Сабақтың тақырыбы: «Менің өмірімнің құндылықтары»
Сабақтың мақсаты:
-
Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.
-
Өмірден өзіндік орынын өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу
Сабақтың әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ойын.
Сәлемдесу жаттығуы: Қалың қалай құрбым?
Мұғалімнің нұсқауы бойынша иықпен, көзбен, қолмен, арқамен, баспен, саусақпен амандасады.
Амансыз ба, қонақтар (иіледі)
Амансыз ба, әлем (қоладрын көтереді)
Баршаңызға амандық сәлем! (қол бұлғайды)
Оқушылармен шығармашылық жұмыс: Парталарыңыздың үстіндегі екі парақ қағаздың біріне адам өміріндегі жаман оқиғаларды жазыңдар. Екінші параққа адам өміріндегі жақсы оқиғаларды жазыңдар. Жазып болсақ, жаман іс-әрекетті жазған қағаздарыңызды бүктеп қойыңыз. Ал жақсы іс-әрекетті кім оқығысы келеді? Жаман оқиғалар жазған парақтарды жыртып тастайық.
Қыздыру жаттығуы: «Би билеу» оқушылар шеңбер бойымен айналып тұрады. Бір –біріне қарап би қимылдарын жасайды.Әр оқушы өздеріне ұнайтын бидің бір қимылын көрсетеді, оқушылар қайталауы тиіс.
Кіріспе әңгіме:
Мұғалім:
Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма? Деген сұраққа кім болса да жоқ өз өмірімнің мәні туралы ойланбайтын мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды –деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейік.
Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт. Өмірдің мәні оны баөытты етіп өткізуде деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді біреулері бастарын тасқа, жарға да, ұрып өз жолын таба алмай жатады.
(экранда мектеп оқушыларынан алынған видео сауалнама көрсетіледі Бақыт дегеніміз не?)
Пікірлесейік, әңгімелесейік:
-
Өмір, өмір сүруді қалай түсінесіңдер?
-
Бақыт дегеніміз не?
-
Бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Бақытқа жету үшін адам не істеу керек?
-
Өз өміріңді өзгерткін келе ме?Өз өміріңді қалай өткізер едің?
-
Уақыттың адам өміріне ықпалы бар ма?
-
Өмірден өтпеңдер дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Адам өмірінің мәні уаыт өткен соң өзгеруі мүмкінбе, ол неге байланысты деп ойлайсың?
Психотехникалық ойын «Кездесу»
-
Сіздер ұзақ уақыттаң соң кездестіңдер, бұрын өте жақын болмағанымен жақсы қарым-қатынаста болдыңыздар. Өз сезімдеріңізді көрсетіңіздер.
-
Бала кезде жақын жолдас болдыңыздар. Досыңызбен бір жылдан соң кездесіп тұрсыз.
-
Сенің алдында тұрған адам өте ұялшақ, ал оны маңызды да қиын кездесу күтіп тұр. Көңілін орнықтыр.
-
Сенің досыңның бүгін жолы болмады.Сен оның ең жақын досысың, оны қандай күйде екенін түсінесің. Қалай көңілін көтерер едің?
Мұғалім:
Сабақты қорытындылай келе өмір туралы ақын ағаларымыздың өлеңдері тыңдалады. Оқушылар өмір туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.
Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз:
Дүние қу,
Бір ағын су,
Түстік онда көп болып.
Күнде ағамыз,
Сандаламыз
Бейнетіміз көп болып
Кейде тасқа ,
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп, -дейді.
Демек, өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған ортаны танып, рухани құндылықтарды терең меңгіріп адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат мұратымызға қол жеткізе аламыз.
Жүректен –жүрекке.
Оқушылар қолдарындағы жүрекшелерді алып бір-біріне жақсы тілектер айтып тақтаға күн шуағына жапсырады.
Өлеңді орта мектебі
Тақырыбы:
«Менің өмірімнің құндылықтары»
9 сынып
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің өмірімнің құндылықтары»
«Менің өмірімнің құндылықтары»
Сабақтың тақырыбы: «Менің өмірімнің құндылықтары»
Сабақтың мақсаты:
-
Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.
