағдайда сол мөлдір әлемнің айқыш-ұйқыш құбылыстары мен қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай алатын пайымды да салиқалы ақыл-парасаттың орны бөлек. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне соғұрлым септігін тигізе алады. Тәрбиеші – ұстаз, ұстаз болғанда да, есімі үлкен әріппен жазылатын ұстаз. Сондықтан да мен мен өзімді ұстазбын деп мақтанышпен айта аламын. Ұстаз ретінде мен тәрбие мен білім процессін қатар ұстауды бір сә е естен шығармаймын. Мұндай сәтте есімде ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі жаңғырып тұратынынайтқым келеді. Егер де өмірге, қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі тұлғаны алдына үлкен мақсаттар қойғыздырып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатыра алсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні деп білемін. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне, Осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын. Әрине, ұстаз болуға жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқитынымды, үнемі ізденісте болатынымды барлық ой-түйсігіммен қабылдаймын.Менің ұғымымда, ұстаз міндеті өз ойлағанынан көрі тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздің бұлжытпас борышымыз. Ұстаз шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады. Балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру. Әр баланың мінез - құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, оның өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына көңіл . Өз ісіңнің білгір маманы болғанға не жетсін! Сол үшін білім алуға барлық күш-жігерімізді жұмсап, жұмыс жасайық дегім келеді. Мен мамандық таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген