Менің
Қазақстаным
Мақсаты: егеменді еліміз жер бетіндегі
басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде
дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін
жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру,
оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше
құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру. Оқушыларды
ұлтжандылыққа, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Ой –өрісін, танымдық
қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Жүргізуші: Армысыздар,
ұстаздар!
Армысыздар,
қонақтар!
Армысыздар,
аталар!
Атадан біздер бата
алар!
Армысыздар,
аналар!
Сіздерден шыққан
даналар!
Тәуелсіз еліміздің ұлағатты
ұрпақтары. ҚР – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Талай
ғасырлар бойы ата – бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын
аңсап келген. Міне, сол күнге де жеттік.
Атамекен – ақ
үйдің
Азат болған күні
бұл.
Құндақтаған
сәбидің
Қазақ болған күні
бұл.
Жұпар шашқан
гүлімнің
Жаңа ашылған күні
бұл
Менің Ана
тілімнің
Бағы ашылған күні
бұл
Алты алаштың
баласы
Қауымдасқан күні
бұл
Бір-бірімен
жарасып
Бауырласқан күні
бұл.
Қазақ деген
елімнің,
Құтты болсын бұл
күні!
ҚР мемлекеттік Әнұраны
орындалады.
Жүргізуші: Құтты болсын
мерекең
Құтты болсын
берекең
Құтты болсын
айтады
Айдын апай бізге
кеп.
Енді, бүгінгі «Менің
Қазақстаным» атты іс-шарамызды ашып беру үшін балабақшамыздың
меңгерушісі Айдын апайға сөз кезегін
береміз.
Жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен
біз,
Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен
қыз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем
биді,
Сіздерге тарту етіп
ұсынамыз.
Хор: «Жас дәуірдің
түлегіміз».
Балалар арайлаған таңды
сүйетін кім?
Біз
Алтын сәулені сүйетін
кім?
Біз
Жарын даланы сүйетін
кім?
Біз
Ата-ананы сүйетін
кім?
Біз
Досын сүйетін
кім?
Біз
Еліміздің болашағы
кімдер?
Біздер
Жүргізуші: Балалар Қазақстан туралы өлең,
жыр шумақтарын оқып, елімізді, жерімізді мадақтау біздің еншімізде.
Олай болса ендігі кезекті өлең, тақпақтарға
берейік.
Барлығы:Мақтансаң мақтан елім
деп,
Тани біл елдік
таңбаңды.
Елтаңба, Туың,
Әнұран,
Шырқатты биік
арманды.
Нұртілеу: бәрі болған қазақ сынды көне
елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік,
өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер
халықта,
Кім сенеді ту болмады
дегенге?!
Інжу: Рәмізім- елдігімнің
белгісі,
Білу керек бала дағы ең
кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту,
елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн
кісі.
Назгүл: Қазақстан
Туы
Көк аспандай
көкпеңбек
Қазақстан
жалауы
Көк емес ол
тектен-тек.
Кәусар:Елдің ашық
қабағы.
Ақ ниеті-алтын
күн,
Асқақ арман
қыраны.
Жалауы
бұл-халқымның.
Ақнұр: Мәртебесі,
мақтаны.
Елтаңбасы
елімнің
Елтаңбасы
елімнің
Неткен әйбәт,
әдемі!
Нұрболат: Құт, береке,
шаңырақ
Орын алған ол
төрден.
Қанатты қос
арғымақ,
Екі жақтан
көмкерген.
Бақтыбек: тәуелсіздік
жолында
Талай – талайтер
тамған...
Билігім өз
қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Асылзат. Әнұраным – жан
ұраным
Айтар әнім, сөйлер
сөзім
Туған жерім
сағынарым
Бақыт бірлік күн
талабы
Тоқтамайды дабыр
әні
Мәңгі бақи
шырқалады
Республикам
Әнұраным.
Ән: «Келші, келші,
балашым»
Айым болып тудың
ба?
Күнім болып тудың
ба?
Әке жолын қудың
ба?
Ата жолын қудың
ба?
Бұл дүниеге келген
соң,
Сұрауы бар судың
да.
Қуанышым - арай
жүз,
Сөйлесерміз талай
біз
Бар ағайын
жиналып,
Мәз боп саған
қараймыз.
Сендей бала
ешкімде,
Болмаған деп
санаймыз.
Аяна: Тәуелсіздік – менің байтақ
Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай,
Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің
шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік - жыр
әнім.
Мақпал: Тәуелсіздік таңы
атты,
Азаттықтың күні
атты.
Тәуелсіздік алған
ел
Егемен қазақ
халқы.
Еркебұлан. Қара мына
ғажапқа
Теңдік тиді
қазаққа
Езгідегі
ұрпағың
Енді айналмас
мазаққа.
Қанағат. Өзіңдікі туың
да,
От пен ауа, суың
да.
Жаса
Қазақстаным!
Белді бекем буын
да.
Бекзат: ұраның да
жасасын,
Құраның да
жасасын.
Қасиет кие
дарыған,
Ұланың да
жасасын.
Жанболат. Қанатынан
қайрылып,
Қыл арқаннан
майрылып
Қонақ
тәуелсіздіктен
Қала көрме
айрылып.
Бекарыс: Қазақстан дейтін менің бар
елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін.
Бұл даланы анам жаспен су
арған,
Бұл далада атам қолға ту
алған.
Фариза: рухынан жақсылардың нұр
саулаған,
Жанымды мейірімі
құрсаулаған
Жайсаң өлке, жайдары
Қазақстан
Шуақ шашқан сәулелі күнсің
маған.
Альмахан: республика күнімен
құттықтаймын
Жарқырап жанған қазақ
күнін.
Барлығы
хормен: Республика күнімен
құттықтаймыз
Өйткені ол – Ұлт күні, Қазақ
күні
Жүргізуші:
Еліміздің нышандары: Ту,
Елтаңба, Әнұран.
Туымызды қастерлеу- халқымызды
қастерлеу.
Рейхстагқа ең алғаш туды
Рахымжан Қошқарбаев тіккен екен. Олай болса видеоға назар
аударайық.
Жүргізуші: бостандық деп аталатын асқақ
арман жолында қаншама тер төгілген, қаншама батырларымыз өз
жандарын құрбан еткен. Міне, енді жарқыраған азат елміз. Осындай
алып мемлекеттің болашағы біздер. Сондықтан да біздің бойымыздан
тек қана жақсы қасиеттер табылғай. Абай атамыз айтқандай бес
нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болайық. Жаман әдеттерден
аулақ болайық. Келесі кезекті осындай әдеттерге тап болған бала
туралы көрінісімізді
тамашалайық.
Жүргізуші: Қазақ қызы күлімдер күн
көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай
жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті
аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Алдарыңызда попури.
Жүргізуші: Біз
қазақпыз
Есігі ашық, төрі
кең,
Асқақпын, биіктерден
көрінем.
Достық туы биікте
желбіресін,
Қарайықшы
әлемге
Біз иегердің
көзімен.
Жанымыз сау, деніміз
мықты, еліміздің азаматы болып өсейік. Осымен іс-шарамызды жабықдеп
жариялаймын.