-
Өмірден өзіндік орынын өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу
Сабақтың әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ойын.
Сәлемдесу жаттығуы: Қалың қалай құрбым?
Мұғалімнің нұсқауы бойынша иықпен, көзбен, қолмен, арқамен, баспен, саусақпен амандасады.
Амансыз ба, қонақтар (иіледі)
Амансыз ба, әлем (қоладрын көтереді)
Баршаңызға амандық сәлем! (қол бұлғайды)
Оқушылармен шығармашылық жұмыс: Парталарыңыздың үстіндегі екі парақ қағаздың біріне адам өміріндегі жаман оқиғаларды жазыңдар. Екінші параққа адам өміріндегі жақсы оқиғаларды жазыңдар. Жазып болсақ, жаман іс-әрекетті жазған қағаздарыңызды бүктеп қойыңыз. Ал жақсы іс-әрекетті кім оқығысы келеді? Жаман оқиғалар жазған парақтарды жыртып тастайық.
Қыздыру жаттығуы: «Би билеу» оқушылар шеңбер бойымен айналып тұрады. Бір –біріне қарап би қимылдарын жасайды.Әр оқушы өздеріне ұнайтын бидің бір қимылын көрсетеді, оқушылар қайталауы тиіс.
Кіріспе әңгіме:
Мұғалім:
Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма? Деген сұраққа кім болса да жоқ өз өмірімнің мәні туралы ойланбайтын мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды –деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейік.
Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт. Өмірдің мәні оны баөытты етіп өткізуде деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді біреулері бастарын тасқа, жарға да, ұрып өз жолын таба алмай жатады.
(экранда мектеп оқушыларынан алынған видео сауалнама көрсетіледі Бақыт дегеніміз не?)
Пікірлесейік, әңгімелесейік:
-
Өмір, өмір сүруді қалай түсінесіңдер?
-
Бақыт дегеніміз не?
-
Бақытты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Бақытқа жету үшін адам не істеу керек?
-
Өз өміріңді өзгерткін келе ме?Өз өміріңді қалай өткізер едің?
-
Уақыттың адам өміріне ықпалы бар ма?
-
Өмірден өтпеңдер дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Адам өмірінің мәні уаыт өткен соң өзгеруі мүмкінбе, ол неге байланысты деп ойлайсың?
Психотехникалық ойын «Кездесу»
-
Сіздер ұзақ уақыттаң соң кездестіңдер, бұрын өте жақын болмағанымен жақсы қарым-қатынаста болдыңыздар. Өз сезімдеріңізді көрсетіңіздер.
-
Бала кезде жақын жолдас болдыңыздар. Досыңызбен бір жылдан соң кездесіп тұрсыз.
-
Сенің алдында тұрған адам өте ұялшақ, ал оны маңызды да қиын кездесу күтіп тұр. Көңілін орнықтыр.
-
Сенің досыңның бүгін жолы болмады.Сен оның ең жақын досысың, оны қандай күйде екенін түсінесің. Қалай көңілін көтерер едің?
Мұғалім:
Сабақты қорытындылай келе өмір туралы ақын ағаларымыздың өлеңдері тыңдалады. Оқушылар өмір туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқиды.
Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз:
Дүние қу,
Бір ағын су,
Түстік онда көп болып.
Күнде ағамыз,
Сандаламыз
Бейнетіміз көп болып
Кейде тасқа ,
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп, -дейді.
Демек, өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған ортаны танып, рухани құндылықтарды терең меңгіріп адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат мұратымызға қол жеткізе аламыз.
Жүректен –жүрекке.
Оқушылар қолдарындағы жүрекшелерді алып бір-біріне жақсы тілектер айтып тақтаға күн шуағына жапсырады.
Өлеңді орта мектебі
Тақырыбы:
«Менің өмірімнің құндылықтары»
9 сынып
шағым қалдыра аласыз













