Менің
өмірім
Әр пендеге мына өлшеулі
өмірдің соңғы нүктесі қашан қойылатынын білмесекте «ердің жасы
елуге» де келген шағымда «қане мына өмірде не бітірдің ?» деген бір
үн ішіңнен маза бермейді екен сол кезде бұл сұрақтардың бәріне
жауап беру үшін туғаннан бастап осы күнге дейінгі өмір жолына
саяхат жасап, оның қуанышы мен ренішін, қызығы мен қиындығын
сәттілігі мен әттегенайларын соның ішінде азамат болып қалыптасуыма
әсер еткен жерлерді теріп жазып, өзгелерден оқшауланбай көптің бірі
болып қана өмір кешіп жатканымды сыныптастарым білсін деген үмітпен
кішкентай естелік жазып отырған жайым бар.
Осыдан 50 жыл бұрын 1 наурызда
Бесарық ауылында Жақсыгүлдей анадан, Оңғардай әкеден дүниеге
келгеніме қатты қуанам..
Әкем соғысқа қатысқан кісі.
Ауылымыздағы астық қабылдау қоймасында белсенді араласып ,инженер
қызметін атқарған. Анам өте қарапайым, қазақ әйелдеріне тән
инабаттылықты қатаң ұстаған жан.
1 сыныпты ауылымдағы №247
сегіз жылдық мектепте бастап 8 сыныптан кейін Талап ауылындағы №54
орта мектептің жанынан ашылған мектеп -интернатында оқуды
жалғастырып 10 сыныпты ойдағыдай бітіріп
шықтым.
Сынып жетекшіміз Батыр ағай
өте қарапайым жан. Сөзі жұмсақ еді. Математика пәнінен беретін
Үкібай ағай қатал болғанмен оқушы жүрегінен жол таба білген жан.
Ұрса да біледі, әзілдей де білетін еді. Математика сабағына кіріп
бара жатканымызда 10 а сыныбынан ағайдың көңіл күйі қалай екен деп
сұрап кіретінбіз. Қазақ тілінен беретін Қарашаш апайымыз нағыз
ұстаз деуге болады. Себебі нағыз ұстаз артист болу керек дейтін осы
сөзге дәлел болғандай. Әнуар ағай мектеп -интернаттың жетекшісі
еді. Ол кісіні оз әкеміздей көретін едік, оның үстіне ол кісінің
туыстығы да бар еді. Исахан ағай алғашқы әскери даярлық пәнінен
бергенде бізді тура әскерде жүрген дей тәрбиелейтін еді. Мектепің
өжіресінде автомат атып оны шашып қайта жинайтын едік. Сол кеңестік
республикалардың яғни 15 одақтас республиканың қазіргі тілмен
айтқанда президентін жатка білетін едік.
Тарих пәнінің мұғалімі Төлеген
ағай екі оқушыдан тақтаға шығарып қоятын. Бір оқушыға бастатып
екінші оқушыға әрі қарай жалғастыр дейтін еді. Соны ойлап отырсам
баланың зейінін сабаққа аударудың бір тәсілі екен –ау. Ұстаздардың
еңбегін айтып тауса алмайсын. Маған сол 54 орта мектеп өте ыстық
еді. Сол кездегі мектеп директоры Зинабдин Шермағанбетов ағайдың
сөйлеу мәнері , дауыс дикциясы өте ұнайтын еді.Ағылшын пәнінің
мұғалімі Неталі ағайымыз балаша жүгіріп озімізбен бірге ағамыздай
ақылын айтып жұретін. Ағайды құрмет тұтатын едік. Ол кісі де
интернатқа келіп бізге ойын- сауық кештерін ұйымдастырып беруші
еді. Мінекей осындай ұстаздары бар оқушылар бақыттымыз
ғой.
Содан бәрімізде мектеп бітіру
кешінде тұрмыз. Енді санаулы уақыттан кейін қолымызға аттестат
алғалы тұрмыз. Сол бір кездері жүрегіңде керемет қуаныш әрі
қимастық сезім екеуі арпалысып тұрған шақ. Менің шашым қысқа еді,
сондада сол кішкентай шашыма ақ бантик тағатын едім,себебі енді
қайтып еш уақытта бантик таға алмаймын , енді қайта мына мектеп
партасына келіп күнде отырмаймын ғой деген ой тұратын еді. Сол
күндерді сағына еске аласын. Мынау менің мектебім, мынау менің
партам деп іздеп баруға да кейде уақыт таппай жатамыз. Содан бері
33 жыл уақыт өткен екен.
Мектеп бітіріп арман қуып
Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының мектепке
дейінгі факультетіне оқуға түсіп, оны 1988 жылы ойдағыдай аяқтап
еңбек жолымды Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,Шіркейлі ауылында
мектепте ұзартылған күн тобында ұстаздық етуден өз қызметімді
бастадым. Осы ауылға келін болып түстім.Әркімді де құдай қосады
дегендей, біздерді де ерлі-зайыпты етіп Алла жұптаған сыңайлы. Ал
Алла қоссо, онда ол мәңгілік дүние. Шүкір құдайға отбасымызда 2
қыз,1 ұл тәрбиелеп өсірдік. Бәрі де жоғары білімді мамандар Қазіргі
таңда мамандықтарына сәйкес қызметтерін атқарып жүр. Екі немеренің
әжесімін. Жолдасым Қадырмен өмір айдынында қол ұстасып аттағалы
бері біршама уақыт өтіпті. Яғни биыл 29 жыл болыпты.Жалпы
тірлігіміз жақсылыққа бағышталғанмен, түгелдей дерлік бәрі де сары
майдан қыл тартқандай ойдағыдай болды десек ол артық кеткендігім
болар. Өздеріңіз сияқты көптеген отбасына тән шыны-аяқ
сылдырлату,болмашы дүниелерге түсінбестікпен қарау, зілсіз реніштер
бізді айналып өткен жоқ. Сондай кезеңдерде ашу- араз, ақыл- дос
деген тағылымды басты ұстанымыз етіп ұстағандықтан болар осы
күндері мықты отбасының от анасы болып отырған жайымыз бар.
Ауылымыздағы №129 орта мектепте қызмет жасап келемін .Сол
мектептегі басшылық қызметтің барлығынан дерлік өтіп келемін.
Қазіргі уақытта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары,жоғары санатты тарих-география пәнінің
мұғалімімін.
Уақыт шіркін жүйрік екен. Бәрі
есікті ашып-жапқандай елестейді.Уақыт қайтып келмейтін құбылыс.
Сондықтан оның әрбір уақытын тиімді пайдалану керек. Себебі табиғат
әрбір жанға нәрестелік, балалық, азаматтық,қарттық кезеңдерді де
уақыт өлшемімен бөліп қойған. Кез келген тірі пенде демі таусылып,
уақыты жететін кезді біле тұра –өлместің тірлігімен арпалысып
кетеміз.Адам өзінің соңғы демінің бітетін күнін, айын, жылын
білмейді.Бұл да құдайдың шеберлігі. Өмір- деген күрес деп
жүргенімізде самайға ақ түсіп, шашты ақ қырау шалып үлкендіктің
қалай келгенін де білмей қаламыз.Осы үлкендікті алып жүрудің өзі
үлкен өнер. Сол өнер сахнасында өз ролімізді дұрыс ойнасақ ,
ұрпағымызға жақсы тәрбие берсек сол біздің бақытымыз дер
едім.