Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің отбасым»
Барысы:
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, кіріспе ретінде мынадай сөзжұмбақ шешіп жіберейік.
Сұрақтары:
Әкелеріңді аналарың салтымыз бойынша кім деп атауы тиіс? /Отағасы/
Әкенің әкесі бізге кім болады? /Ата/
Отбасындағы «базар» /Бала/
Үйдегі алтын қазық кім? /Ана/
Тәтеден кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз? /Сіңлі/
Қазақ халқы қыз баланы тәрбиелеуде нені басшылыққа алады? / Тыйым /
(Әр жұмбақтың шешуін тақтаға жазып, «ОТБАСЫ» сөзін шығару)
|
|
О |
Т |
А |
Ғ |
А |
С |
Ы |
|
А |
Т |
А |
|
||||
|
|
Б |
А |
Л |
А |
|
|
|
|
А |
Н |
А |
|
|
|||
|
С |
І |
Ң |
Л |
І |
|
||
|
Т |
Ы |
Й |
Ы |
М |
|
|
|
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы - баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек деп, отбасылық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел-ананың тікелей міндеті. Өйткені «әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деседі.
Жүргізуші-2:
Сынып оқушыларының отбасы туралы жыр шумақтарына кезек берейік:
1-оқушы
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
2-оқушы
Атамның ән-күйі ғажайып,
Әжемнің әлдиі ғажайып,
Анамның мерейі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып,
Осындай жақсы әдет ғажайып,
Қалмасын ешқашан азайып.
3-оқушы
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген-тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
4-оқушы
Бойға қуат береді,
«Әй, жарайсың» дегені.
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді.
5-оқушы
Әкем шытса қабағын,
«Байқа, балам» дегені.
Алған көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны.
6-оқушы
Сабағымнан еш қалмай,
Үлес алам бәрінен.
Озат оқып әрдайым
Қуантамын бәрін мен.
7-оқушы
Ойнаймыз, күлеміз,
Жарқылдап жүреміз.
Әкені сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
8-оқушы
Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
9-оқушы
«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,
Қуат алдың, анажан, өзің неден?!
Адамдардан жақсылық күте алмаймын,
Ана жүрек мейірін түсінбеген.
10-оқушы
Әжемнің саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
11- оқушы
Ер жетіп есейгенде балапаны,
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын,
Қымбат қой әжелердің алақаны.
12- оқушы
Дүниенің жарық күні – анамыз,
Жарық күннен қуат алған санамыз.
Ұлы болсақ – анаменен ұлымыз,
Дана болсақ – анаменен данамыз.
Өмірге мына бізді ала келген,
Дүние қымбат екен анаменен.
13-оқушы
Үш әріптен құралған,
Қасиетті ұғымсың.
Дүниеде жалғыз жан,
Анашым бір өзіңсің.
14-оқушы
Ана деген асыл сөз,
Ана деген ғаламат.
Жер бетінде анаға,
Табынады адамзат.
Әрбір ана сүйеді,
Өз баласын үнемі
Одан асқан жан жоқ деп,
Жер бетінде біледі.
15-оқушы
Құт береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
16-оқушы
Алтын арай таңым - әке,
Алатаудай бағым - әке.
Балаң үшін шырылдайсың,
Аман болғын, барым - әке.
Жүргізуші-1:
«Ата - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дегендей, келесі кезекте әке туралы монолог тыңдасақ...
Жүргізуші-2:
Оқушылар отбасы туралы білетін мақал-мәтелдердерін ортаға салады.
Ата - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.
Ұлың – қымбат, немерең – ыстық.
Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер
Ата - бәйтерек, бала - жапырақ
Балалы үйдің еңсесі биік.
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар.
Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.
Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі.
Ананың көңілі балада, баның көңілі далада.
Жүргізуші-1:
Оқушылардың шығармашылығын танытатан «Менің отбасым – менің мақтанышым» тақырыбындағы ойтолғауға кезек берейік. (оқушылар жұмысты топпен орындайды)
Жүргізуші-1:
Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»
-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.
Жүргізуші-1:
Оқушыларға арналған жағдаяттық сұрақтар:
1. Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?
2. Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?
3. Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, кешкі тамақты дайындап қой!» - деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Не істейсің?
4. Күнделігіңе сынып жетекшің тәртібің қадағалауды қажет ететінін жазып, ал пән мұғалімі дайындығыңның төмендігіне сай «2» деген баға қойып берді. Апта аяғы болды. Күнделікте ата-анаңның қолы жоқ, сен қалай қыласың?
5. Ең жақын құрбыңның туған күні. Сен таң атқалы қиылып ата-анаңнан сұранып жүрсің, олардың жіберері жоқ. Не қыласың?
Жүргізуші-1:
Қорытынды.
Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ халқы.
Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған. «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,» - деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.
Олай болса, бүгінгі тәлім-тәрбиесі мол тәрбие сағатымызды мына бір өлең шумақтарымен аяқтасақ...
Әкеме
Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
Фариза Оңғарсынова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің отбасым" сынып сағаты

шағым қалдыра аласыз