Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: баланың өзі және отбасы, тұратын үйі туралы түсініктерін кеңейте отырып, өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету.
Міндеттері:
- баланың өзі және отбасы, тұратын үйі туралы түсініктерін кеңейту;
- балаларды отбасылық мерекелер мен салтанатты іс-шараларға қатысу дағдыларын дамыту;
- отбасы мүшелеріне, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарына түсіністікпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: қойылған сұрақтарға жауап береді
түсінеді: отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атайды.
қолданады: отбасы мүшелері, тұратын үйін біледі. Жақын туыстарымен жағымды қарым-қатынас жасай алады. Заттық-кеңістіктік дамытушы ортада отбасылық қатынастарды және отбасындағы ересектер еңбегін сипаттайтын ойын әрекеттерін орындайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасының фотосуреттері, отбасы мүшелерінің дауысы жазылған үнтаспа, жұмыс дәптері, қуыршақтар.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Сөздік жұмыс: отбасы, отбасы мүшелері, аға, әпке.
Билингвалды компонент: отбасы – семья, отбасы мүшелері – член семьи, аға – брат, әпке – сестра.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Үнтаспадан «жарығым», «ботам», «құлыным», «күнім» деген сияқты жылы сөздер тыңдатылады.
Балалар, қалай ойлайсыңдар осындай жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?
Иә, балалар, сендерге жылы сөздерді аталарың, аналарың әке, әжелерің айтады екен.
Ал осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?
Бүгін біз «отбасы» туралы әңгіме қозғаймыз.
2. Негізгі бөлім
Балаларға отбасы мүшелеріне байланысты сұрақтар қою.
– Балалар, отбасы дегеніміз не? Отбасына кімдер жатады?
– Мен сендерге «Нешеуміз?» деген санамақты айтып берейін.
Бір үйде нешеуміз? Кел, санайық екеуміз.
Басбармағым – әкем, Балалы үйрек – анам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
– Яғни, балалар, отбасына әкең, анаң, ата, әжең, іні-қарындастарың, әпке-сіңілілірің жатады екен. Отбасы – туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелеріне сендер де жатасыңдар. Ұлан, айта қойшы, сенің үйіңде кімдер тұрады?
– Менің үйімде атам, әжем, мен, анам, әкем тұрады.
– Айман, сенің отбасыңда кімдер тұрады?
– Анам, әкем, мен.
– Дастан, сенің отбасыңда ше?
– Әкем, анам, ағам, мен және інім тұрады.
– Балалар, көрдіңдер мен Ұлан мен Дастанның отбасында Айманның отбасына қарағанда көп адамдар тұрады екен. Демек отбасы мүшелері аз болса да көп болса да олар отбасы бола алады.
– Балалар, мына суретте не бейнеленген? (Үйдің суретін көрсету).
– Бұл үйде кімдер тұратынын білгілерің келе ме?
– Егер сендер сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, бұл үйде тұратын адамдар сыртқа шығады екен. Онда сұрақты тыңдаңдар. Отбасында ең үлкен адамдар кімдер? (Ата, әже, әке, ана).
– Ата мен әжеге қандай жылы сөздер айтуға болады? (Әжетайым менің, ақ әжем).
– Аталарың мен әжелерің сендерді қалай еркелетеді? (Ата мен әженің суретін немесе қуыршақты үйдің ішінен шығарып қою).
– Ата мен әжеден кейінгі үлкен адамдар кімдер? (Әке, ана).
– Ол кісілерге қандай жылы сөз айтасыңдар? (Анашым, әкешім, маматайым, әкетайым).
– Әкелер үйде қандай іспен шұғылданады? (Отын бұтайды, ауланы тазартады, азық-түлік әкеледі).
– Аналар үйде қандай іспен айналысады? (Тамақ пісіреді, кір жуады).
(Әкесі мен анасының суретін немесе қуыршақты сыртқа шығару).
– Мынау кімнің бөлмесі деп ойлайсыңдар? (Қыз баланың бөлмесі).
– Ол үйінде қандай іспен айналысады екен? (Ыдыс жуады, үй тазалайды).
– Ал мына бөлмеде кім тұрады екен? (Ұл бала тұрады).
– Оның отбасындағы міндеттері қандай? (Дүкенге барады, әкесіне көмектеседі (сыртқа суретті немесе қуыршақты шығару).
– Міне, балалар, көрдіңдер ме отбасында тұратын адамдардың әрқайсысының өзінің жұмысы, міндеті бар екен.
– Қалай ойлайсыңдар отбасы, отбасындағы балалар қандай болу керек? (Тату, дос, бір-бірін сыйлайтын).
– Міне, балалар, қараңдаршы бізде үлкен отбасы пайда болды.
Балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өздерінің отбасы мүшелерінің әрекеттері мен өзара қарым-қатынастары, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы, отбасындағы сүйікті адамдары туралы айтып беру тапсырылады.
Ойын: Кім екенін тап?
Бір бала шығып, отбасы мүшелеріне қатысты адамдарды ым-ишарамен (мимикамен), қозғалыспен көрсетеді. Басқа балалар шешуін табады.
Мысалы:
• Анасы кір жуып жатыр.
• Әкесі отын жарып жатыр.
• Әжесі шұлық тоқып отыр
• Атасы шеге қағып жатыр.
Қызы гүлге су құйып жатыр.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.Дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіру.
Өзіне үнаған суретті ірікпен алып, «Мен және менің жақындарым» тақырыбында коллаж құрастыру.
Өзің тұратын үйіңнің суретін салу.
Отбасы, отбасы мүшелері, аға, әпке сөздерін қайталату арқылы сөздік жұмысын жүргізу.
Екі тілде отбасы – семья, отбасы мүшелері – член семьи, аға – брат, әпке – сестра сөздері мен сөз тіркестерін қайталату.
3. Қорытынды бөлім. Рефлексия.
Педагог балаларға сұрақтар қояды.
– Бүгін не үйрендік?
– Суретте отбасы мүшелерінің көңіл күйлері қалай деп ойлайсыңдар?
Балалар оқу қызметіне алған әсерлерін, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Менің отбасым»

шағым қалдыра аласыз