Материалдар / Менің Қазақстаным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
БАЛАБАҚША ҰСТАЗДАРЫНА
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖШС «АҚ МИРАС» БАЛАБАҚШАСЫ













«Жас экологтар» атты авторлық бағдарламасы



























Тараз қаласы



«Жас экологтар» атты авторлық бағдарламасына

Пікір



Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көзалдымызға елестете  алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің  негізгі міндеттерінің бірі — «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады.  Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесін табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға, қызығушылығын арттырып жауапткершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Әдістемелік нұсқаулық  «Таным» білім саласы бойынша  тәрбиешіге жақсы көмекші құрал болып табылады. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды бақылау арқылы үйренеді. Нұсқаулық табиғатты танып, білу –мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Әдістемелік нұсқаулық тәрбиеші жұмысын жеңілдетуге көп септігін тигізеді.














Пікір жазған: Тұрысбек Т.Н








«



Түсінік хат

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып,  педагог оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында  жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала — қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Көрнекті психолог С.Л.Рубинштейн бақылауды баланың ойлау қабілетін дамытатын мағыналы қабылдаудың нәтижесі деп қарастырады. Бұл жерде бала табиғи нысандар мен құбылыстардан нені көре алады және нені көру керек деген сұрақ туындайды. Экологиялық тәрбие әдістемелерін, басқа балабақшалардың озық тәжірибелерін зерттей келе, табиғатты бақылаудың бағдарламасын жасақтау тиімді деп шештік. Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.

Баланың жан-жақты дамуы оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» — осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.

 

 

 

 

 



Ересек топ



Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Күні

1

Құрғақ топырақпен танысу.

 

Балаларды өлі табиғаттың бір құрамы -топырақпен таныстыру

1


2

Қыркүйектің басында біздің аулада не өседі?

Балаларды ауладағы өсімдіктерді танып білуге үйрету.

1


3

Ауа деген не?

Балаларды ауа және оның қасиеттерімен таныстыру

1


4

Күзде жәндіктерді бақылау.


Жәндіктердің күздегі тіршілігімен танысу.

1


5

Мақсатты серуен. «Күзбен кездесу»

Күз мезгілінің ерекшеліктерін бақылау.

1


6

Шықты бақылау.


Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-шықпен таныстыру.

1


7

Балабақша ауласын қарау. «Барлаушылар» ойыны.

   Ауладағы бұталар, ағаштар, гүлдердегі өзгерістерді байқауға үйрету.

1


8

Ауа-райын бақылау.


Балаларды ауа-райын сипаттауға үйрету

1


9

Қайтқан құстарды бақылау.


Құстардың азайғандығына назар аудару.Себебін анықтау.

1


10

Күзгі Жайық өзені.

Мақсатты серуен.

Өзен бетіндегі өзгерістерге назар аудару.

1


11

Тұманды бақылау.


Балаларды табиғат құбылысының бірі-тұманмен таныстыру.

1


12

Ауа-райын салыстырмалы түрде бақылау.

 

 Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер туралы мағлұмат беру.

1


13

Жапырақтың түсуін бақылау.


Табиғаттың жылдың төрт мезгілінде де сұлу екендігіне назар аудару.

1


14

«Бақшадағы гүлдердің тұқымын жинайық»

 

Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер туралы мағлұмат беру.

1


15

Ауладағы өсімдіктердегі маусымдық өзгерістерге назар аудару.

Ауладағы өсімдіктердегі маусымдық өзгерістерге назар аудару.

1


16

Аққайыңды бақылау.


Аққайың ағашының өзгеріске ұшырауын бақылау.

1


17

Желді бақылау.

 

Балаларды табиғат құбылыстарының бірі-желмен таныстыру.

1


18

Аула тазалаушының еңбегі.


Аула тазалаушының іс-әрекетін бақылау.

1


19

Алғашқы суықтық.


Күн салқындауы мен мұзқату байланысы.

1


20

Қардың түсуін бақылау.

Қысқы табиғат құбылыстарының бірі-қар туралы мағлүмат беру.

1


21

Боран және бұрқасынды бақылау.

Боран және бұрқасын туралы білімдерін кеңейту

1


22

Қырауды бақылау.

Бақылау арқылы қырау туралы білімдерін жетілдіру

1


23

Ауа-райының қыс мезгіліндегі ерекшеліктерін бақылау.

Қысқы ауа-райына сипаттама бере білуге үйрету

1


24

Қардың суға айналуы.

Тәжірибе жасау арқылы қардың суға айналуын бақылау

1


25

Қар мен мұзды салыстыру

Қар мен мұздың қасиеттерін айыра білу

1


26

Құстардың қысқы тіршілігі.

Қыстайтын құстардың тіршілігін бақылау

1


27

Ұйқыдағы ағаштар.

Қыс мезгіліндегі өсімдіктердің күйін бақылау

1


28

Үлкендердің қысқы еңбегі.

Қыс мезгіліндегі үлкендер еңбегін бақылау

1


29

Қардың түрлері.

Қардың түрлерімен таныстыру

1


30

Ауа-райын салыстырмалы түрде бақылау.

Қыс соңындағы ауа-райындағы өзгерістерді бақылау

1


31

Көктем келді.

Көктемнің алғашқы белгілерін бақылау

1


32

Жылғалардан су ақты.

Қардың еруі, жылғалардан су болып ағуына назар аудару

1


33

Құстар келді.

Жылы жақтардан ұшып келіп жатырған құстарды бақылау

1


34

Ағаштар бүршік жарды.

Көктемдегі ағаштарда болып жатырған өзгерістерді бақылау

1


35

Көктемгі табиғат ерекшеліктерін бақылау.

Көктем мезгіліндегі табиғат ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту

1


36

Мақсатты серуен. Көктемгі баққа саяхат.

Жылы жақтан құстардың ұшып келуі аяқталғанын түсіндіру

1



Барлығы:

36




 

 















770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!