Менің Отаным Қазақстан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің Отаным Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңа оқу бағдарламасы бойынша жасалған, мұғалімдерге арналған көптеген әдіс-тәсілдері бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:______________

Бөлім: Менің Отаным Қазақстан

Сабақ № 38

Сабақтың тақырыбы:

Жүсіпбек Аймауытов.

Қартқожаның туған жері.

Мұғалімнің аты-жөні:Сүлейменова Ж.

Күні: 6.12.2018

СЫНЫП: 2 «В»


Қатысқан оқушылар саны: 24


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу

2.2.8.2 - мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру

2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстырады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы білім

Туған жердің қадірін, Отан туралы мақал-мәтелдерді біледі.

Тілдік мақсат

Мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтінді талдайды, әр бөлікке ат қояды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық тренинг.

Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің? Тірек,тірлік,адамдық.

Әрбір сөзің? Шындық,бірлік,адалдық.

Сәлеметсіздерме балалар. Бүгін аптаның қай күні?

Бейсенбі күніміз сәтті болсын!

Топқа бөлу. Сөздер арқылы: қуныш,шаттық,бақыт,татулық.

1-топ. қуаныш

2-топ. шаттық

3-топ. бақыт

4-топ. татулық

Балалар күнделікті сабақта біз қалай жұмыс жасаймыз?

Олай болса топ ережелерін еске түсірейік.

Топпен жұмысты бастамас бұрын топ басшыларын сайлап, бір-бірімізге сәттілік тілеп алайық. Топта тәртіп сақтап,сабаққа белсенділікпен қатысайық.

Топ ережесі

1.Бірін-бірі тыңдау

2.Ұйымшылдық

3.Белсене қатысу

4.Ақылдасып жұмыс істеу.

5.Топтық шешім қабылдау


қуныш,

шаттық,

бақыт, татулық сөздері жазылған парақтар

Сабақтың ортасы

5мин




























5 мин












10мин





















Мағынаны ажырату

Ой қозғау.

Оқушыларға оқулықтағы сөзжұмбақты шешкізу.

Тақырыпты болжау.Осы сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжау

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып жетістік критерийі анықталады.

Сөзжұмбақ шешкізу. «Отан»

1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?

2.Отбасыңдағы әке атауы.

3.Ел сөзін тағы қалай атауға болады?

4.Мемлекеттік рәміздердің бірі?

1.ОРМАН

2.ОТАҒАСЫ

3.ХАЛЫҚ

4.Гимн

Адамға неге туған жері ыстық болады?

Ұжымдық жұмыс

Отан сөзін басқаша қалай айтуға болады? (Туған жер,атамекен,туған өлке,туған ел) Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері,туған туыстарымен тұратын атамекені.Отансыз адам болмайды.Біз Мәңгілік елге айналу үшін әрқайсымыз Отанымыздың көркеюіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
-Ендеше көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып оқиық.

Дәптермен жұмыс.
Менің ....... – Қазақстан.

Менің Отаным – Қазақстан.
-Олай болса Отан туралы Мұқағали Мақатаевтың өлеңін видеожазбадан тындайық. 
- Видеожазба ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар? Не туралы болды?
-Осы бейнебаян арқылы бүгінде күннен күнге дамып келе жатқан елімізді көріп, еліміздің дамуында үлкен еңбегі бар.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде.

Тұңғыш президентіміз кім? Тұңғыш президент күні қай күн?

2. Жүсіпбек Аймауытов (18891931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

Қартқожаның туған жерін қалай жақсы көретінін білгілерің келе ме?

Әңгімені оқымас бұрын сөздікке назар аударайық.

а) Сөздік жұмысы.

Қотан –қой кіретін үй маңы.

Үй басы – әр үй

Ет бауыр жақын – өте жақын туыс.

Шерсіз – қайғы – мұңсыз.

Балапан жүректі – сәби, жас жүректі.

Қас қарайды – кеш болды.

Жетесіз – ақылсыз.

ә) Тыңдалым.

Мәтінді электронды оқулықтан тыңдату. Оқушыларға оқыту (жеке, топпен, терме, тізбектей).

Мазмұнын қысқаша баяндау.

Кері байланыс:

  • Әңгіме кім туралы?

  • Мәтін неше бөліктен тұрады?

  • Қартқожа өз туған жерін қалай сипаттаған?

  • Сендер өз туған жерлеріңді қалай сипаттар едіңдер?

Дескриптор:

  • Әңгіме не туралы екенін өз түсінігімен айтады.

  • Мәтін неше бөліктен тұратынын талдайды.

  • Қартқожаның туған жерін сипаттайды.




Оқулық,

мәтіндер.





Оқулық,

қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер







Электрондық

оқулық




видеоролик

















Ж. Аймауытов




Электрондық

оқулық


Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Жаса Қазақстан"


Оқушылар ән айтып, сергіп қалады.

5 мин



























5 мин








Топтық жұмыс

1-топ. Туған жер туралы шағын мәтін құрау.

2-топ. 5 жолды өлең стратегиясы
1. Зат есім. Туған жер
2. Сын есім. Кең байтақ, ыстық, үлкен, ұлан-ғайыр
3. Сүйеді, қадірлейді, құрметтейді
4. Сөйлем. «Неткен сұлу, неткен көркем осы менің туған өлкем»
5. Синоним «Атамекен»

3-топ. «Зердесіз», «шерсіз», «жетесіз» сөздеріне қарама-қарсы мәндегі қатарды табу. 
Зердесіз – зерделі, ойлы 
Шерсіз – қайғылы, мұңды 
Жетесіз – текті, көргенді, әдепті.

4-топ. Мәтіндегі көркем сөздерді тап.

Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, түтіннің иісі, күлімсі шуаш иісі

Бағалау: Топтар бірін-бірі «смайлик, бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды

Кері байланыс:

  • Әр адамға туған жері не себепті ыстық болады?

  • Көркем сөздерді ата.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Зерделі, ойлы дегенді қалай түсінесің?

Дескриптор:

  • Көркем сөздерді атайды.

  • Туған жер туралы мәтін құрайды.

  • «Қазақстан» тақырыбында «5 жолды өлең» құрайды.

  • «Зердесіз», «шерсіз», «жетесіз» сөздеріне қарама-қарсы сөздерді табады.

Бағалау: Смайлик арқылы бағалау


Жұптық жұмыс.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер жинақтау

Кері байланыс:

  • Туған жер туралы мақал-мәтелді ата.

  • Дескриптор: Туған жер туралы мақал-мәтелдерді атайды.

Бағалау: Жұптар бірін-бірі «от шашу» әдісі бойынша бағалайды






Сюжетті суреттер













Сюжетті суреттер

Сабақтың соңы

3 мин


«Шашылған әріптер» әдісі арқылы оқушылардан бүгінгі сабақтан алған әсерін сұрау.


н

п

о

к

ә

а

р

ө

с

с

ү

қ

ы

д

ш

б

ж

т

ы

і


Өлең жолдарын аяқтау.

Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.

Рефлексия

«Блоб ағашына» стикерді жапсырады.



Шашылған әріптер





Түрлі түсті стикерлер

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау

Топтық жұмыс барысында қолдау көрсету, саралаудың қолдау түрі орын алады.

Оқушылардың сөздік қоры молайып, сөйлеу дағдысы қалыптасты.Жеке жұмыс бойынша берілген тапсырма арқылы ойлау қабілеттеріі артты. Балалар суреттер бойынша әңгімелеуге төселді. Ұжыммен тәжірибені көру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы байқалды.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.

Өзара бағалау

Мұғалімнің бағалауы (смайликтермен бағалау, мадақтау, бармақпен бағалау арқылы оқушыларды ынталандырамын)

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Сөзде қанша дыбыс,қанша буын санауда барысында қазақ тілімен,

сергіту сәтін жасағанда музыка пәнімен байланыс.

Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңінде электронды оқулықпен жұмыс орнады.

Топтық жұмыс кезінде рухани, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жаңашылдыққа үйренеді.


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2018
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі