Менің оқу құралдарым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің оқу құралдарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Менің оқу

құралдарым. О дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны: Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП: Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

ҰОҚ-ның

оқытылу

мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу

ретін анықтау.

0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің

мағынасын түсіну.

0.1.2.2. Педагогтің сұрақтарына толық, анық жауап қайтару.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы

жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Педагог сұрақтарына жауап береді.

Суреттегі сөздердің атауын айтып, сөздерді буынға бөледі.

О дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты. О дыбысының

айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі О

дыбысының орнын ажыратады.

О дыбысының баспа түрін жазады.

55

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тапсырмада берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды

ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы О дыбысының орнын ажыратады.

О дыбысына сөз ойлайды.

О дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолына О дыбысының баспа түрін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

О дыбысын қатыстырып, сөйлем құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Глобус

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын

тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттегі оқу құралдарын ата!

Қай заттар сөмкеге салынбай қалды?

«О-о-о! Рақмет, балалар!» бұл кімнің сөзі деп ойлайсыңдар?

Қай қарындаш түсінде О дыбыс естіледі?

Оқушы қалай отыр?

Қай сөздерден О дыбысын естідің?

Өткен ҰОҚ-дан

алған білім

Сөз бен сөйлемді ажыратады.

Дауыссыз, дауысты əріптерден сөз құрайды.

Əңгіме құрастырады.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі

көңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты

болжам.

3–5 мин.

Педагог балаларды ортаға тұрғызып оқу

қызметіне ынталарын тартады.

Оң қолымда – бес саусақ,

Сол қолымда – бес саусақ.

Күнге қарап қуанып,

Нұрлы шуақ аламыз.

Өлеңді балалар шаттық шеңберіне тұрып

қимылмен қайталайды.

(Ұ)Педагог «ОО-о-о қандай керемет ауа

райы!» – деп таңғалған дауыспен балалардың

назарын өзіне аударады. Балаларға қазіргі

жыл мезгілі туралы сұрақ қояды. Балалар

жыл мезгілі тұралы өз ойларын айтады.

56

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Балалар суреттегі заттарды атайды. Асқарға

көмектесу үшін оқу құралдарын тауып

аттарын атайды.

Педагог ортада тұрған портфельге назар

аударып, дыбыстап айтады.

Ортада оқушы портфелін қойып қою.

Балалар педагог сөзін қайталайды.

Сөйлемдегі əр сөздегі О дыбысы естілген

буынын көтеріп айтады.

Қай заттар сөмкеге салынбай қалды?

Суреттегі заттардың атауларын атайды.

Оларды атау кезінде О дыбысы қай сөздерде

кездесіп тұрғанын табады.

О –жуан дауысты дыбыс. Дауысты дыбыстар

қызыл дөңгелекпен белгіленеді. Педагог

балаларға О дыбысының айтылуын үйретеді.

Қарындаштың түстерін атайды.

Қоңыр сөзін буынға бөледі.

2-тапсырма

Оқушы қалай отыр?

Педагог өлеңді дауыстап оқып береді.

Орындыққа отырып,

Оқулықты оқылық. (Е. Ашықбаев)

Педагог балаларға орындықта қалай отыру

керектігін түсіндіреді.

Орындық, отырып, оқулық, оқылық сөздерін

Əліппе-дəптер.

Портфель.

Түрлі түсті

қарындаштар.

Орындықта

дұрыс отырған

баланың суреті.

57

буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды.

О –дауыссыз, жуан дыбыс.

(Ұ) Сергіту сəті

Шеңбер болып тұрайық.

Керегені құрайық.

О дыбысына ұқсайық.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үй болып тұрайық!

Балалар қимыл жасап өлең жолдарын 2-3 рет

қайталайды.

3тапсырма. О əрпімен танысады.Педагог о

дыбысының суретін көрсетіп неге

ұқсайтынын сұрайды. Балалар өз ойларын

айтады.М. Əлімбаевтің өлеңін оқып

береді.Ұста мен зергердің атқаратын қызметі

туралы педагог əңгімелеп береді.

Балалар саусақтарының ұшын біріктіріп о

əрпін жасайды.

4-тапсырма. Суреттегі заттарды

атайды.Суреттегі заттардың о əрпіне

ұқсайтын бөліктерін тауып атайды. Педагог

балаларға ағаш бөшке мен мəшине рулі жəне

мəшине дөңгелектері не үшін керек екені

туралы мəлімет береді.Балалар əліппе-

дəптердегі О əрпін жазады.

IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог балалардың белсенділігін талқылап

оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын

смайликтер арқылы бағалайды.

Смайликтер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі