"Менің Отаным - Қазақстан" атты Тәуелсіздік күніне арналған мектепалды даярлық тобының ертеңгілігінің бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің Отаным - Қазақстан" атты Тәуелсіздік күніне арналған мектепалды даярлық тобының ертеңгілігінің бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ертеңгілік бағдарламасын тәуелсіздік күні мерекесіне орай балабақшаны мектепалды даярлық топтарында немесе мектептің мектепалды даярлық сыныбында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚР БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ШҚО «ҰЛАН БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ
«АЙГӨЛЕК» БАЛАБАҚШАСЫ КМҚК











«М Е Н І Ң О Т А Н Ы М –

Қ А З А Қ С Т А Н ! »

/Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған ертеңгілік бағдарламасы/



















«Айналайын» мектепалды даярлық тобы

Жоспарды құраған және өткізген:

тәрбиеші Ағзам А.А.





Бозанбай ауылы, 2017-2018 оқу жылы


Ертеңгілік тақырыбы:

«Менің Отаным - Қазақстан»

Мақсаттары:

Туған еліміз – Қазақстанның тарихын Тәуелсіздік мерекесімен байланыстыру. Танымдарын кеңейту, тіл байлықтарын дамыту, ән-биге деген қызығушылықтарын арттыру. Эстетикалық тәрбие беру.Өз Отанын мақтан тұтуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар:

1 – «ТӘУЕЛСІЗДІК - 26 » жазуы.

2 – «Көгілдір тулар» биіне атрибуттар дайындау.

3 – «Қарлығаш» және «Көркем әдебиет» хрестоматиялары

4 – Техникалық құралдар + минустар

5- Шарлар

6 – Елтаңба суреті және кішкентай тулар

7 - Ватманға салынған бәйтеректің суреті және балалардың есімдері жазылған жапырақтар

Тәрбиеші:

Армысыздар, қонақтар!

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермен!

Еліміздің тәуелсіздігі күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» атты мерекемізге

«Қош келдіңіздер!» /балалармен бірге/.

Н.Ә.Назарбаевтің сөздері:

«Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жеріндеқлы кезеңді астан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»

Тәрбиеші:

Шексіз көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі

Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын,

Әнұран- мемлекеттің халық әні.

  Әнұран орындалады.

Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі.

Ержомарт Меруерт Аскербекқызына беріледі

Тәрбиеші:

Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым,

Ту төрінен елге нұрын төкті күн

Ту төбемде қанат қақты қырандай,

Қуанбаған ешбір қазақ жоқ бүгін.

Димаш пен Інжу Елтаңбаның суретін ұстап ортаға шығады

С.Қалиұлы. «Елтаңбасы елімнің».

Димаш:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Інжу:

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім – Елтаңбам!

Барлық балалар қолдарына кішкентай туларын ұстап ортаға шығады

«Бұлқынды жүрек» әні.

Т.Молдағалиев. «Көк ту».

Ұлағат:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Батырбай:

Көк аспанда алтын күн

Көк аспанда – жас қыран.

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан

Меруерт:

Тәуелсіздік келді деп

Оралды қайта салтымыз,

Баянды болғай енді тек

Бақытты біздің халқымыз.

Ән: «Отаным»

Тәрбиеші:

Тәуелсіздік жолында

Тапқан жолдың шешімін

Президенті қазақтың,

Айтшы, қане, есімін?

Балалар:

(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Тәрбиеші:

Келген емес жайдан жай,

Жеңдік барлық езгіні,

Тәуелсіздік алған ай,

Жылдың қай мезгілі?

Балалар:

(Қыс мезгілі, Желтоқсан айы).

Тәрбиеші:

Балалар, Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға – тәуелсіз ел болу арманына біздің қазақ халқы да жетті.Әрқашанда тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі бік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңайлықпен келмеген тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік!

1.

«Желтоқсан құрбандары» атты презентациямен жұмыс.

Оңғар: Қайрат Рысқұлбековтың ақтық сөзінен үзінді оқиды.

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!

Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу.

«Жүректен – жүрекке»:

Балалар,кәне, күн секілді дөңгелек шеңбер жасайық,бір-бірімізге

қарайық.Досыңның күле қарап тұрғаны – саған қуаныш сыйлағаны емес пе? Ендеше шат көңілмен сіздердің назарларыңызға мына бір көріністі ұсынайық!

Көрініс: «Әкесі мен балалары»

Әкесі: Ақжан

Балалары: Батырбай, Ақтілек, Оңғар


Ж.Жақыпбеков. «Бейбітшілік болса»

Айару:

Алаулап гүл тұрады

Туған жер құлпырады

Бейбітшілік болса!

Түрленіп бақша-бағы

Тірлік те жақсарады

Бейбітшілік болса!

Төлебай:

Үйлер де құламайды

Ешкім де жыламайды

Бейбітшілік болса!

Балалар болады аман

Аналар болады аман

Бейбітшілік болса!

Ә.Дүйсенбиев. «Ағайынбыз бәріміз».

Ақтілек:

Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос, бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз, қара сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Ақжан:

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су ортақ

Болсын кен мен көл ортақ

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Тәрбиеші:

Қане, биге басайық

Салтанатты көңілді

Таң –тамаша жасайық,

Шалқытып шат өмірді.

«Көгілдір тулар» биі

Билейтіндер: Айзере, Айшуақ, Інжу, Меруерт, Айару, Димаш, Ұлағат, Ақарыс, Олжас, Төлебай,

/Ө.Тұрманжанов. «Туған өлке»

Айшуақ:

Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Олжас:

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Тәрбиеші: Балалар, енді бір сәт туған өлкеміз, Отанымыз туралы әңгімелесейікші. Әр адамның өз туған өлкесі, өз Отаны болады.

Сұрақтар:

  • «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары:

  • Отан – ол біздің туған жеріміз

  • Отан – ол тұратын жеріміз, отбасымыз

  • Отан – біздің табиғатымыз, қоршаған ортамыз

  • Отан – біздің атамекеніміз

«Атамекен» әні.

Орындайтын тәрбиешілер және тәрбиеші көмекшісі

Сұрақ:

Балалар, «Отан» сөзі туралы тағы не білеміз?

Балалардың жауабы:

Отан – ол біздің Астанамыз!

Сұрақ: Балалар, отанымыздың жүрегі – Астана қаласының мақтанышқа лайықты жерлеріне тоқталайық. Астананың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

Интерактивті тақтамен жұмыс:

«Астана – елімнің жүрегі» атты презентация

  • «Хан шатыры»

  • «Бейбітшілік және келісім сарайы»

  • «Тәуелсіздік» монументі

  • «Алау» мұз айдыны

  • «Бәйтерек», т.б.

Тәрбиеші: Бәйтерек – Астанамыздың жүрегі. Олай болса, біз де Отанымыздың бәйтеректей өсіп өркендеуіне өз үлесімізді қосып, мына бәйтерекке жапырақтарымызды ілейік! Әр жапырақта сендердің есімдерің жазылып тұр.

Тәрбиеші:

Осындай мерекелік көтеріңкі көңіл- күймен Н.Айтовтың «Бір шаңырақ астында» өлеңінен үзіндімен мерекемізді қорытындылайық, балалар!

Хор:

Ортақ болып ісіміз

Еңбек десе, тынбаймыз

Үлкен сыйлап, кішіміз

Аға ақылын тыңдаймыз

         

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2018
1627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі