Менің отбасым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Отбасы мүшелерін атап,олардың іс-әрекеттері туралы айта алады. Отбасы мүшелерін құрметтейді, қысқа тақпақтарды жатқа айтады
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Балақай» бөбекжай – балабақшасы













«Балапан» Ересек тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің отбасым»

















Тәрбиеші: А.А. Кожина









2021 оқу жылы



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты: 
Отбасы мүшелерін атап,олардың іс-әрекеттері туралы айта алады. Отбасы мүшелерін құрметтейді, қысқа тақпақтарды жатқа айтады.
Қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,көрнекі суреттер, балалардың отбасымен түскен фотосуреттері, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілдер:ойын әдістері.
Шаттық шеңбері

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
-Балалар, қане барлығымыз  көзімізді жұмайықшы.(Сол кезде балалардың сыңғырлаған  күлкісі естіледі)

-Балалар, жаңа біз кімнің дауысын естідік?

-Бақытты балалардың, сәбидің күлкісін естідік.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Бұл  бақытты балалардың қүлкісі.Ал біздер қасымызда, жанымызда кімдер болғанда бақытты боламыз?

-Ата-әжеміз,әке-анамыз, бауырларымыздың жанында.

Ал ендеше балалар,біздер төрт топқа бөлінейік. Ата,әже,әке, ана таңдап аламыз. (таңдап,атап, сәйкес үстелге барып отырады)

Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Ал отбасында жаңағы айтылған әке,ата,әже,ана, бар екен.Тағы кім бар отбасында?
-Балалар, отбасы мүшелеріне ата, әже, әке, ана, сіңілі, қарындас, аға, апа, іні жатады. Отбасының үлкендері – атамыз бен әжеміз. Сондықтанда атамызға, әжемізге еркелейміз. Біз үшін ең қадірлі жандар – әкеміз бен анамыз. Олар біз үшін барлық нәрсені жасап, бізді ешкімнен кем қылмай өсіреді. Соған қоса біздің бауырларымыз бар. Аға деп отбасындағы үлкен ер баланы айтады. Апа деп отбасындағы үлкен қыз баланы айтады. Іні деп отбасындағы кішкентай ер баланы айтады. Ұл бала үшін қарындас деп отбасындағы кішкентай қыз бала. Сіңілі деп отбасындағы үлкен қыз балалар өзінен кішкентай қыз балаларды айтады.



Менің отбасым – моя семья
Ана – мать,мама
Әке – отец, папа
Ата – дедушка
Әже – бабушка
Аға – старший брат
Әпке – старшая сестра
Іні – младший брат
Сіңлі, қарындас – младшая сестра

«Ғажайып сәт».
- Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге хат келіпті. Хатты кімнің жолдағанын оқып берейін. Балалар, хат  «Балапан» телеарнасының кейіпкері – Білімпаз атадан келіпті

Білімпаз ата:
- Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Менің атым - Білімпаз ата! Мен сендердің отбасы тақырыбында білімдеріңді тексеріп көрмекпін. Ол үшін сендерге әр түрлі тапсырмалар дайындап беріп жібердім. Сол тапсырмаларды керемет орындасаңдар, «Білімді балапан» атағына ие боласыңдар. Ал, ендеше, іске сәт, балақайлар! 
1- тапсырма «Кім шапшаң? » (педагог жетекшілігімен ойын)деп аталады.

Балалар сұрақтарға жауап береді

1- Өзі мейірімді, шашы ағарған, кешкілік ертегі айтып береді? Бұл кім?

2- Көзінде көзілдірігі бар, көп оқиды, әжеге көмектеседі, немерелерді ренжітпейді. Бұл кім?

3- Өзі қатал , бос уақытын  балалармен  бірге табиғатта  өткізетін отбасы мүшесі кім?

4- Жер бетіндегі ең әдемі , сен үшін қымбат  адам. Бұл кім?

Ал, балалар, сендер отбасы туралы тақпақ білесіңдер ме?

Атам менің ақылды,
Әжем менің мейірімді.
Әкем менің қайратты,
Анам менің әдемі.

Анам, анам, ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанда барамын.

Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

2- тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құра (құрылымдалған ойын)

1. Анасы не істеп тұр?

2. Әкесі қандай жұмыспен айналысып жатыр?

3. Атасы мен әжесі не істеп отыр?

4. Бөлмеде тағы кім бар?

5. Бұлар қандай отбасы деп ойлайсыңдар?

Тәрбиеші: -Балалар, кім отбасы туралы мақал-мәтел біледі?
1.    Отан  - отбасынан басталады.

2.    Ағасы бардың – жағасы бар, 
        Інісі бардың – тынысы бар.

3. Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы,қолы кең

Кең пейілді әкенің

Жүзі жылы, жолы кең.

Сергіту жаттығуы:

Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан,
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң - тозаңды қуамын.
 

 3-тапсырма ««Қай зат кімдікі?» ойыны (еркін ойын)

Кеспе қағазда берілген заттарды рет-ретімен отбасы мүшелеріне сәйкестендіреді. (ыдыс,машина,орамал ,тақия)

- Қанеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуіміз
Бас бармағым – атам
Балан үйрек – әжем
Ортан терек – әкем
Шылдыр шүмек – анам
Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

- Балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
-    Жарайсыңдар, балапандар! Білімпаз ата сендердің тапсырмаларды тамаша орындайтындарыңа сенген. Ақылды алғыр болғасын ризашылығын білдіріп сендерге
«Білімді балапан» атты дипломмен марапаттауға беріп жіберіпті.

-     Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде кімдер туралы айттық?
-    Не үйрендік?
-    Сендерге оқу қызметі ұнады ма?

- Біз үшін қымбат жақын жандар кімдер?

Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін атап, олардың не істейтінін айта білді;
Игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін игереді;
Меңгереді: суреттерді сөйлетіп, отбасы мүшелерін – әже, ата, әке, ана, аға, әпке, іні, 
сіңлі, қарындасты ажыратып, оларды орынды атай алады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2023
570
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі