менің отбасым және математика

Тақырып бойынша 11 материал табылды

менің отбасым және математика

Материал туралы қысқаша түсінік
ата аналарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Менің отбасым және математика" атты ойын-сайыс
Ойын-сайыс «Менің отбасым және математика»

Мақсаты: Ата-аналарды балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Команда құрамында: екі оқушы, екі ата-ана
Команда жанкүйерлері: сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекші.
Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және мұғалімдер


Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар! Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана  оқушыларға емес,  ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика - барлық  ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады.


Ерасыл:

Армысыздар, оқушылар сымбатты,

Ұстаздары мектебімнің қымбатты.

Атсалысып қатысайық сайысқа,

Бірге ойнап, бірге ойлайық жұмбақты.

Мугалім:

Армысыздар ата-ана құрметті,

Сіздерден де талай сұрақ сұралар.

Оқушымен сайыс жасап жарысып,

Сіздердің де кезің келді сыналар.


Ерасыл :

Жеңімпаз деп білеміз ойы барды,

Сіздерге мықты талап қойылады.

Есептердің түр-түрі біздерде бар,

Жұмбақтың да түр-түрі қойылады.

Мугалім:

Шын мықтының мықтылығын растайық,

Әділ баға беруден де қашпайық.

Көп сөйлемей, босқа тұрмай ендеше,

Дәл бүгінгі кешімізді бастайық.

Қазақ биі


Ерасыл:

Бірімізден біріміз қалыспайық,

Әділ, әрі байыппен жарысайық.

Сайыстың дәл бағасын берер жандар,

Әділ қазы алқасымен танысайық.


Мугалім:

Сайысымызды бастамас бұрын
Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Мектеп директоры: Мусаева Гульнара Батырғалиқызы

Директордың оқу ісінің меңгерушісі: Бакмағамбетова Асем Амангельдықызы

Биология пәнінің мұғалімі: Қыдырманова Сәуле

Және ұпайларды есептеуші: Серікқызы Балжан

Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.

Ерасыл :

Сұрақтар түр-түрімен табылады,

Шын жүйрік шабысынан танылады.

Шын жүйрікті анықтап берер бізге,

Қазыларға қошемет соғылады.


Мугалім :

Біреулерге талай білім жиылар,

Біреулерге сәттілік кеп құйылар.

Ал біреулер тек көмекке сенгендер,

Ал біреудің қатты істейтін миы бар.


Ерасыл:
Әр команданы ортаға шақырамыз.

«Сұңқар» - тобы

«Тұлпар» - тобы

«Барыс» - тобы


Мұғалім: Сонымен сайысымызды бастаймыз.

1-кезең. ТАНЫСТЫРУ (5-10 ұпай)

Әр топтың ата-аналары мен оқушылары өздерінің алдын-ала дайындап келген таныстыруын айтады және топтың атын қорғайды.

2-кезең. КІМ ЖЫЛДАМ ??? (1 дұрыс жауап – 10 ұпай)

1 топ:

  1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 — ға тең. Ол қандай сандар? (1,2,3,)

  1. 20 метр матаны  10 бөлікке  2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек?   ( 9)

  2. 7 май шам жанып тұр. Екеуі сөніп қалды, қанша май шам қалды?   ( 2)

  3. Әкесі 30 жаста , баласы 5 жаста. Неше жылдан кейін әкесі баласынан 27 жас үлкен болады (ешқашан)

2 топ:

  1. 4 жұмыртқа 10 минут піссе 10 жұмыртқа неше минут піседі? (10 минут)

  2. Бір азаматтың әкесі Николай Петрович, ал оның ұлы – Алексей Владимирович. Ол азаматтың аты-жөні кім? (Владимир Николаевич)

  3. Таяқтың екі басы бар. Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)

  4. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

3 топ:

  1. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды? (екеуі)

  2. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. (6 кг)

  3. 360 секундты минутқа айналдыр (6 минут)

  4. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)


3- кезең. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР (бір мақал – 10 ұпай)

Әр топ ұяшық таңдайды, сол ұяшықта жасырылған сан кездесетін мақал-мәтелдер айтылады. Ойлануға 1 минут.

1 ұяшық – 2

2 ұяшық – 1

3 ұяшық – 7


2 санына

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.
Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.
Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

1 санына

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл.
Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

7 санына

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.

Жеті жұрттың тілін біл, өз тіліңді құрметте.

Жігітке жеті өнер де аз.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.


4-кезең. Есепте есеңді жіберме. (жоғарғы ұпай – 5)

Топтағы оқушыларға есептер беріледі. Есепті дұрыс шығарған оқушылардың тобына ұпай қосылады.


5-кезең. Сергіту сәті. ҚҰРАМАҚ (жылдамдықтарына қарай 5-10 ұпай)

Әр топқа сұрақтармен берілген фигуралар таратылады, сол фигуралардан бір фигура құрастыру керек.


6-кезең. 7 – ҚАСИЕТТІ САН (жоғарғы ұпай 7)

Әр топ ұяшық таңдайды, сол ұяшықта жасырылған сұраққа жауап береді. Ойлануға 1 минут.

1 ұяшық – «Жеті қазына»

2 ұяшық – «Жеті жоқ»

3 ұяшық – «Жеті ата»


Жеті қазына: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.


Жігіттің жеті қазынасы:

Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.


Жеті жоқ: 1. Жерде өлшеуіш жоқ 2. Аспанда тіреуіш жоқ 3. Таста тамыр жоқ

4.Тасбақада талақ жоқ 5. Аллада бауыр жоқ 6. Аққуда сүт жоқ 7. Жылқыда өт жоқ

Жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.


7 кезең. ЖҰМБАҚ САЙЫСЫ (1 дұрыс жауап – 10 ұпай)

  1. Бұл саған ... дейді шешесі
    Үзіліс арасында ыңғайсыз жағдай
    Тынымсыз оның аяқталғанын тосасың
    ( сабақ )
    2. Үлкендер сөзімен , өмір- ол ...
    1 сынып сонымен басталады
    11 сынып сонымен аяқталады
    (емтихан)
    3. Бөлмеде ол төртеу
    Бұзықтарды сонда қояды
    Транспортирмен өлшенеді.
    (бұрыш)
    4. Бір, үш, бес, он
    Жиырма, елу
    Жүз, екі жүз, мың бар,
    Әрқайсысының құны бар.
    ( теңгелер)
    5. Сабақ арасындағы
    Мектептегі ең жағымды сәт
    Өзі тез аяқталады.
    (үзіліс)
    6. Үздіктер оны сирек жасайды
    Содан сабақ алады
    Ол үшін баға кемітіледі
    ( Қате)


8 кезең. ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА

Үш топқа өмірмен байланысты үш тапсырма беріледі. Топтар соны орындайды. Жоғарғы ұпай – 15 ұпай

1-топ тапсырмасы. 4 алманы 4-ке бөліңіздер. Біреуі тарелкада қалуы керек.

2-топ тапсырмасы. 800, 500 және 300 граммдық ыдыстар бар. 800 граммдық ыдыстан 600 грамм суды құйып алыңыздар.

3-топ тапсырмасы. 35 кәмпитті әр тарелкада қайталанбатындай етіп 5 тарелкаға бөліп салыңыздар.


Флэшмоп биі


Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі. Сайыскерлер марапатталады.



























"Қаралды"____________

ӘБ жетекшісі

Р.А.Кайпышева


"Келісемін"____________

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

А.А.Бакмағанбетова














Математикалық сайыс тақырыбы:

«Менің отбасым және математика»









Өткізген математика пәнінің мұғалімі:

Ешмағамбетова Гульзат Султанқызы












2016-2017 оқу жылы







Жоспары:

1-кезең. ТАНЫСТЫРУ (5-10 ұпай)

2-кезең. КІМ ЖЫЛДАМ ??? (1 дұрыс жауап – 10 ұпай)

3- кезең. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР (бір мақал – 10 ұпай)

4-кезең. Есепте есеңді жіберме. (жоғарғы ұпай – 5)

5-кезең. Сергіту сәті. ҚҰРАМАҚ (жылдамдықтарына қарай 5-10 ұпай)

6-кезең. 7 – ҚАСИЕТТІ САН (жоғарғы ұпай 7)

7 кезең. ЖҰМБАҚ САЙЫСЫ (1 дұрыс жауап – 10 ұпай)

8 кезең. ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА

Үш топқа өмірмен байланысты үш тапсырма беріледі. Топтар соны орындайды. Жоғарғы ұпай – 15 ұпай




































1-топ тапсырмасы. 4 алманы 4-ке бөліңіздер. Біреуі тарелкада қалуы керек.






2-топ тапсырмасы. 800, 500 және 300 граммдық ыдыстар бар. 800 граммдық ыдыстан 600 грамм суды құйып алыңыздар.







3-топ тапсырмасы. 35 кәмпитті әр тарелкада қайталанбатындай етіп 5 тарелкаға бөліп салыңыздар.































Shape1


Shape2


Shape3












Shape4




Shape5



Shape6










Shape7



Shape8





































Shape9



Shape10
























Shape11


























Shape12


Shape13
















































































Shape15 Shape14 Shape16







Shape18 Shape17 Shape19

Shape20 Shape25 Shape22 Shape23 Shape24 Shape21

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі