Материалдар / "Менің Отаным" тақырыбында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Менің Отаным" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал шағын орталықтың музыка жетекшісіне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пәні: Музыка

Мақсаты: Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге баулу. Алдын ала қалалар, туған жер, ауыл туралы әңгімелеу.

Көрнекілік: қалалардың көрнекті жерлерінің, еліміздің сұлу табиғатының көрінісін бейнелейтін суреттер, слайдтар. Түрлі түсті жалаушалар.



Оқу іс-әрекет кезеңі


Жетекшінің іс - әрекеті


Балалардың іс - әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық

«Марш» (А. Затаевич)әуенін ойнатып, балаларғаәуен екпінін сезіне жүруді ұсынады.

Бір, екі, үш!

Бойға жинап күш.

Шыныгачыз таңертең,

Ағалардай Отанға

Ұлан болам мен ертең!

Тізені жоғары көтере нықбасып, арқаларын түзу

ұстауларын қадағалайды.

Әуен екпінімен нықбасып, ырғақты

сезіне жүругеталпынады.


Тізелерін көтере,мақтанышпен жүріп,өлең жолдарын қосыла

айтады.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балаларға түрлі түстіжалаушалар береді.«Жалаушамен би»(Е.Брусиловский)орындалып, би қимылдарын

көрсетеді. Жалаушаныбірдей қозғап, біргеқозғауларын бақылайды.

«Марш» (А. Затаевич) қайта ойналып, балаларға әуен

екпінімен жүруді ұсынады.

Маршпен адымдап жүреміз,

Ержетіп, өсіп келеміз! -деп марш екпінімен жүріп,

орындықтарға отыруларын сұрайды.

Қалалардың, еліміздің сұлутабиғатын бейнелейтін

суреттерді көрсетеді.Балаларды суретке қарап әңгімелеуге, ойларын толықжеткізуге дағдыландырады.

Жайнаган сансыз қаласы,

Жайқалган жомарт даласы,

Ел-Отан біздің кең-байтақ,

Отанның біздер баласы.(Қ. Шаңғытбаев)

Балалардан Отан, туған жертуралы білетін өлеңдерін

сұрап, белсене қатысқанбалаларды мақтайды.

Отан - менің ата-анам,

Отан - досым, бауырым.

Отан - өлкем, астанам,

Отан - туған ауылым.(С.Оспанов)

- Кең-байтақ Отанымызтуралы ақын ағаларымызосылай жырлайды.

Ән тыңдау: «Отан -ортақ үйіміз» (Д.Ботбай,

Е. Өтетілеуұлы).

- Бұл әннің көңіл күйіқандай?

- Ән мазмұнында не туралыайтылады?

- Сен өз Отаныңды жақсыкөресің бе? - деген сұрақтар

қою арқылы балалардыңОтан туралы түсінік-ұғымын

кеңейте түседі.

Дауысымыз әдемі,

Шықсын созыла.

Әндетейік енді біз.

Бірге қосыла!

Дауыс жаттыгуы:«Алтын күн». Дауысырғақтарына мән беретыңдалады.

Ән үйрену: «МеніңОтаным» (Ө.Байділдаев,Б.Ысқақов).

Әнді таныстырып, балаларкомпозиторы Ө.Байділдаев

туралы әңгімелейді, суретінкөрсетеді.Әнді орындап, сипатын,мәтінін әңгімелеуге ықпалетеді.

- Ән не туралы?

- Сендерге ән ұнады ма?Бірге айтуды ұсынады.

Қысылып еш саспайық,

Қызық ойын бастайық!

Ойын: «Тақия тастамақ».

Жалаушалардыұстап, 4-5 қатарға

тұрады.Көрсетілген биимылдарынқайталайды.Жалаушаныжелбірете жоғарыкөтереді, оңға,солға бұрылып,бірге қимылдауға тырысады.

Маршекпінін сезінежүреді.Суреттерге назараударып, қызыға қарайды.

Өздері білетінқалалар немесе өзі

туған ауыл, қала туралы әңгімелейді.

Балалар жатқабілетін тақпақ,өлеңдерін жарысаайтады, бір-бірінеқошемет көрсетіп,қол шапалақтайды.

Тақпақты қайталапайтады.

Жаттауға

талпынады.

«Менің Отаным»атты слайдты немесесурет көрмесін

тамашалайды.

Әнді ықыласпентыңдап, әсерленеді.Ән мазмұнын

әңгімелеп беруге әрекеттенеді.

Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін

жеткізуге тырысады.


Рефлек

сиялық- түзетушілік

Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отыруды ұсынады.

- Туған жерің қандай?

- Қай қалада тұрасың?

- Отан туралы қандайтақпақ білесің?

Балаларға сұрақтар қойып,оқу іс-әрекетін бекітеді.


Балалар қойылғансұрақтарға толық

жауап береді.

Қызығушылықтарыартып, көтеріңкі

көңіл күймен қоштасады.


Күтілетін нәтиже: Өтілген сабақты пысықтау

Біледі: шығарманы сезіне тыңдап, әнді табиғи дауыспен орындай білуді.

Игереді: әуен ырғағымен жалаушаларды ұстап билеуді, әнді әуенімен айтуды.

Меңгереді: әнді тыңдап, мәтінін әңгімелеуді, ырғақпен қозғалуды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!