Білім
беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
түрі: «Қазақ тілі»
Тақырыбы: Менің
қарындасым
Мақсаты: отбасы мүшелері атауларын
үйрету. Сөзік қорларын аға, әпке, іні, сіңлі, қарындас сөздерімен
толықтыру. Қарындас, сіңлі сөздерінің айырмашылығын
түсіндіру. Қолданылатын көрнекі
құралдар: балалардың өз отбасы
суреттері
Қажетті құрал – жабдықтар: жұмыс –дәптері,
үлестірмелі материал, түрлі – түсті қарындаштар
Әдіс –
тәсілдері:түсіндірме, сұрақ – жауап,
ойын,практикалық ж\с, қайталау, әңгімелеу.
Іс – әрекет
кезеңдері
|
Педагогтің іс -
әрекеті
|
Балалардың іс -
әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Педагог топтағы балаларға өз
отбасы суреттерін таратып береді (бұл суреттер «отбасы» тақырыбы
басталған уақыттан бастап, балалардан жиналады). Әр бала өз
отбасында неше адам барын айтады.педагог балаларды
аға,
әпке, іні, сіңлі ,қарындас сөздерімен таныстырады.балалар
өз отбасына қатысты сөздерді бірден іріктеп алады. Егер
баланың ағасы
болса, ол
міндетті түрде аға
деген
сөзді қажет етеді. Осылай өз отбасы суреттеріндегі отбасы мүшелерін
атап шығады.
|
Мынау-менің әкем. Мынау-менің
анам. Мынау- менің ағам т.с.с
|
Ұйымдастырушылық –
ізденістік
Рефлексиялық -
түзетушілік
|
Педагог балаларды жұмыс
дәптердегі «Менің
қарындасым» тақырыбына арналған оқу іс –
әрекетінің үлгісімен таныстырады. Балаларды
№ 1
тапсырма-дағы 2 сурет бойынша отбасы
мүшелерін қайталатады. Педагог № 2
тапсырмадағы сурет бойынша қарындас, сіңлі
сөздерінің айырмашылығын түсіндіреді. Үлестірмелі материал-дағы
тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға
тағы бір қайталатып, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты
орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға,
шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын,
зейінін,қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Педагог балалардан бүгінгі оқу
іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен
айналысқандарын, не үйренген-дерін сұрайды. Жаңа материалды еске
түсіріп, хормен қайталатады
|
Балалар үлестірмелі
материалдағы тапсырманы орындайды.
Балалар белсенді сөздік қорды
хормен қайталайды
|