Менің педагогикалық тәжірибем

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің педагогикалық тәжірибем

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің педагогикалық тәжірибем

Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі - білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді, батыл шығармашылық ізденісті, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруы жолында аянбай еңбек етуді талап етеді. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс». Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің, соның ішінде тіл мамандарының алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен деп түсінемін. Егеменді еліміз өркендеп, жаһандық елдермен терезесі тең түсу үшін, қашан да үлкен істі шешу жолында тіл қажет. Ал мемлекеттік тілді талапқа сай жоғары деңгейде үйретпеу, баланың қызығушылығын оята алмау, сапасыз оқытуды заман талабы көтермейді . Сондықтан инновациялық іс-әрекеттерді менгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды өз практикамда қолданатын кез жетті.Мектепте педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс. Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Педагогикалық озық тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек. Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар: Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озық тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар: •    оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі; •    өз беттерімен білім ала білуі; •    білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы; •    оқушылардың жалпы дамуы Озық тәжірибе — бұл мұғалімнің биік шеберлігі, яғни жоғары педагогикалық нәтиже беретін тәжірибе. Педагогикалық тәжірибе — мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы. Алдыңғы қатарлы тәжірибе деп мол нәтижені аз уақыт және күш жұмсашршынған тәжірибе аталады. Мұғалім тәжірибесінде жаңа, оригиналды ештеңе болмауы да мүмкін, бірақ ғылыммен белгіленген әйгілі принциптер мен қолдану негізінде, ол педагогикалық шеберлікке қол жеткізбеген мұғалімдер үшін жақсы үлгі болары сөзсіз. Сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл қолайлы болды. Алдыңғы жылдарда «дәстүрлі» стиль арқылы берген Маған көмек берген «Өрлеу» педагог кадрларды қайта даярлау институтының жаңаша тұрғыда деңгейлік курсы болды. Онда нақты жаңа формация ұстазына лайықты алған білімім арқылы оқушыны сыни тұрғыда ойландыра отыра, өзіме де сыни тұрғыдан өзгергенімді байқадым. Үнсіз оқушыларымның мінсіз оқушыға айналарына осы бағдарламадағы тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жетуге болатынын тәжірибе дәлелдедім. Өз жұмысымда осы тиімді оқыту мен оқу бағдарламасын негізге ала отыра, оқушылардың қалай оқу керектігін, яғни орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген білімім оқушылардың жинақтаған өзге білімімен тиімді сіңісе алмай, механикалық есте сақтап, үстірт естерінде қалдырды. Ол алған білімдерін сабақ барысында ғана игеріп, өмірде тиімді пайдалана алмайтын еді. «Жигсо-1» әдісі көлемі үлкен мәтіндерді талдауға жол ашып берсе, ЖАДА- оқушының құрбы-құрдастары арқылы түсінуін меңгертетін бірден-бір жол. Әлем мойындаған сындарлы оқыту теориясына негізделген оқытуда әр сабағымды оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал-ететін міндеттерге сай өткізудемін. Оқушының сабақты көтеріңкі көңілмен, құрбы -құрдастарына тілек, жылы лебіз айтып, ынтымақтастық орта қалыптастыра отыра бастауы арқылы оқушының сабаққа, тіл үйренуге деген құлшынысын байқадым. «Шаттық шеңбері», «Әуенді тыңда» атты әдістер арқылы жүзеге асырамын. Өткен тақырыпты қорыту мақсатында «Өрмекші торы», «Ыстық орындық», «Желпеуіш», «Қытай қағазы» әдістері арқылы жүргізу оқушыны жалықтырмай, қайта ұмытқанын еске түсіретін қолайлы әдіс . Оқушының сыни түрде ойлана отыра, сұрақтарға жауап беруде мұғалім жағдай туғыза отыра, сабақтың тақырыбын, мақсатын болжатады. Қызығушылықты ояту бөлімін «Ой шақыру» әдісі, яғни , бейнежазба, жұмбақ, сөзжұмбақ, өлең жолдары арқылы ашамыз.

Бейнежазба сендерге қандай ой салды?

Қалай ойлайсыңдар, неліктен осылай істеуге тура келді?

Бүгінгі сабақта не жайында айтылады деп ойлайсыздар? атты түрткі сұрақтар оқушыны сыни түрде ойландырып, нені білетіндерін болжай алуға жол ашады.

Мағынаны тану сатысында зерттеушілік тұрғыдағы тапсырмалар: Мысалы: «Фишбоун», «ВЕНН диаграммасы», «Ойлан, жұптас, пікірлес», Екі бетті күнделік», «Репортер», «Сахналық қойылым», «Бұрыш стратегиясы», «Кубизм», «Қос жазба күнделігі», « Алты ойлау қалпағы». Дұрыс әдісті таңдау, баланы жалықтырмайтындай, шаршатпайтындай етіп өткізу ол мұғалімге дұрыс бағыт-бағдар беруді талап етеді.

Ой қорыту сатысында «Ет тартқыш,сандық,себет», « Сэндвич мадақтауы», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы кері байланыс жүргізу оқушының нені біліп, нені білгісі келетінін анықтайды. Бұл мұғалімге келесі сабаққа дайындалар кезінде оқушыны не қызықтыратынын білуге жол ашады.

Бағалаудың жолдары : критериалды бағалау арқылы жүргізіледі. Тапсырмаға дискриптор құру бағаны толық,нақты қоюға, өзара бағалау түрлері топтың қаншалықты жұмыс істегенін анықтайды. Көбіне «Бағдаршам», «Бас бармақ», «От шашу».

Тапсырманы аяқтағанын шапалақ соғу арқылы білдіреміз. Топтың «Алтын ережесін» білу, сабақтың сапалы өтуінің бір негізі. Топтық жұмыс арқылы әр тапсырманы орындау кезінде оқушылардың белсенділігінің артқаны байқалады.

Диалог арқылы сөйлеу дағдыларын дамыттым, көп қырлы зиятқа ие, өзіндік мені қалыптасқан тұлға қалыптастыру жолында тиімді әдіс екенін байқадым. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады (Мерсер мен Литлтон).МАН,. 46 б.



өтті.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы ойшыл Әбунасыр Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген екен. Ұлы ойшыл айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы барлық қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін-өзі танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.

Мұғалім қажеттіліктің туындауына ықпал ететін мына шарттарды атап өткім келеді.

- қайшылықтарды жеңе білу.

- өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу.

- іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу.

Оқыту процесінің өзекті мәселелері шеңберіндегі шығармашылық сипаттағы таңдалған тақырыптар әр мұғалімнің көздеген мақсатына қол жеткізу үшін тиімді ізденіс жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып жүргізе білуге мол мүмкіндік туғызады. Мектептің «Алғырлар» атты кәсіби желілік қоғамдастығын құра отыра, қала мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге, шығармашылық ой бөлісуге жол ашылды.

Қорыта айтқанда, ел болашағы - жастарды білімді, жан - жақты, шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру үшін оқыту мен оқуда жаңа әдістерді тәжірибеге батыл енгізу қажет, ал әрбір құзіретті мұғалім өз идеясын жүзеге асыруда ізденуге ерінбеу керек. Сондықтан мен бұл жұмыcымды жүйелі түрде жалғастырамын деп алдағы уақытқа мақсат етіп қойып отырмын.
















Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық техналогияларды оқып үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады.

Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқытудың тиімділігі сол, әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, бұлар бір-бірімен өзара өте тығыз байланысты болып келеді. Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін алдымен сыни тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек, оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану, бір-бінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары: оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады, сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды, оқушылар өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады, мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынастар орнайды, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, түсіну сезімдерін арттыру, сауатты жазу, мәнерлеп оқу, мағыналы сөйлеу, өлең шығару, эссе жазу, тағы да басқа көптеген қасиеттерін дамытып қалыптастыруға болады.

Қорыта келе менің мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым-оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптегенқұндылықтарды талап ететін маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.





Жаңа педагогикалық техналогиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз-іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім техналогия бойынша жұмыс атқара алады.

Оқу үрдісіндегі болып жатқан жаңалықтың өзі мұғалім қауымынан талап етіп отырған бетбұрыс, ол сындарлы оқытуға негіздеу болып табылады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.

Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді.

Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе, қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үрдісі төмендегі мәселелерді қамтиды: -дәлелдеуді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды; -ақпараттар жинауды; т.б. Сыни тұрғыдан ойлау- бұл кез келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің көзқарасымен ғана шектелмей, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндікқате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуь оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.(МАН)

Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек.

Мектептегі еңбек жолымды Қарағанды облысы Нұра ауданы Талжанов орта мектебінде 2004 жылы бастауыш мұғалімі болып бастадым. Ал, осы мектепте 2009 жылдан бері жұмыс жасап келемін.

Әдістемелік тақырыбым: «Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру».

Мұғалім - мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.

Мұғалімдердің ортақ мақсаты - жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын өзіміз оқытып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде заманауи оқыту технологиясының элементтерін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып отыруға тырысамын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
4341
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі