Материалдар / Менің отбасым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:Сарсенова Мулдир

СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.1.1.2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды, ажыратады.

Кейбір оқушылар:

  • Отбасындағы орны туралы өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері:


- Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды ажыратады.

- Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды.


Тілдік мақсат

Диалог құра отырып, үйдегі өзге мүшелерге қатысты туыстық байланыстар жүйесін айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

«Отбасы» ұғымы, туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орны, отбасылық дәстүрлер, отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық қарым-қатынас.

Тілдік дағды

Отбасы – семья – family, ана- мать- mother, әке - отец – father, бала – ребенок- baby



Құндылықтарды қалыптастыру

Сыйластық, өзара түсіністік, татулық, ынтымақтастық, ауызбіршілік

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу – өлең айту, денешынықтыру- жаттығу жасау

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу

Отбасы туралы біледі, отбасы мүшелерін атайды. Отбасы туралы әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

4 минут



Психологиялық ахуал

Оң қанатым әкем де,

Сол қанатым анашым.

Қанатымның екеуі,

Аман болсын әрқашан.

Топтастыру. Отбасы мүшелерінің атауымен топқа біріктіру.

1 – топ «Әке», 2 – топ «Ана», 3 – топ «Бала»






Суреттер

Ортасы

32 минут

























5мин





5мин









3 мин







5мин














6 мин







4 мин













4мин

Ой қозғау. Түрткі сұрақтар.

  • Балалар, әке, ана, бала бұл үшеуі біріккенде нені құрайды?

  • Сенің отбасыңда кімдер бар?

  1. тапсырма. Жеке жұмыс.

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Әкеңіздің анасы сізге кім болады?

  2. Әкеңіздің әкесі ше?

  3. Өзіңізден үлкен бауырыңызды қалай атаймыз?

Дескриптор: Білім алушы

  • сұраққа қатысты туыстық атауларды ( әже) дұрыс жазады.

  • сұраққа қатысты туыстық атауларды ( ата) дұрыс жазады.

  • сұраққа қатысты туыстық атауларды ( аға, әпке ) дұрыс жазады.

«Бас бармақ» арқылы өзін- өзі бағалау.

Сергіту жаттығу. Қимыл- қозғалыспен көрсету арқылы бір шумақ өлең айту.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені жазайық.

Уықтарды шанышып,

Қараша үйді құрайық.

  1. тапсырма. « Суреттер сөйлейді» әдісі. Оқулықпен жұмыс.

  1. Суретте кімдер бейнеленген?

Shape1

  1. Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер.

  2. Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталған?

  3. Сенің отбасыңдағы міндеттерің қандай?

« Жұлдызша» арқылы бірін- бірі бағалау.

3-тапсырма.Топтық жұмыс. Белсенді оқу.

«Сахналау» әдісі. Рөлдік ойындар.

Әр топ өздері отбасындағы өзге мүшелерге қатысты қандай қамқорлық көрсететінін сахналайды.

Мысалы, әжесіне базарға барып келуге көмектеседі немесе қарындасын иә болмаса інісін балабақшадан алып келеді, т.с.с.

« Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша бағалау.

4-тапсырма. Жұптық жұмыс

«Кел, талқылайық» әдісі

Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгіле.

«Отшашу» арқылы жұптар бірін – бірі бағалайды.


Қалыптастырушы тапсырма

5- тапсырма

Сызбаны өзіңізге қатысты отбасы мүшелерінің атауларымен толықтырып жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- туыстық атауларды дұрыс жазады (ата);

- туыстық атауларды дұрыс жазады (нағашы әже);

- туыстық қатынастарда өз орнын анықтап жазады (немере);





Үлестірме қағаз











Интербелсенді тақта

































Үлестірме қағаз

Аяқталуы

Кері байланыс

4 минут





Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

  • Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байла-ныстар жүйесіндегі орнын біледі.

  • Отбасындағы өзге мүшелеріндегі туыстық қатынастарда орнын түсіндіреді.

  • Отбасындағы орны туралы өзінің пікірін білдіреді.

  • Басбармақ, жұлдызша, Отшашу

  • Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

  • Партада дұрыс отыруы.

  • Интербелсенді тақтамен жасауда абай болу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!