"Менің Отаным-Қазақстан "

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің Отаным-Қазақстан "

Материал туралы қысқаша түсінік
Технологиялық карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші Оралбаева Гүлмара Құрманбайқызы

«Шұғыла» бөбекжай-бақшасы»

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Байқадам ауылы

Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»

Білім беру саласы. «Әлеумет»

Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту.

Балалардың мемлекеттік рәміздері туралы түсінігін толықтырып нақтылау .

Астана,Ақтөбе қаласымен таныстыру.Балалардың өз Отанына ,туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін,өз елінің тарихына деген қызығушылығын ояту.

Туған жерін,туған елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.


Сөздік жұмыс:Республика,Отан,Астана,Ақтөбе,Ұлт,Ту

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,әңгімелесу

Көрнекілігі: Қалалардың,көлік түрлерінің суреттері,рәміздердің суреті


Тәрбиешінің іс-әрекеті

I.Ұйымдастырушылық кезеңі.

-Балалар,бүгінгі ұйымдастырылғын оқу қызметіміз «Менің Отаным-Қазақстан» -деп аталады.


-Балалар қане дөңгеленіп тұрып шаттық шеңберін құрайық.

Біз Қазастанда тұрамыз,

Біз өз Отанымыздың балаларымыз!

Мен мақтан етем,

Менің Отаным-Қазақстан!


II.Негізгі бөлім

Бүгінгі ұйымдастырылғын оқу қызметінде біз мемлекетіміздің қалаларына саяқатқа барамыз.Бірақ сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге Қазыбек бидің «Не қымбат?» өлеңін мәнерлеп оқып берейін.

Не қымбат?

Алтын ұяң Отан қымбат ,

Құт-берекең атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді араң қымбат,

Асқар тауың-әкең қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.


-Балалар ,Қазыбек би не қымбат деген сұраққа қалай жауап берген екен?


-Ана қымбат

-Әке қымбат

-Ата қымбат

-Апа қымбат

-Отан қымбат


-Дұрыс балалар.Адамға жақын ана,әке,ата,апа.Ал ең бастысы-Отан.

-Отан дегеніміз не?

-Отан жайлы не білесіңдер?

-Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан-үлкен мемлекет.Онда көптеген қалалар,ормандар,дала мен таулар,өзен-көлдер бар.


Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тауып ал»

Ойын барысы: тақтаға көптеген мемлекеттің туы ілінген.Осы тудың ішінен өз туыңыды көрсету.


-Балалар ,Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?(қалаларды атап өту)

-Ал онда сол қалаларға саяхатқа аттанайық.

-Саяхатқа бару үшін біз көлікті пайдаланамыз.Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? (көлік түрлерін атап өту).

1-аялдама:Астана қаласы

Астана туралы тақпақ

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам,бас қалам.


-Астана қандай қала?

-Неге оны бас қала дейміз?

-Әр елдің нелері болады?

-Біздің мемлекеттік рәміздеріміз қандай?


2-аялдама: Ақтөбе қаласы

Біздің туған жеріміз Ақтөбе қаласы

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қандай ұлт өкілдері тұрады?


Қорытынды:

-Балалар ,бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай тақырып өттік?

-Біз не істедік?

-Қандай қалаларға бардық?

-Жарайсыңдар балалар барлығың өте жақсы қатыстыңдар.


Тәрбиеші:Оралбаева Гүлмара Құрманбайқызы

«Шұғыла» бөбекжай-бақшасы»

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Байқадам ауылы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі