Ы нтaлaндыpy.
Ceзiмдi oятy
|
-
Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме
өте қуаныштымын. Қане, бәріміз шеңбер құрып тұрып, бір-бірімізге
сүйіспеншілігімізді білдірейік.
-Сәлеметсіңдер
ме?!
-Здраствуйте!
-Goodmoning!
Ү лкенге де
сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы
құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн,
менің сүйікті
балаларым!
Шаттық
шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
У
ықтары
шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
Әңгімелесу:
- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен
тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып
көрейік.
Жұмбақ:
Онсыз қызық жоқ маған,
Онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы,
Ол не екен, балалар?
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен,
аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін
көріп отырмыз.
|
-
Бұл жерде де бізді қызықты ойындар, тапсырмалар күтіп
тұр.
Балалар, үш тілде
амандасады.
-
Ал, біз бүгін өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы
әңгімелесеміз.
Шаттық шеңбер жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.
-Киіз үй.
-
Адамдар. Әке, ана, апа, ата, бала, т.б.
-
Отбасы.
Жұмбақтың жауабы: Отбасы

-Дастархан басындағы отбасы
мүшелерін көріп отырмыз.
|
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy
кезеңі.
|
1.Жaңa тaқыpыпты
xaбapлay.
Атамнан басталар,
(Ернұр)
Әжеммен
қосталар.
Отбасым
мыналар.
Ең жақын
адамдар.
Әкем мен анам
бар,
Бір туған ағам
бар.
Бір туған апам
бар,
Бәрін жақсы
көремін.
Еркелеймін
еремін.
Анаң – үнің,
жүрегің, (Батыржан)
Әкең - өмір,
тірегің.
Сен бақытты
ұлансың,
Бәрі саған
қуансын!
Әжең – асыл,
ардағың,
Атаң – дана,
қорғаның.
Сен бақытты
ұлансың,
Бәрі саған
қуансын!
Отбасы туралы
әңгімелеу.
(Баяу әнді музыка
ойналады)
Бір
шаңырақ астындағы туыстарымызды қалай жақсы көретінімзді,
сыйлайтынымызды көз алдымызға елестетейік.
Енді көзімізді ашып, сезінген, ойлаған
ойларымызбен бөлісейік.
Сергіту
жаттығуы:
Ә кем менің қауыншы,
Анам менің сауыншы.
Ағам менің
егінші,
Жеңгем менің тігінші.
Атам болса ол ұста,
Бәрі-бәрі жұмыста.
Отырмаймын мен текке,
Мен
де кеттім бақшаға.
Ойын «Тату –тәтті
отбасы»
Тәрбиеші балаларға әр
отбасының құрамы туралы әр түрлі болатынын айтады. Балалар
тәрбиешінің: «Тату - тәтті отбасында 3 адам, 4 адам, 5 адамнан
т.с.с. тұрады» деген нұсқауы бойынша айтылған санға сәйкес тез
топтасып, бір-бірімен құшақтасады.
- Жанұя дегенді
қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу.
Тәрбиеші
Абдрахман Асылбековтың «Жанұя»
өлеңін мәнерлеп оқып береді, балалар сұраққа жауап
береді.
Жанұя
Абдрахман
Асылбеков
Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Үлкенде де, кіші
де,
Жанұя бар әрбір кісіде.
Жанұя бары шуақ қой,
Қуаныш пен қуат қой.

Адамға ең қымбат – отбасы.
Отбасы бұл сенің ең жақын адамдарың: атаң, әжең, әкең, анаң,
бауырың, інің, әпкең, сіңілің. Біз осы бауырларымызды әрқашан
сыйлауымыз керек. Біз туған үйімізді жақсы көреміз. Біз туған
үйімізді жақсы көреміз.
С аусақ театрын
пайдалана отырып «Санамақ» айтады.
Видео
көрсету.
Шығармашылық жұмыс.
|
Балалар тыңдайды.
Музыка тыңдайды.
Қимылдармен көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс көрсете отырып
айтады.
-
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар мұқият тыңдайды.
Тақтада және парақшада отбасы мүшелерін
терезелерге ретімен орналастырып шығады.
Балалар іс-әрекетте үйренген
өнегелі сөздерді тәрбиешімен бірге қайталап
айтады.
Балалар,
саусақтарымен көрсете отырып санамақ
атады.
|
Қopытындылay. Өзiн-өзi
бaғaлay
|
Б
үгін
сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды
сыйлауға, көмектесуге, үйрендік. Отбасы - сенің ата-анаң, әжең,
анаң, ағаң, сіңілің, інің. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке
үйренетінін білдік.
Біз бүгін өзімізге ең жақын,
ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік.
Біз
оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең
жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі
сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз
бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды
аяқтаймыз!
|
|
Р ефлексивтік
түзетушілік
|
Жүректен жүрекке
Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсына отырып
өз отбасына, оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін
білдіреді.
Балаларды мадақтау.
Шарларды тарату.
|
-
Менің отбасым ең тату отбасы.
-
Менің отбасым ең үлкен, бақытты отбасы.
-
Мен атам мен әжемді жақсы көрем.
-
Менің әкем
ең мейірімді адам.
-
Менің анам ең ақылды адам.
|