Менің отаным

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды патриоттыққа үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы





ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ

Тақырыбы:

«Менің Отаным»

Picture 2


Секция: «Мен зерттеуді үйренемін»

Орындаған: 3-сынып оқушысы Маликомар Ақниет

Жетекшісі: Мұстафаева Арайлым



2Shape1 018 жыл

Аңдатпа

«Отан» ұғымы –адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағынбаған жан болмаған. Туған жерге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен,суретшілер әсем бояумен, ал ақындар жыр жолдарымен, өлеңмен өрнектеген.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз - ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру.

Әркімге туған жері қымбат.Үш жүз жылдай уақыт туған жерін қорғап, оның еркіндігі үшін күрескен еліміздің тәуелсіздік туын желбіреткеніне міне 27 жыл толды. Қазір біздің еліміз басқа елдерге тәуелсіз Қазақстан Республикасы ретінде танымал. Елімізде 120 - дан астам ұлт өкілдері өзара тату өмір сүреді. Қазақ халқы осы достықтың негізі болып табылады. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады. Өзінің Отанын, туған жерін гүлдендіру үшін еңбек етеді.



ПІКІР

 

Маликомар Ақниеттің «Менің Отаным» атты ғылыми жобасы патриоттық сезімге тәрбиелеуге және қалыптасуына қолдау жасауға; туған еліме, жеріме деген сүйіспеншілікті арттыруға; үлкендерді сыйлау,  халқымыздың  таланты ақындарының өлеңдері мен ата бабаларымыздың  өнеге  етіп  қалдырған  даналық сөздері  арқылы тәрбиелеуге арналған.

Зерттеу жұмысында Ақниет Отанымыздың тарихына сипаттама бере отырып, оның маңызды тұстарына кеңінен талдау жүргізеді. Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз, бұл терминге анықтама бере отырып, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері болған әрбір уақиғаны жүйелеп, талдаған.

Зерттеуші Елбасымыздың халқына жолдаған жолдауларымен таныса отырып, олардың барлық қырын ашуға тырысқан.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.



Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Менің Отаным»

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан - бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз. Отан- бұл менің  туған ауданым, Жамбыл облысы,  менің Астанам. Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған. Сондықтан да менің зерттеу жұмысымның өзектілігі де сол, бұл жұмыс арқылы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеуге және қалыптасуына қолдау жасауға; туған еліме, жеріме деген сүйіспеншілікті арттыруға; үлкендерді сыйлау,  халқымыздың  таланты ақындарының өлеңдері мен ата бабаларымыздың  өнеге  етіп  қалдырған  даналық сөздері  арқылы тәрбиелеуге өз үлесімді қосқым келеді.

 Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы,тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін, зерделеу.

 Зерттеу жұмысының  міндеті:        

- Отанын, туған жерін сүю, келекшекке сеніммен қарау.

- Қазақ халқының тарихын, ұлттық мәдени мұрасын құрметтеу.

- Тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарау.

- Еліміздің байлығын қорғауға, өркендетуге үлесін қосуға бейімдеу.

Болжам:

Отанымыз өркендеп, алпауыт елдің қатарынан көрінеді.     





МАЗМҰНЫ


І.  Кіріспе…...…………………………………………………...........…….......6


Зерттеу бөлімі:

ІІ. Негізгі бөлім……………………………………………...…..............….…..8

2.1 Тарих беттерін парақтасақ. ….....................................................................8

2.2. Желтоқсанның жемісі -Тәуелсіздік. ……………………..........…..........12

2.3. Мың жаса, тәуелсіз қазақ елі. …………………….................................18

2.4. Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке ……………………….......................19

2.5. Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ..............................................23


ІІІ.Қорытынды……………………………………….........................………26


ІV.Пайдаланылған әдебиеттер………………………...................................28



 
















І. КІРІСПЕ

Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың елімзге,халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы,тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

Адамзат жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік ала қызбалыққа ұрынып, еліре аттапты. Енді сол өткеннің бәрі су сепкендей басылды. Тәңірім, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдық табалдырығынан аттап отырған біздерді де қай-қайдағы әулекіліктерге ұрындырмай, етек жиып, ес түгендеп алуымызға мұрша бергізгей.Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.

Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір тәңірге, жерде бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмыс ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.

Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен көз жүгіртіп байқасақ, ежелден–ақ ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз.

«Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан,ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.Сол аға-апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.

Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды…

Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.

Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Тарих беттерін парақтасақ.

Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.

Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, Қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.

тауелсиздикке книжный.jpg

Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай болды: ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды тап ретінде жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға зорлап кіргізілген шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізілді); мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде жергілікті (ұлт аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін орнату.

Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды. Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан Қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды…
Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді.

тауелсиздикке книжный.jpg

Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы Қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты… Алашорда партиясына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды… Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады… Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.

1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың Қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі — көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді.
«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ», — деп Ислам Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-1945 –ші жылдары ең көп қырылған Қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.
Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан Қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел Қазақ көрген азапты көрген жоқ.

Аяулы Отаным — Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным — Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы»,

«Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.

Мәселен, М. Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», дейді. Ал, В.А.Сухомлинский: «Отан — өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа»,- дейді. К.Г. Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.», — дейді. И.С. Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы — туған жер», — дейді. Ал, Ж.Ж. Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған»,- дейді. Ф.М. Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», — дейді. Л.Н. Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», — дейді. Осындай небір ұлағатты, қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас аға мыз Расул Гамзатов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар».

тауелсиздикке книжный.jpg

Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанда, 1929-1931 жылдары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам көтерілістерге шығып, наразылықтар көрсетті. Осындай азаттық күрестің басында халқымыздың ортасынан қайнап шыққан ірі-ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі, сеппкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді.

2.2. Желтоқсанның жемісі –Тәуелсіздік

Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді. 1986 жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20-шы айы өтіп жатқан-ды. Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік «сәуір тезистерінің» тың идеяларымен жігерленген Қазақ жастары орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде Қазақ жастарының ұлттық намысын ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-көз жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құбылды.

86C23A22-622B-4452-A196-1B4588A082F3_mw800_s.jpg

Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғы шарттарын дайындауға қызмет етті. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудем соқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есептейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, «бұл нағыз Қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер Қазақ жастарының Республика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп,- жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тентектік әрекетке балауы көрсоқырлық еді.

Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер «қазақ ұлтшылдығы» деген КОКП шығарған қаулының, яғни, қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды. 1991-жылы Қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді. Мұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр - ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».

1991 жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты баға сымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық.

Тәуелсіздік — халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік — халықтың тойы, елдің тойы. Қалың Қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.
«Қаз тұрып, қадам басқан
тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау жылдардың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етемін, ал, қиянат жасамағанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз — жасампаз халықпыз.

2.3. Мың жаса, тәуелсіз қазақ елі.

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!
Енді асқақ Отан деген ұғымға кең құлаш жайып бір тоқталып кетейінші.
Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды…

Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

Қазақстан — Қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да Қазақ жерінің топырағында тұнып жатыр.

1354522846_den-nezavisimosty.jpg

Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампАз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей.
Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.
«Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» — деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», — дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.

Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекет болып атап өткеніміз- елдігіміздің уығының нық бекіп, тәуелсіздігіміздің нығая түскендігінің белгісі. Аталған әлем жұртшылығы сауын айтқан бұл дүбірлі тойда Елбасының сөйлеген сөзі даңқымызды асырып, дәрежемізді көтеріп тастағаны анық. Мемлекет басшысының ойы- қазақ халқының ойы. Ол жерімізді Ұлы Дала, ал сіз бен бізді Ұлы Дала ұрпағы деп бекерден бекер атаған жоқ. Кәрі тарихтан білетініміз, Еуразияның кіндігіне қазық қаққан Қазақ жұрты- Түркі әлемінің мұрагері, ал оны жайлаған Үш Жүздің баласының Ұлы Дала ұланы болуы заңдылық деп білемін.

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да, және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де — әрқашан да бәрінен де биік тұрады.



2.3. Мың жаса, тәуелсіз қазақ елі.

Тәуелсіздік біз үшін қымбат, өте қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, өзінің табиғи болмысы мен жаратылысына сай өмір сүрген болса, осы табиғаттың бір бөлігі болып табылатын біз адамдар да тумысымыздан еркіндікті аңсаймыз, азат өмір кешуді қалаймыз. Жалпы ұлт деген ұлы қауымдастық тағдырлас һәм тамырлас адамдардың жиынтығы ретінде әрбір жеке адамның еркіндікке, азаттыққа деген құштарлығының жиынтық күшін білдірсе керек. Бір тілде сөйлейтін, бір отанды мекендейтін, діні бүтін, ортақ тарихы мен мәдениеті бар халықтың мемлекеттілікке қол жеткізген дәрежесі – ұлт. Сондықтан, менің түсінігімде ұлт, тәуелсіздік және мемлекет ұғымдары бірбірімен ажырағысыз байланыста, бірін бірі қажет етіп отыратын ұлы ұғымдар, қымбат құндылықтар.

Әлемнің әрбір еліне таралып кеткен қандастарымыз осы ұлттың ажырамас бөлігі ретінде бір тілде сөйлеп, бір әнді шырқап, өзінің ұлттық болмысы мен кескінін сақтай отырып, ортақ ұлы мұратқа үлесін қосып келді. Бір қызығы арадағы темір қабырғалар мен болат шымылдықтар біздің ұлттық тұтастығымызға қиянат жасағанымен зиянат жасай алмады, ұлттың өз ішіндегі байланысын, сабақтастығын бұза алмады. Біздер, әсіресе, Қазақстаннан жырақта жүрген қазақтар өз елімізге, отанымызға деген ерекше сағыныш сезімімен туып өстік, шетелдерде қазақтың атын жаңғырттық, туын желбіреттік және атамекенімізді бір көруге, қазақтың кең даласының жұпар иісін бір иіскеуге ынтызар болдық. Ал шындығына келгенде әлемді әскери күшімен тайсалтқан Кеңес Одағы жер бетінен жойылып, Қазақстан тәуелсіз ел болады да біз оған көшіп келеміз дегенді армандасақ та көзіміздің тірісінде көретін шығармыз деген жоқпыз. Рас, ол кездегі жағдай солай болды. Аллаһқа сансыз шүкір Қазақстан 1991 жылы тәуелсіз ел болып, оны басқа мемлекеттер танығанда құдды бір түсте жүргендей болдық-ау ағайындар. Мұндағы, яғни Қазақстанғады ағайындар да тәуелсіздіктің не екенін тәуелсіздік жарияланғаннан бірнеше жылдан кейін ғана барып түсінді, көзі жетті. Қазақтың өз байрағы, әнұраны, ақшасы, әскері, шекарасы, төлқұжаты бірінен кейін бірі пайда болған сайын ел тәуелсіздіктің шынайы мағынасымен танысты. Тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген жастар тек тәуелсіз Қазақстанды ғана біледі, олардың санасы мен психологиясында тәуелділік, бодандық деген ұғымдар жоқ, тіпті, болмай-ақ қойсын деп тілеймін.

Тәуба дейік достар. Тәуелсіздікке қол жеткізе алмай жүрген қаншама халықтар бар жер бетінде, солардың мұңлы тағдырынан ғибрат алайық. Бір ғана Палестинаны айтсақ та жететін шығар. Қазақстан әлем таныған ел болды. Осы жылдары шетелдерден миллионға жуық қандастарымыз атамекенге көшіп келді. Тәуелсіздік болмаса қалай келуші едік?!

2.4. Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке

25mangilik-el.jpg

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса,

азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық

жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында

жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де,

елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» 

(Н. Назарбаев).

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл - бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.

Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы

2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Биыл осы сұрақтарға жауап беретін, өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек, қателеспейміз.Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: «Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.

Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.»,- деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды.

Ал 2015 жылғы 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында сөйлеген құттықтау сөзінде Елбасы: «Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өтті. Жаңа астанамыз бүгінгі күні өзінің зәулім құрылысымен ғана емес, рухани орталықтарымен де көркейіп келеді Қазақстан — әлемдік аренадан өз орнын ойып алған Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Ел сенімі ақталды деген – осы. Елден дамыған елге айналуға, халықтың әл-ауқатын арттырып жақсартуға, жаһандық аренада ойып орын алуға мүмкіндік береді.Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбектің жемісі

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды. 
Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз. 

«Мәңгіліе ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы:

1.Қазақстан мен Астананның тәуелсіздігі

2.Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім

3.Зайырлы қоғам және жоғары руханилық

4.Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық 
өсім

5.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы

6.Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

7.Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандақ ат салысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығвйттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылықтарда жатыр.
Халқымыз Нұрсұлтан Назарбаевты әу бастан-ақ ел бағына туған президент деп сенген, екі тізгін, бір шылбырды қолына берген, адастырмас азаматым деп соңынан ерген, сөйтіп бүгінгі биігіне келген.

Алда да солай бола береді. Қазақтың басына бақыт құсы қона береді. 
Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 
Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатты айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Қазақтардың бүкіл тарихы, тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы – бұл тұтастық пен бірлесудің тарихы. Бірлікті сақтау мен нығайту – ең жоғары ізгілік.

ХХІ ғасырда бірлігі күшті, еңбегіне қуа­натын, адамдары дос ел ғана бақытты өмір сүре алады. Біз, қазақстандықтар, мұны өзіміз­дің жүрегімізбен сезіндік.
Тәуелсіздік жылдарында біз шыңдалып, рухани тұрғыдан беки түстік.
Біз – БҰҰ-ға кіретін 193 мемлекеттің біріміз. Олардың әрқайсының өз жоспары, өз болашағын болжау бар.
Адам өмірі оңдаған жылдармен шектеледі. Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халық Мәңгілігі туралы арманнан жоғары арман жоқ.Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенім арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – бұл біздің ұрпағымыздың көптеген буыны жүру маңдайына жазған миллиондар жолы. Біз белгілеген тарихи датаға дейін 36 жыл бар.2050 жылы 1991 жылы туған Тәуелсіздіктің құрдастары сол кезде үлкен өмірге қадам басатын жас қазақстандықтар үшін аға буын болады. Тәуелсіздіктің құрдастары шамамен 60-қа келеді. Олар ақсақалдар буынына айналады.Қазақтарда «Елу жылда – ел жаңа» деген ұғым бар. Бұл сөздер не ғылыми-техникалық прогресс, не инновациялық технологиялар болмаған ерте кезеңде айтылған.Біздің дәуіріміз – жылдамдықтар уақыты. ХХІ ғасырда қоғам әрбір бес жыл сайын түбірінен өзгеріп отырады. Сондықтан басты екі қағида халық тағдырын айқындайды.

Бірінші. Бұл ұрпақтар мен құндылықтар сабақтастығы.

Екінші. Ұлттың серпінділігі, жастардың инновациялылығы.

Біз өзіміздің тарихымызды батыл және лайықты жүзеге асыруға тиіспіз. Біз егер біртұтас болсақ, күштірек бола түсеміз. Біздің жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елдің мыңжылдық мәні, міне, осында.

Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата беретін боламыз.

Бұл – біздің мәңгілік ұстанымымыз!

Біздің халқымыз – ешқашан мызғымайтын, жыл өткен сайын нығайып, беки түсетін Мәңгілік Тәуелсіздіктің иесі. Тәуелсіздік толғауы ұрпақтың жадында жаңғырып, Тәуелсіздік Рухы әрбір азаматтың жүрегінде тербелсін!



2.5. Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Кез келген адам баласы дүние есігін ашқан соң есейе келе алдына мақсат-міндеттер қояды. Меніңше ең басты өмірлік міндетіміз - рухани жаңғыру.

Рухани жаңғыру адам баласының оның ішкі əлемінің жаңаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы "рухани жаңғыру" дəлел.

Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты руха­ни құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт рухания­тын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік ком­плекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәс­түрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, бай­ыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кер­тартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім куль­тін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды рево­люциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.

Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің ру­хани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қа­сиетті орындарды және аса қастерлі жер­лерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстан­ды өз шығармашылығы арқылы дүние жү­зіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жоба­сы бүгінгі замандастарымыздың түрлі са­лалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамта­масыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеология­лық жұмысының орта мерзімді перспек­тивадағы негізі болады.

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану за­манында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

Мен барша Қазақстандықтар əсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы"

Ендеше, рухани жаңару арқылы əлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туының астында бақытқа бірге жетейік.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Әрбір ұлттың, халықтың өз отанына деген қатынасы ерекше және өзіндік, құрметі өте зор. Туған елдің мәдениеті, тарихы, тұрмысы, салты, тілі – мұның барлығы халықтың рухани баға жетпес құндылығы, түп қазығы, айбыны болып табылады. «Отан», «Туған жер» дегеніміз неткен терең мағыналы ұғымдар. Олар адамға қуат, жақсы әсер беріп, намыс пен мақтаныш, сүйіспеншілік деген шынайы сезімдерін оятады. «Жарық дүниеде туған Отаныңнан сүйкімді не бар?» деп танымал неміс жазушысы Ф. Шиллер айтқандай, Отан расында да асыл даналық. Менің Қазақстаным – ең ыстық қалаулы, «алтын бесігім», сонымен қатар аяулы, маңызды, ардақты. Бүгінгі күнде мықты, асқақ беделді мемлекет болып әлем жүзіне танымал. Батыстағы Каспийден Алтай асқақ тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. «Қазақстан», «Отаным» дегенде көз алдыма биікке желбіреген ашық көгілдір жалаудың бейнесі , шалқыған көк жайлау, қалықтап ұшқан қыран құс, қанатты тұлпарлар, шегі көрінер емес кең байтақ қазақ даласы, алты қанат ақ орда, түтіні бұрқыраған ауыл елестеп, айдын көлдегі аққудың даусы, құлақтан кіріп бойды алар қасиетті домбыраның үні естіледі. Еліміздің туған тарихы айтарлықтай өзіндік. Біздің халықта атамекенді ардақтау сезімі өте терең болған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан бірігіп қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Қазақ тарихының әрбір белесінде халықтың мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, асқан ерлік көрсеткендер өте көп. Олардың аты мәңгі кейінгі ұрпақтың есінде қалады. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне жеткенше қус қанаты талатын қазіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыздың күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Қазіргі таңда біздің ел – гүлденіп келе жатқан, мықты мемлекеттердің бірі болып келеді. Осы қысқа тарихи мерзімде қол жеткізген жетістіктері көп. Әрине, осы жиырма жылдың ішінде егеменді еліміз өз дамуында ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың ересен күш-жігері, кемел ақыл, кемеңгер саясатымен бір ғасырға бергісіз жолды еңсеріп үлгерді. Бұл жол, алайда, теп-тегіс тақтадай жеңіл болған жоқ. Кешегі КСРО -дай алып державаның күйреп құлағаны, оның құрамындағы барлық елдердің есін тандырып түскенін ешкім жоққа шығара алмайды. Міне, осы бір, әсіресе әлеуметтік экономикалық тұрғыда қисапсыз қиындық туғызған тұста тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаев «тәуекел түбі - жалқайық»дегендей, елдің бар құрылымын нарықтық қатынастарға бұрды. Шынында, қандай қиындық, қандай кемшілік болса да, осы бағыт еліміздің өркендеуіне жол ашты. Сондай-ак Қазақстан бейбітшілік елшісі ретінде танылған мемлекетке айналып отыр. Өз еркімізбен ядролық қарусыз ел атанғанымыз бұл бүкіл әлемдік өркениетіне ерекше әсер еткені айқын. Мұның бәрі Қазақстанның өз ішіндегі қоғамдық тірліктің үлгісінен туындап жатқаны белгілі. Бұл елдегі 140 этностың бір шаңырақ астында тату -тәтті өмір сүруінің шынайы белгісі болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Есілдің ен бойында жаңа ел орда орнығып, Сарыарқаның төсінде Астана бой көтерді. Тарих қойнауында өткен бұл кезеңде Қазақстан әлем аренасына үлкен беделге ие болып , іргетасы берік орнықты. Төрткүл дүние қазақтың кім екенін танып білді. Қазіргі уақытта мектептен бастап жеке тұлғаны, әсіресе интеллектуалдық тұлғаны қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі ең маңызды мемелекеттік істің бірі болып келеді. Бұл мақсатта мемлекет тарпынан «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда қазақстандық интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруда шет елдердің атақты жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан білімді жастарға, еліміздегі зияткерлік мектептердің оқушылары мен «Назарбаев университеті» студенттеріне үлкен сенім артылуда. Оқушыларды білім ордасының қабырғасында жүргенде ақ зерттеу жұмыстарына тартып, болашаққа қлғамның интеллектуалды элитасын қалыптастыру басты міндеттердің бірі ретінде қойылып отыр. Егеменді еліміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында екені ақиқат. Сондықтан біздің, жастардың алдындағы биік мақсат – отаншыл, нағыз патриот болып жас мемлекетіміздің дамуына , гүлденуіне үлесімізді қосу, отанымыздың жарқын болашағы үшін арпалысу.

















ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. «Егемен Қазақстан » газеті.

  2. «Ел» газеті.

  3. «Тәуелсіз Қазақстан шежіресі 2010 ж»

  4. «Ақтөбе» газеті.

  5. «Жас алаш» газеті.

  6. «Елбасы » кітабы.

  7. Сравнительная педагогика. Москва.Дерябин,Ю.С,2004ж

  8. Развитие образавания в современном мире.

  9. Москва:ВЛАДОС,Джуринский, А.А. 1999ж

  10. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,І деңгей, 2012ж

  11. Назарбаев, Н.Ә. ( 2012 ж) «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 12 желтоқсан 2012 ж, akorda.kz

  12. Назарбаев, Н.Ә. ( 2012 ж) «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 27 желтоқсан 2012 ж, akorda.kz

  13. Метод проектов на  уроках иностранного языка/ Иностранные языки в школе. Москва, Полат,  Е.С. 2000 г


14


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2018
538
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі