Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілктерін арттыру. Үлкендерді сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Барысы: Шаттық шеңбері:
- Балалар, барлығымыз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік. Қандай тамаша!
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Қайырлы күн сүйкімді балалар. Бүгін бір апта бойы ұйымдастырылған оқу қызметімізде өткен «Менің отбасым» тақырыбын қорытындылап, үйренген білімімізді ортаға салайық. Мына суреттерге қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? Бір сөзбен қалай атауға болады? (балалар жауабы)
Отбасы – дегеніміздің ол біздің ең жақын, ең жақсы көретін адамдарымыз мекендейтін орта. Отбасы мүшелері әрдайымда бір-біріне көмектесіп, қамқорлық жасап жүреді.
- Балалар, естимісіңдер біреу есік қағып тұрған сияқты.
(Дымбілмес келеді)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен Білгішбекпен таласып келе жатырмын.
- Не үшін?
- Бір жұмбақтың шешуін таба алмай екеуміз таластық, менің көңіл-күйім түсіп кетті. Сендер маған көмек беріңдерші балалар.
- Ақ сақалы бар, басында тақиясы бар адамды кім деп атаймыз?
- Ақ жаулықты, сендерге ылғида тәтті кәмпиттер әкеп беретін адамды ше?
- Өзі салмақты, сендерді мойнына мінгізіп, ат болып шауып ойнайтын адам кім?
- Өте мейірімді, сендерді қатты жақсы көретін, тәтті-тәтті тамақ пісіріп беретін адамды кім дейміз?
- Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге.
- Дымбілмес сенің көңіліңді көтерейік, балалармен бірге сергіту жаттығуын жаса.
Бас бармағым – әкем,
Балан үйрек – анам.
Ортан терек – ағам,
Шілдір шүмек – тәтем.
Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?!
Бір үйде біз бесеуміз.
Балалар, сендерге рахмет. Менің көңілімді көтердіңдер. Мен енді кетейін Білгішпекке осы ойынды үйретейін. Сау болыңдар!
Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»
- Балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде не туралы өттік?
- Отбасы мүшелерін атаңдаршы
Күтілетін нәтиже : Отбасы мүшелерін атап, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқор болу керектігін біледі.
Отбасы, отбасындағы тұрмыс туралы түсінеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің отбасым"
"Менің отбасым"
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілктерін арттыру. Үлкендерді сыйлап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Барысы: Шаттық шеңбері:
- Балалар, барлығымыз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік. Қандай тамаша!
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Қайырлы күн сүйкімді балалар. Бүгін бір апта бойы ұйымдастырылған оқу қызметімізде өткен «Менің отбасым» тақырыбын қорытындылап, үйренген білімімізді ортаға салайық. Мына суреттерге қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? Бір сөзбен қалай атауға болады? (балалар жауабы)
Отбасы – дегеніміздің ол біздің ең жақын, ең жақсы көретін адамдарымыз мекендейтін орта. Отбасы мүшелері әрдайымда бір-біріне көмектесіп, қамқорлық жасап жүреді.
- Балалар, естимісіңдер біреу есік қағып тұрған сияқты.
(Дымбілмес келеді)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен Білгішбекпен таласып келе жатырмын.
- Не үшін?
- Бір жұмбақтың шешуін таба алмай екеуміз таластық, менің көңіл-күйім түсіп кетті. Сендер маған көмек беріңдерші балалар.
- Ақ сақалы бар, басында тақиясы бар адамды кім деп атаймыз?
- Ақ жаулықты, сендерге ылғида тәтті кәмпиттер әкеп беретін адамды ше?
- Өзі салмақты, сендерді мойнына мінгізіп, ат болып шауып ойнайтын адам кім?
- Өте мейірімді, сендерді қатты жақсы көретін, тәтті-тәтті тамақ пісіріп беретін адамды кім дейміз?
- Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге.
- Дымбілмес сенің көңіліңді көтерейік, балалармен бірге сергіту жаттығуын жаса.
Бас бармағым – әкем,
Балан үйрек – анам.
Ортан терек – ағам,
Шілдір шүмек – тәтем.
Кішкене бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?!
Бір үйде біз бесеуміз.
Балалар, сендерге рахмет. Менің көңілімді көтердіңдер. Мен енді кетейін Білгішпекке осы ойынды үйретейін. Сау болыңдар!
Дидактикалық ойын: «Кім жоқ?»
- Балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде не туралы өттік?
- Отбасы мүшелерін атаңдаршы
Күтілетін нәтиже : Отбасы мүшелерін атап, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқор болу керектігін біледі.
Отбасы, отбасындағы тұрмыс туралы түсінеді.
шағым қалдыра аласыз













