Менің Отаным

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің Отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: Қатынас,Шығармашылық

Бөлімі: Көркем әдебиет, аспаздық, логопедиялық ойындар

Апта тақырыбы: Менің- Отаным Қазақстан

Тақырыбы: Менің – елім Қазақстан. «Тәтті тоқаштар» дайындау. Менің – Отаным Қазақстан.

Мақсаты: Балаларға «Отан» сөзіне түсінік беру. Қазақстан республикасының рәміздерімен таныстыру, толық түсінік беру. Сурет бойынша әңгіме құрастыра отырып,сөздік қорларын толықтыру. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қызығушылығын ояту.


































Ұйымдасқан ізденушілік:












Таңғы жиын:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Төрімізге еніпті,

Құтты қонақ келіпті.

Амандасу үлкенмен,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанеки бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ма,апайлар.

Балалар, бізге қонаққа Айсұлу мен Азамат келіпті. Олар сендер не біледі екен, тәртіптері қандай екен деп соны көруге келіпті. Және өздерімен бірге сиқырлы дорба ала келіпті. Қане көрейікші ішінде не бар екен? Балалар, мында тақпақ жазылған екен оқып берейін. Сендер мұқият тыңдаңдар не туралы екенін айтасыңдар.

Отан- менің ата-анам,

Отан досым, бауырым,

Отан өлкем, астанам,

Отан туған ауылым.

Өте дұрыс,балалар! Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: Менің елім- Қазақстан. Біз сендермен үш орталықта жұмыс жасаймыз.

Көркем әдебиет орталығында, аспаздық орталығында және желілі рөлді ойындар орталығында, онда логопедиялық ойындар оқу іс – әрекеті болады. Енді орталықтарға бөлінейік. Бірінші қыздар алады карточканы, ал ұлдар күтіп тұрамыз.


Көркем әдебиет орталығы


- Балалар, далада жылдың қай мезгілі?

- Күз айларын еске түсірейікші.

- Балалар, күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

- Өте дұрыс! Балалар, сендер қайда тұрасыңдар?

- Отанымыз қалай аталады? Отан бұл біздің туып өскен жеріміз.

- Енді бәрің мына суреттерге назар аударайықшы. Мынау Қазақстан республикамыздың картасы.

- Балалар, айтыңдаршы Қазақстан қандай мемлекет?

- Сонымен қатар Қазақстанда көптеген ұлттар тұрады. Орыстар, ұйғырлар, татарлар, өзбектер т.б. олар тату тұрады. Және біздің мемлекеттік тіліміз қазақ тілі. Қайталайықшы

- Қараңдаршы, не бар екен Отанымызда?

- Елбасымыз кім?

- Тәуелсіз мемлекет болғандықтан әр елдің өз белгілері, яғни рәміздері болады. Рәміздерімізге не жатады?

- Балалар, туда не бейнеленген, түсі қандай?

- Әрқашанда аспанымыз ашық болсын деп аспан түстес қылған. Күніміз жарқырай берсін деп күнді бейнелеген екен.

- Ал Елтаңбада не бар екен, не бейнеленген мұқият қараңдаршы?

- Жарайсыңдар, балалар! Әнұранды біз білеміз. Шеңберге тұрғанда айтамыз. Тек естеріңде сақтаңдар Әнұран айтылғанда орнымыздан тұрамыз, қолымызды жүрегімізге қоямыз,билемейміз.

- Астана қаласы сендерге ұнай ма, қандай әдемі, көрікті жерлерді білесіңдер?

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

Ойлау қабілеттерін арттыру.

- Енді туралы тақпақ жаттайық

Астана бас қала,

Астана жас қала.

Төрінде Бәйтерек,

Тура жол бастаған.

- Отан туралы мақал-мәтел жаттайық.

Мақал - мәтел

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Отан оттанда ыстық.

Сергіту сәті

Қолымызды жаямыз,

Құстай қанат қағамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Қайта құс болып ұшамыз.



Бәрі шеңберге тұрып қимыл-қозғалыспен бірге айтады.














Отан туралы тақпақ.



















Күз мезгілі.

Қыркүйек,қазан, қараша.

Күн салқындайды жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Астана қаласында

Қазақстан деп




Үлкен, бай, тәуелсіз мемлекет.


Қазақ тілі

Өсімдіктер,құстар, жануарлар, өсімдіктер,балықтар бар.


Н. Ә. Назарбаев



Ту, Елтаңба, Әнұран

Көк түсті,күн, қыран, ою бейнеленген.





Шаңырақ, пырақты ат, жұлдыз және Қазақстан деген жазуы бар.





Бәйтерек, хан шатыр, мешіт, пирамида.цирк, мега,думан.




Қайталау арқылы жаттайды.








Бірге қимылмен айтады.








Аспаздық орталығы


- Балалар, аспаздық орталығына қош келдіңіздер. Бүгін біз «Тәтті тоқаш» дайындаймыз.

- Балалар, еске түсірейікші ұннан қандай тағамдар жасаймыз?

- Аналарың ұннан қандай тамақтар жасайды?

- Дұрыс айтасыңдар! Мынау қамыр. Бұл қамырды дайындау үшін оған: жұмыртқа, қант, май, сүт,кішкене ас содасын және ұн қосып араластырып дайындадым. Балалар, сендер аналарыңа көмектесесіңдер ма? Қазір сендер қандай көмекші екендеріңді көреміз. Бірінші қамырды алып оқтаумен жаямыз, тек қатты жұқағып жаймыз. Сосын мына пішінмен қатты басып кесеміз. Содан кейін беіне қант себеміз. Түсінікті ма, балалар! Олай болса іске сәт!

- Балалар, айтыңдаршы нанмен ойнауға бола ма?

- Дұрыс айтасыңдар. Нанды бір қолмен үзбейміз,бөлмейміз. Қоқымын баспаймыз. Қайталайықшы

- Нан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Сергіту сәті

Дастарханды жаямыз,

Ортаға тағамды қоямыз.

Биік – биік үйлерде,

Тату – тәтті тұрамыз.







Кеспе,тоқаш,бауырсақ, макарон жасалады.


Кеспе,манты, бауырсақ, бешбармақ,

Лагман, шелпек,нан.





Мұқият тыңдайды.








Болмайды.


Қайталайды



Нан қоқымын шашпаймыз,


Бірге қимылмен айтады.


Рефлексивті түзетушілік:

- Қайда тұрамыз?

- Елбасы кім?

- Рәміздерге не жатады?

- Қандай тақпақ жаттадыңдар?

- Ұннан қандай тағам жасалады?

- Тоқашқа не қосады екенбіз?

- Өзін – өзі бағалау.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Отан туралы, ұннан жасалатын тағамдарды біледі.

Игеру: тақпақ, мақал – мәтел, тыйым сөздерді игеру.

Меңгеру: өз ойларын еркін жеткізіп, толық жауап беруді меңгеру.





























Астана қаласы

Білім басқармасы

5 «Ақбота»б/б











«Менің – Отаным Қазақстан» атты тақырыптық оқу іс-әрекеті

Ашық есіктер күніне арналған

ІІ- кіші «Қызғалдақ»тобы












Тәрбиешілер: М. С. Айыпова

Н. Ш. Нұрсейтова

Ассистент: Б. М.Сабитова










2013ж










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
394
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі