Материалдар / Менің қалам !
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің қалам !

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел Отанымыз Туған жер туралы түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
267
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Кулекеева Мақпал
Сабақтың тақырыбы: Менің қалам!
Білім саласы: «Коммуникация»
Бөлімдері: «КОММУНИКАЦИЯ» - Сөйлеуді дамыту, «Шығармашылық» - Сурет.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: тәрбиеленушілердің елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы және ел тәуелсіздігін танытқан
мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту;
дамытушылық: балалардың танымдық іс-әрекеттерін, ойлау қабілеттерін, тіл мәдениетін
жетілдіру;
тәрбиелік: Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір
тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, Activ studio бағдарламасы
Меңгерілетін сөздер: Отан, елорда, Байтерек, ту, елтаңба, әдемі үйлер, ағаштар, гүлдер т.б.
Іс-әрекет кезеңдері
Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-оятушылық
Флипчарт 1
Шаттық шеңбері:
Мен Ботақан, ботамын.
Шөл далада Отаным.
Қайырлы таң, балалар!
(аудиожазбаны қосу құралы)
Флипчарт 2
Ботақан:
- Мен сендерді виртуалды экскурсияға
ғажайып қалаға шақырамын. Ал,
қаланың атын сурет бойынша
өздерің айтыңдар
(балалар бұрыс жауап берсе,
Ботақан: «Тағы да ойлан», дұрыс
жауап берсе: «Иә, бұл Нұр-
Сұлтан Қаласы», - дейді.

Балалар шеңберге тұрып,
өлең жолдарын айтады:
-Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Кездескенде қонақпен
Сәлемдесіп аламыз.
Ботақанға қызығушылық
танытады.
Балалар жауабы:
Мынау Байтерек. Нұр-
Сұлтан қаласы.
Ұйымдастырушылық -
ізденушілік
Флипчарт3
Кіріспе (Ботақан):
Виртуалды экскурсиямызды құпия
сөздермен бастайық.
Байтеректің бірінші жапырағы
сендерге бейнефильм көруді
ұсынады (бейнефильмді қосу
құралы).Бейнефильм мазмұны
бойынша «Ғажайып керуен» ойынын
ойнайық, яғни ребустардың шешуін
табайықжауаптарды
салыстырайық (суретті жасыру
құралы)
Флипчарт 4
Байтеректің 2 жапырағы
Ақ Ордаға шақырады.
Елбасымыз Қ.Тоқаевтың жұмыс
орны. Мемлекеттік рәміздермен
таныстыру.

Флипчарт 5
«Ту мен елтаңбаны құрастыр»
ойыны («түпсіз қоржын» тәсілі)

Балалар хормен бірге
қайталайды:
-«Байтерек, Байтерек,
Бізге қызық думан керек! -
өлең жолдарын қайталап,
Тәрбиеленушілер
бейнефильмді тамашалайды.
1 жапырақтың тапсырмасын
көреді.
Ребустардың шешуі:
-Отан, қазақ тілі, елтаңба








Page 2

Шарты: ботақанның қоржынынан
элементтерді алып, ту мен
елтаңба құрастыру.

Флипчарт 6
Бәйтеректің келесі жапырағы Нұр-
Сұлтан туралы өлеңге
мнемотехника тәсілін қолдануды
ұсынады (контейнер құралы)
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Флипчарт 7
Байтерек Нұр-Сұлтан қаласындағы
спорт сарайына баруды ұсынады.
«Ғажайып шеңбер» ойыны
Шеңберге кіру үшін елорда туралы
білгендерін айту.
Спорт сарайының алаңында біз
сергіту сәтін жасайық
«Көңілді күн» мультимедиасын
тамашалау.
«Бәйге» ойыны. Туға жету үшін «5
қадам» әдісін қолдану.
1. Ту
2. Көк ту
3. Көк ту желбірейді.
4. Нұр-Сұлтанда көк ту желбірейді.
5. Мен мемлекеттік рәміздерді
білемін.
СУРЕТ
Флипчарт 8
Пазлдарды құрастыру
Сұрақ-жауап:
-Пазлда ненің суреті?
-Нұр-Сұлтан қаласы туралы не
білдіңдер?
-Ақордада қандай нышандарды
көрдік?
-Мемлекеттік рәміздер дегеніміз не?

Ботақан:
-Пазлдағыдай өзіміз де Нұр-Сұлтан
қаласының суретін салайық.
Сұрақ-жауап:
-Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Тәуелсіздік нышандары нелер?
-Туда не бейнеленген?
Елтаңбада не бейнеленген?



Балалар қайталайды:
- Ту.
- Ту, елтаңба, гимн,
мемлекеттік тіл – қазақ тілі.






Мемлекеттік
рәміздерді атап, құрастырады.








Өлең жолдарына сәйкес
суреттерді орналастырады.
Өлеңді мәнерлеп айтады.


Балалар мультимедиадағы
балалардың қимылдарын
қайталайды.
Балалар жауабы.
Балалар Нұр-Сұлтан туралы
білгендерін айтып, пазлдарды
жинайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Салған суреттерін атап, бояп,
түстермен байланыстырып,
сөйлем құрастырады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Флипчарт 9
Қорытындылау (Ботақан):
-Балалар, виртуалды экскурсиямызды
аяқтамас бұрын Байтеректің ішіне


Балалар жауабы:


Page 3

кіріп, жақсы тілек білдірейік! Бүгін
Нұр-Сұлтанның қандай жерлерінде
болдық?(Activ studio бағдарламасының
лупа құралын қолдану, сабақты
қорытындылау)
Флипчарт 10
Ботақан:
-Балалар, саяхатымыз ұнаса,
гүлдерді, жүректерімізді Нұр-Сұлтан
қаласына сыйлайық.Егер саяхатымыз
ұнамаса тастарды ағаштың түбіне
орналастырайық.

-Денсаулық тілеймін!
-Ойыншықтар көп болсын!
-Достар көп болсын!
т.б.тілектер.



Балалар жүректерді, гүлдерді
Бәйтеректің суретіне
орналастырады.

Күтілетін нәтиже:
Еліміздің мемлекеттік рәміздерін, елордамыз туралы біледі;
Өз еліне деген махаббатты сезінуді, ұлтжандылық, Отансүйгіштік қасиеттерін меңгереді;
Сөздердің мағынасын түсініп, яғни Нұр-Сұлтан туралы меңгерген білімдерін ауызекі сөйлеу
барысында қолдана алады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!