Материалдар / "Менің Отаным Қазақстан" ертеңгілік

"Менің Отаным Қазақстан" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


«Отаным-тәуелсіз Қазақстан» мерекелік ертеңгілігі
Мақсаты
: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.
Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, әріптестер және балалар! 16- желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Балалар муз залға кіреді, ту үстап.

Жүргізуші:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Отан туралы өлең шумақтарды қабыл алыңыздар.

Саяла: 

Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер,
Отан-ана,
Отан –улкен

Қазақстан-туған ел.

Алиасқар:

Отан-жерім,

Отан- суым,

Отан қуат, нәр береді

Отан-ұран,

Отан-с-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Асұлан:

Әйнегі күн,

Шатыры-аспан,

Кің далам асқақ.

Төсі толған егін,

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан-Республикам менің.

Жүргізуші:

Отанды
Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.

Әнұран айту.

Тәрбиеші:Біздің жігіттердің қамшы биін қабыл алыңыздар.

Би: «Қамшы биі»
Тәрбиеші
: Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады.
- Қазақстан мемлекетінің рәміздерін айтып беріңдерші.
Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалардың орындауында «Қазақстан-қуатты жер»

Қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу»
Сезім.

Қазақстан республикасының елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, Шота-Аман уалиханов.

Елтаңбасы елімнің,                    
Неткен әйбат, әдемі!                                  
Тұнығындай көңілдің,                                  
Ортада-аспан әлемі.                                      
Құт, береке-шаңырақ,                                   
Орын алған ол төрден.                                 
Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.


Назгуль:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.


Арсен:

Әнұраны елімнің

шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.


Тәрбиеші: 

Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,
Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.
Елордам халқым үшін ерен бөлек-
Тәуелсіз еліміздің Астанасы!
Ал, енді біздің балалардың «
Астана-бас қала» әнін қабыл алыңыздар.

Кәусар: 

Астана-арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады жап-жас болып

Мен үлкен болғанда да.

Жания:

Жаса-жаса Астанам,

Өркен жол бастаған,

Болашақтың есігін

Өз қолынмен аш маған,

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған

Халқым жетсің мұратқа,

Ей, бас қалам- Астанам.


Ернат:

Шырқап көкке асқан-ән

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам- Астанам.

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өріңде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам-Астанам.

Ойын «Бәйтерек»

«Солдат болам мен ертен» ұлдардың орыңдауыңда ән

Тәрбиеші: 

Тал шыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай.
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой қыздар-ай.

Би: Кыздар биі «Мой Казакстан» /кобыз/

Ағылшын тілінде тақпақтар

Аружан, Жантөре, Асылхан.

Орысша тақпақтар

Көрініс: «Әже мен бала»

Рольдерде: Әже- Альмаганбетова Бахыткүл

Бала-Өтепова Ясмин

Кайрат Рысқұлбеков -Жанар Толеуовна

Бала жүгіріп әжесіне келеді.

Бала: Әже-әже, не істеп жатырсың?

Әжесі:Ой құлыным, мен ұршық иіріп жатырмын. Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың.

Бала: Әже,әже, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Әже, «Тәуелсіздік» деген не?

Әжесі: Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір!

Бала:әже, мен сізге тақпақ айтып берейін бе?

Әжесі: Айта ғой,құлыным!

Бала Ясмин:

Күміс күй мен әнге толып тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той.

Әжесі: Ой ,ақылдым,өркенің өссін.

Кайрат Рысқұлбеков:

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

Өзіңдікі-елің де,

Өзіңдікі- жерің де.

Өзіңді-өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төрінде.

Үнсіздік сәті (Желтоқсан оқиғасы жайлы слайд)

Кайрат Рысқұлбеков:

Балалар қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы туымыздай мәңгі биікте болсың.

Әже:

Әне,әне жарқырап күн де шықты, тәуелсіздіктің таңы атып келеді, туымыз да биікте желбіреп тұр.

(Одан соң сахнаға 11 бала шетінен шығады, қолдарында шарлары бар.).

Тәрбиеші: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алған.

«Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген .

«У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі

«Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу

«Л» - лапылдап жансын намысың

«С» - сүйіп өт елді, жеріңді

«І» - ілессін ұрпақ ұранға

«З» - зиялы ұрпақ көп болсын

«Д» - даланың атын ұлықтасын

«І» - ілінсін әлемнің биік шыңына

«К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі

Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік, Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары баласы» деп, хормен айтады.

Сезім Серік орындауында «Жаса Қазақстан»

Флешмоб «Астана».





























Алтын адам келеді.

Тәрбиеші:

Сәлеметсіз бе, Алтын адам! Мерекемізге қош келдіңіз! Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа Алтын адам келді. Бұл «Алтын адам» деген атқа ие болған ғажайып ескерткіш. Оның салтанатты бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200 –ден астам аң құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару жарағы мен мен басқа да бұйымдары алтынмен көмкерілген. Оны «Алтын адам» деп атуы да содан.








Тәрбиеші: Балалардың тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Жанайым:  Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,
Атын атап ақын оны жыр қылды.
Сол күнменен қатар туған сәбилер,
Кішілерге аға болып үлгерді.
Мағжан: 

Тәуелсіздік – балалардың ұраны,
Бей уақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік- түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.
Айша: Тәуелсіздік еліміздің күн,айы,
Жанға қуат беретіндей ұдайы.
Еліміздің аталғандай есімі,
Еліміздің кіретіндей шырайы.

Малика: 

Тәуелсіздік – таң нұрысың арайлы,
Бабалардың арманысың талайғы.
Ғасырлардың құшағында ер жеттің,
Халқым сені өз бақыты санайды.
Сен әкелдің шаттығымды, күлкімді
Ата-бабам армандаған бұл күнді.
Тәуелсіздік өркендесін өрісің,
Бақытпенен қауыштырған жұртымд

Би: «Қара жорға»

Ән:«Атамекен» әні
Осымен, Қазақстан Республикасының 25жылдық мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ел тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіресін!



Сұрақтар:

1.Балалар,біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар:Қазақстан.

2.Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстан тәуелсіз,егеменді мемлекет.

3.Президентіміз кім?

Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаев.

4.Еліміздің елордассы қалай аталады?

Балалар: Астана.

5.Астана қандай қала?

Балалар:Астана –бас қала,әдемі үлкен қала.

Аяла: Қазақстан – өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы бүгінгі күні – егемендікке қол жеткізіп отырған ел..Балалардың жауаптары тындалады.









«Тәуелсіз елім - Қазақстаным»

Мақсаты :

Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!

«Айгөлек» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалар ән ырғағымен залға кіреді.

Әнұран айтылады.


Тәрбиеші сөзі:

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.

Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.


-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.

Тәрбиеші сөзі:

Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.


Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.



- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.


КӨРІНІС


Тәрбиеші сөзі:


Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған түн.

16 желтоқсан-

Тәуелсіздік туған күн!


-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.


-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)


Тәрбиеші сөзі:

-Енді бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Күш сынасу»


Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін.

Би: «Қара жорға»


Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру


«Болса екен қазақ баласы»

Ертеңі өсіп елімнің

Сабырлысы болса екен

Ар-ұятты айбатты

Азулысы болса екен

Батыл, берік орнықты

Байсалдысы болса екен

Алғыр, зерек, мейрімді

Ақылдысы болса екен

Тапқыр, шешен талапты

Өнерлісі болса екен

Ойшыл, өткір, дарынды

Білімдісі болса екен

Сергек, іскер, сезімтал

Саналысы болса екен

Парасатты намысты

Отаншылы болса екен

Болса екен қазақ баласы

Ел ішінде өсетін

«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін

Ізгіліккке леп едім

Жақсылыққа сеп едім

Тәуелсіз елдің ертеңін

Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.

Олай болса балалар, «Отан» әнін бірге тамашалайық

Ән: «Отан»

Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!





Тақпақтар


Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен ляззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік


Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан



Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн


Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні - бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні - бұл.



Елдігімнің – реңі,

Тендігімнің – тірегі

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі.

Алтын заңым – арай таным!



Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.


Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.


Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық


Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлділі.

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл - күні!










21 Желтоқсан 2017
2684
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі