Тақырыбы: «Менің Отаным –
Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік: Жас
ұрпақтың
Отанға деген жауапкершілікті
сезінуіне ықпал ету, еліміздің рәміздерін қастерлеуге,
Қазақстан Республикасының
Конституциясына деген мақтаныш сезімдерін ояту және оларға
құрметпен қарауға баулу.
Дамытушылық:
Қазақстан Республикасының
Конституцияның, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы
түсінік беру, Отанын, туған жерін қорғай білуге, оқушыларды
ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге,
патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу,
шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне
білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының
картасы, ,рәміздер, авторларының суреттері,
Тәуелсіздікке -25
слайдтар,бейнеролик,
Астана қаласына
байланысты суреттер, интерактивті
тақта.
Әдісі: сұрақ :
жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі,
көрнекілік
Формасы: тәрбие
сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық тәрбие беру.
Барысы: І
Ұйымдастыру кезеңі
- «Менің Отаным - Қазақстан»
тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
орындалады.
-Биылғы жылы
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы
отырмыз.
Қазақстан туралы бейнеролик
көрсету.
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай
300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға
созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол
мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған
егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,
мол.(слайдтан көрсетіледі)
Сен, білесің бе? «Отан» туралы викториналық сұрақтараға жауап
беру.
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін
тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір
мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1 - оқушы:
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы: 3 - оқушы:
Отан - жерім, Отан - суым, Отан деген - атамекен,
Отан - қуат, нәр береді. Отан деген - туған жер.
Отан - ұран, Отан - туым, Отан - ана, Отан - пана,
Отан мәңгі гүлденеді. Қазақстан - туған ел
Сүйемін мен Отанымды, 4 - оқушы: Отанды біз атамекен,
Гүл жайнаған жерімді. Деп аялап айтамыз.
Сүйемін мен ата - анамды, Өйткені оны мекен еткен
Мені өсірген елімді. Бабамыз бен атамыз.
5 - оқушы:
Отанды жас - кәріміз де, Өйткені онда бәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз. Туып, өмір сүреміз.
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай
мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Туған жер – алтын бесік.
4. Туған жердің топырағы да ыстық.
Хор: «Атамекен» (ата - аналардың оындауында)
Ақтілек Ж. Смақовтың «Туған ел» өлеңін оқиды
10 - оқушы:
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен,
жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын
адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер -
Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына
Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз
бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Рәміздер, ҚР конституциясы
туралы бейнероликтер көрсету.
Хор: «Елтаңбасы елімнің» әні
11 - оқушы:
Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің.
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп,
аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен
өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық.
Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта
білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударалық.
Ортаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш бала
шығып, сөздерін айтады.
12 - оқушы: 13 - оқушы:
Жаңа ғана қазағымның таңы атты, Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты. Болашақтың қасиетті көзіміз.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам, Барлық ұлтпен бауырласып
жетелеу,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты. Ақ, қараны тіліп тұрса
сөзіміз.
14 - оқушы: 15 - оқушы:
Отан - менің өзегім, Отаным - менің өзегім,
Қиының болса төземін. Қырыңды шарлап, кеземін.
Алдағы бақыт шақтарды, Білу керек әр ұрпақ,
Жүрегіммен сеземін. Бес саусақтай өз елін.
16 - оқушы:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
17 - оқушы:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
Хор: «Сүйікті Отаным»
20 - оқушы:
Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен
айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім.
Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.
Мұғалім: «Көп ұлтты болуымыз-
біздің байлығымыз, матанышымыз...
Тату елге тыныштық орнайды.
Бейбіт елде ғана береке болады...»-деп Елбасымыз Н.Назарбаев өз
сөзінде еліміздің татулығы жөнінде
баяндаған.
21 - оқушы:
Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Ән «Бақытты балалық шақ»
22 - оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
«Туған ел» әні Марат Мақсат орындайды.
23 - оқушы:
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
24 - оқушы:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
25 - оқушы
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
26 - оқушы:
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жерұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!
Айкөркем «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды.
Хор: «Біз Қазақстан балаларымыз»
Қорытынды:
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе
деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар
перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз
жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты
қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық
дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау
болыңыздар!