Материалдар / «Менің ойыншықтарым» (өлеңді жаттау) Көркем әдебиет сабағы

«Менің ойыншықтарым» (өлеңді жаттау) Көркем әдебиет сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» өлеңін оқи отырып, сөздердің мағыналарын түсіндіру.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ересектер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 29.09.2019ж

Білім беру саласы: «Коммуникация».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым» (өлеңді жаттау)

Мақсаты: Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» өлеңін оқи отырып, сөздердің мағыналарын түсіндіру. Өлеңнің мазмұнын айтқызу арқылы ойыншыққа деген қамқорлық, сүйіспеншілік, аяшылық сезімін ояту. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойыншық түрлері, ойыншықпен ойнап жатқан балалар суреті

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сөздік жұмыс: Абайлап, ұрыншақ
Билингвальді компонент: ойыншықтар – игрушки, құлыншақ – жеребенок.

I Ұйымдастырушылық кезеңі

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі – көңіл ажары!

Күліп өмір сүрейік.

II Негізгі бөлімі:

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Тепсең – ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бр жерге бекініп,

Тұра алмай жатады.

Ол не?

- Доппен біз ойнаймыз. Қуыршақ, машина – олар да ойыншыққа жаттады.

- Балалар, бүгін ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» деген өлеңімен танысамыз.

Жүрмейсің бе абайлап, Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қапсың, құлыншақ.

Кіріспе әңгіме:

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Тепсең – ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бр жерге бекініп,

Тұра алмай жатады.

Ол не?

- Доппен біз ойнаймыз. Қуыршақ, машина – олар да ойыншыққа жаттады.


- Балалар, бүгін ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» деген өлеңімен танысамыз.

Жүрмейсің бе абайлап, Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қапсың, құлыншақ.

Сөздік жұмыс:

Құлыншақ – жылқының төлі. Қатты шапқылағанда аяғын немесе бір жерін жарақаттап алуды ұрыншақ деп айтады.

Сертгіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

Сұрақ – жауап:

- Қандай ойыншық түрлерін білесіңдер?

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

- Ойыншықтарды қайдан аламыз?

- Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?

III Қорытынды:

- Балалар өз ойыншықтарын атап береді.

Өзің жақсы көретін ойыншықтарыңды ата.

ЖИ арқылы жасау
25 Қараша 2019
9883
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі