Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Менің отбасым – менің қуанышым» Әкелер семинары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Менің отбасым – менің
қуанышым» Әкелер
семинары
Кіріспе бөлім «Әке» туралы ән ойналып тұрады.
Келген әкелерден түстерді алу сұралады. Сол түстер бойынша топтап
отырғызылады.
1-жүргізуші Сырымбет:
Армысыздар, ардақты әкелер! Бүгінгі қалалық әкелер семинарына қош келдіңіздер!!!
«Ана – сая болар бағың
болса,
Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз
болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей
отырып, сіздерге арналған
семинарымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Топқа бөлу. Мына алдарыңыздағы жапсырма қағаздарын алыңыздар. Сыртында сандарға сәйкес топ құрып, топ басшысы арнайы белгі жатқан әке болады.
Тақырыпты айқындау.
Әрине тақырыбымыз әзірге жұмбақ. Оны мына сіздер айқындайсыздар. Ол үшін алдарыңызда түймедақ гүлінің жапырақтары жатыр, сол жапырақ-тарға кәзіргі отбасы қандай болу керек екенін жазып, пікірлеріңізбен бөлісііңіздер.
Отбасы бақытты болу үшін не керек? Сұрағына жауап іздеп көрейік.
Міне, тақырыбымыз да айқын болды.
«Менің отбасым – менің қуанышым»
2-жүргізуші Алтынбек
: «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ
асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгін
әке
туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының
асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы,
өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі,
өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке,
ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның
тәрбиелік рөлі де зор. «Әке –
асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау
үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына
жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына
әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан
өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың
қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің
өзі.
Видеокөрсетілім «Әке,
маған 1 минут уақытыңды қишы»
1-жүргізуші Сырымбет:
-
Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?
-
Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?
«Әке» туралы монолог оқылады.
2-жүргізуші Алтынбек :
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Әкенің бұл ролі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігі-мен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып, тату,
сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі
дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол – жосығымызды ескергенде ғана
оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды ағайын - туысты
топтастырушылық мәртебесі арта
түспек.
1-жүргізуші
Сырымбет:
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?.
2-жүргізуші Алтынбек :
«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды,- деген бар емес пе? Ата - анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Бірнеше сауалнама қойып, жауап қайтарады, тәрбие туралы ойларын ортаға салады.
(Видео
арқылы)IV. Сергіту
сәті.
1-жүргізуші Сырымбет:
Қимыл қозғалыс арқылы
жауап беру.
- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан
тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай
ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды
шапалақтаңыз. Әкелерге көп
рахмет!
2 -жүргізуші
Алтынбек :
V. Ситуациялық
жағдаяттарды шешу. Сіздерге
сауал.
Екі жүргізуші әке
кезекпен оқиды.
1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын
тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің
бірнеше рет ескеркеніне қарамастан олар үй маңында доп ойнауды
доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін
сындырды. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл
айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй
сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа
белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей.
Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш
нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
5. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Тәртібі де оңды. Бірде сынып
жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін ұлыңыз сабаққа келмеді. Бұдан
бұрын да бірнеше рет келмей қалған»деді. Сіздің оны мектепке
жібермеген күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне
көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда
кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар
көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса,
жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
7. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды
ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да
«біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не
істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе
көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып
жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай
қарайсыз?
9. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
10. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге
келтіресіз?
11. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр.
Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
Ә келерге көп рахмет!
1-жүргізуші Сырымбет:
«Көпір»тренингі Әр топтағы әкелер 1-1 сұраққа жауап
береді.
VI. Қызықты сұрақтар.
Екі жүргізуші әке кезекпен
оқиды.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға
түседі?
Отырған әкелерге парақшалар тарату;
- өзі қандай әке?
- баласы қандай? Әкелерге көп
рахмет!
2-жүргізуші Алтынбек:
Алдарыңызда сіздерге алдын- ала дайындаған тапсырмалар бар, тапсырманы оқып өз ойларыңызды алдарыңызда жатқан постерге түсіріп, бұл жерде не түйдіңіз, шығу жолдары, сіздің ойыңыз. Бақытты отбасы болу үшін менің әрекетім..., топпен жұмыс істеп, қағазға түсіріп, қорғайсыздар.
Постер қорғау «Креативті матрица»
І - топ тапсырма
Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты тек ақымақтар ғана істесін» деп өзінен - өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен - күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды».
(Бұл жерде не түйдіңіз, шығу жолдары, сіздің ойыңыз. Бақытты отбасы болу үшін менің әрекетім.... )
ІІ- топ тапсырма
Ертеде бір үлкен қарт қатты
сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,
- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ
жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп,
әкесі:
- «Балам анау не? – деп сұрапты.
- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі жауабын
қайталапты. Әке осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда
баласы:
- «Ол – түйе, түйе» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?
- деп ренжіпті.
Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам
да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа
беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл
аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп
көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын
ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Бұл жерде не түйдіңіз, шығу жолдары, сіздің ойыңыз. Бақытты отбасы болу үшін менің әрекетім...).
ІІІ- топ тапсырма
Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере.
Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты
темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке – шешесі:
- Балам, не істеп отырсың? – деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш
астау жасап отырмын,- депті баласы.
(Бұл жерде не түйдіңіз, шығу жолдары, сіздің ойыңыз. Бақытты отбасы болу үшін менің әрекетім...)
ІV- топ тапсырма (жазу керек)
(Бұл жерде не түйдіңіз, шығу жолдары, сіздің ойыңыз. Бақытты отбасы болу үшін менің әрекетім....)
1-жүргізуші Сырымбет:Әке –
бәрімізде бар. Біреуіміздікі бәлкім қасымызда жүрген қария болса,
біреуіміздікі бәлкім түйе қарап кеткен болар. Сонда да әке бола
жүріп, әкемізді де еске түсірейікші!
«Әке» туралы өлең айту
(қосылып бәрі)
2-жүргізуші Алтынбек
:
VII. Қорытынды.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ата ананың
қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу
екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата аналар қолымыздағы
алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі
болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл туар» демекші,
жақсы мінездер мен асыл қасиеттерді ардақтай білейік, атымызға
сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.
1-жүргізуші Сырымбет: «Рефлексия»
Бүгінгі семинарымызды «Екі жұлдыз, бір тілек» өздеріңіздің тілектеріңізді, бүгінгі семинар туралы ойларыңызды жазып, «Алма ағашына» жапсырыңыздар.
Екі жүргізуші әке: Бүгінгі біздің «Менің отбасым – менің қуанышым» атты семинарға келіп, ат салысқан барлық әкелерге көп алғыс білдіремін.
Сіздердің отбасыларыңызға бақыт,тәрбиелеп отырған балаларыңыз сіздерді қуанта берсін!!!!