Тақырыбы: Жас келсе,
іске
Мақсаты:
Жас
мұғалімдерге көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал
қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін
көтеру, қарым-қатынасының белсенді стилін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, шар,
маркер, ақ парақ, бейджик, скотч, , проектор, компьютер
т.б.
Түрі:
Тренинг-сабақ
Кіріспе сөз:
Сәлеметсіздер ме, құрметті жас мұғалімдер! Бүгінгі «Жас
келсе, іске» аттыжас мамандарға арналған психологиялық тренинг
сабағымызға қош келдіңіздер!
Тренинг: «Кездесу»
Ортаға
шығып, екі шеңбер құрады. Бірінші шеңбер іште, ал екінші шеңбер
сыртында тұрады.музыка қосылған кезде екі шеңбер тұрған адамдар қол
ұстасып айналады. Музыка тоқтаған кезде жүргізуші сұрақтар қояды.
Қойылған сұраққа екі шеңберде бетпе-бет тұрған адамдар жауап
береді. Осылай тренинг жалғаса береді. Қорытынды кезінде әрбір
тренингке қатысушы өзіне кездескен адам туралы мәліметтерді ортаға
шығып айтады.
Қойылатын
сұрақтар:
1.
Аты-жөні, туған жылы
2.
Бірінші сыеыпқа қай жылы барды
3. Қалай
еркелеткен ұнайды
4. Аяқ
киімнің өлшемі
5.
Ашуланған кезде қандай сөз аузыңызға түседі?
6.
Өзіңізге сәттілік әкелетін ұнайтын сан?
7. Ең
алғашқы ұстазыңның есімі?
8. Өмірде
алға қойған мақсаты?
Тренинг: «Менің мамандықтағы
образым»
Мақсаты: кәсіптік іс-әрекет стилінің
индивидуалдық тиімді тәсілдері мен шараларын іс-жүзінде
өтеу.
Мұғалімдер шеңбер құрып
тұрады. Психолог топтың әрбір мүшесіне алдарында оқушылар тұр деп
елестете отырып, сәлемдесуді ұсынады. Мысалы, «Сәлеметсіздер ме,
балалар!» бұл жерде сөздер жестпен, позамен, бет-әлпет қимылымен
қуаттануға болады. Топ мүшелерінің барлығы сәлемдесіп болғаннан
кейін жалпы талқылау өткізілді. Сәлемдесудің қайсысы ашық және
мейірімді, кімнің фразасы белсенді іс-әрекетке әсерлі стимул болды,
мұғалімдер бала позициясынан өз ойларымен
бөліседі.
Бұл жаттығуда жеке
индивидуалдық іс-әрекет стилін табуға көмектесу үшін әрбір
қатысушымен кері байланыс орнатылады. Айта кететін жай, бұл
проблема мектепте енді жұмыс жасай бастаған жас мамандар арасында
ғана маңызды емес. Көп жылдар бойы мектепте қызмет етіп, дағдылары
қалыптасқан, жұмыс істеуі автоматтандырылған тәжірибелі мұғалімдер
арасында да қажет. Олар өздерінің кәсіби шаралар арсеналын
кеңейтіп, жанарту үшін маңызды. Бұл жерде жеке даралығын басу
ізімен емес, өзіндік «Мені» мен кәсіби мүмкіндіктерін ашудағы
үлесімділік пен толық жетілуді табу.
Тренинг: «Үрілмелі
қуыршақтар»
Бұл жаттығу адамды
қысылып-қымтырылудан арылтып, бұлшықеттерінің босаңсуына алып
келеді.
Психолог: үретін құрал рөлін
ойнайды. Қалғандары шеңбер құрып, тізерлеп отырады. Психолог үретін
құралының дауысын келтіріп, үрілмелі қуыршақтарды үріп жатқан
дыбыстар шығарады. Шеңбер құрып отырған желі шығып кеткен үрілмелі
қуыршақтар, психологтың дауысына қарай үріле бастайды, яғни аяқ
қолдары қатайып, орындарынан тұрып, ары қарай тағы сол сияқты.
Үрілмелі қуыршақтар толық үріліп болған соң, жүргізуші үрілмелі
қуыршақтардың тетігін жұлып тастап, олар қайтадан желдерін шығарып
(жел шығып жатқанын дауысымен келтіру қажет) бастапқы отырған
қалыптарына келеді. Осылайша үріліп, оны қайтадан шығырып бірнеше
рет қайталауға болады.
Тренинг: «Ым-ишара»
Мақсаты:
логикалық
ойлау арқылы кез келген жағдайдан шыға білу.
Нұсқау:
Бұл
ойынға 3 адам керек. қалғандары бақылаушыллар
болады.
Ойынның
мәні: үш дос бір жерде кездесу
керек. Бірақ олардың бірі – сақау, бірі – соқыр, енді бірі –
саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің
достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру
керек.
Тренинг: «Өз-өзіңді
білгің келсе...»
Сурет салу: күн, тау,
үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан
Егер күн дәл ортасына салынса, жастық
шағы қызықты, ал шығысқа салынса балалық шағы қызықты, батысқа
салынса кәрілік шағы қызықты болатыны;
Тау
дөңгелек
салынса мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса,
өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар
болса, өзгермелі адам;
Үй
суретте
ағаш үй салынса арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса
өзіне жақын бір адам туралы ойланады. Егер бірнеше терезе болса
және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы
болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын адам.
Ағаш
біреу
болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды
жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған
әлемді сүйеді, сұлулыққа құштар.
Қапшық
қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше
болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық.
Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса
еңбекқор.
Жол
үйге
жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің
есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса
шашпа адам.
Сақина
көзсіз
болса қонақ қабылдағанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды,
капитал жинайды. Неке жүзігі мықты отбасын
білдіреді.
Гүл
үйге
жақын болса, қуаныш той болады, үйдің жиегінде болса қызықты
күндерің алыста.
Жылан
үйден
алыс салынса жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар
айналаңда болғаны.
Суретте не үлкен салынса сенің
өмірің үшін маңызы зор.
«Тату алақан»
жаттығу
Әр қатысушы өз парағына
алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі
қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған
жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек
жазып шығады.
Қорытынды: «Мұғалім-тәуелсіз
мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел
болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Жас ұрпақтың тағдыры олардың
бойына білім мен ізгілік нұрын себуші-ұстаздардың қолында. Тек
жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты
ұрпақ тәрбиелеп шығара алады» - деп Елбасы атап көрсеткен
болатын.осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, ортамызға
келіп еңбек жолын бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты,
еңбек жолдарыңыз сәтті болсын деген тілектестігімізді
білдіреміз.