Материалдар / Менің Қазақстаным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Қазақстан туралы түсінік бере отырып, елін жерін құрметтеуге, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Шаттық шеңбері, әр түрлі қызықты ойын тапсырмалар, сергіту сәті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2022
362
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: « Менің Қазақстаным »

Мақсаты: Әнді тындап, сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру, дыбыс биіктігі, тембрі туралы ұғымын қалыптастыру. Еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілдер:Миға шабуыл, дауыс жаттығуы, ғажайып сәт, от шашу әдісі (мадақтау), ашық микрофон, мозайка әдісі, 4 сурет 1 сөз.

Қолданылған ресурстар: интербелсенді тақта, микрофон, ту,елтаңба, гүлдер.

Қолданылған технология: ТРИЗ, 4К, АКТ

Қостілдік компонент: Қазақстан, елтанба-герб, ту-флаг, ән-ұран, рәміз-символ.

Қөрнекі құралдар: Қазақстан рәміздерінің суреті, сәулетті қалалар суреттері,макеттер, слайд.

Кіріспе: Қыздар гүлдермен, ұлдар жалаушамен «Атамекен» Е.Хасанғалиев әнімен музыка залына кіреді.

-Сә –ле- мет-сіз-дер ме, ба-ла-лар! (үш тілде амандасу) (Музыкалық сәлемдесу)

До-ре-ми-фа- соль- соль ля-ля-соль-ля

Соль-фа-ми-ре-до

Балалар: Сәлеметсіз бе?

- Көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Өте жақсы.

- Балалар, бүгін біздің оқу қызметіміз өте ерекше болмақ, себебі бізде алда керемет мереке келе жатыр,соған орай жаңа әндер айтамыз,жаттаймыз..

Қане, енді өздеріңнің тәртіпті,ақылды, білімді балалар екендеріңді көрсетіңдерші.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?( балалар жауабы)

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінде қандай мейрамдарды тойлаймыз?( 4К комуникативтілік тілдік қатынас.)

-Балалар, менің қолымдағы суретті таңдау арқылы үш топқа бөлініп отырамыз. ( топқа бөлу)

Негізгі бөлім:

-Балалар, зейінімізді ашып, көңілімізді экранға бұрайық. Ал ендеше балалар мен сендерге сұрақ қоямын.Сұраққа дұрыс жауап беруге тырысамыз.

Дұрыс жауап бермесек суретіміз ашылмайды.

  1. - біз қай Республикада тұрамыз?

  2. -біздің ауылымыз  қалай  аталады?

  3. -Қазақстан Республикасының Елбасы кім?

  4. -Қазақстан Республикасының Туының түсі қандай?



4 сурет 1 сөз (әдісі)

Ендеше , балалар бүгінгі оқу қызметіміз «Менің Қазазақстаным» екен

- Балалар алыстан бір дыбыс естіледі, қане бәріміз құлақ түріп көрейікші.

( экраннан бұлбұлдың дауысы естіледі).

Ғажайып сәт: «Бұлбұл»

Ой бұл біздің досымыз, әнші құс бұлбұл ғой. Бұлбұл бізге бірдеңе айтқысы келіп тұрған сияқты.

-Балалар, менің ән айтайын десем дауысым шықпай қалды.Мен ән айтпасын деп,- мыстан кемпір менің дауысымды сыйқырлап тастады. Маған көмектесесіңде ме? Сендерге мыстан кемпір хат беріп жіберді.

-Балалар , мыстан кемпірдің хатында былай жазылған екен. Егер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, бұлбұлдың дауысы қалпына келеді-деп, жазылған екен. Көмектесеміз бе, балалар.(балалардың жауабы)

Бірінші тапсырма:

Музыка тыңдау: «Әнұран мен елтаңба» . Балаларға әнді айтып беремін.

- Әнін ырғағы қандай?

-Бұл әнде жоғары дыбыс бар ма?

-Қысқа және ұзақ дыбыс бар ма? ( командамен жұмыс, коммуникативтілік тілдік қатынас )

Балалар мыстан кемпірдің тапсырмасын орындамас бұрын дауыс жаттығуын жасап алайық.

Дауыс жаттығуы

Екінші тапсырма: Ән айту: «Тәуелсіз ел ұланы ».

Қане шаршап қалған шығармыз бір сергіп алайық.

Әуенді ырғақты қимыл : «Жалаушалармен»

Үшінші тапсырма: Мозайка әдісі арқылы алдарына берілген құралдан Астананы құрастырады. (командамен жұмыс,коммуникативтілік тілдік қатынас,)

(экраннан бұлбұлдың дауысы естіледі)

:-Жарайсыңдар! мыстан кемпірдің сыйқыры кетіп, бұлбұлдың дауысы қалпына келген сияқты. От шашу әдісі арқылы бір-бірімізді мадақтайық.

( от шашу әдісі)

Бұлбұл: -Рақмет, сендерге балалар .Мені мыстан кемпірден құтқарғандарың үшін. Сендер өте білімді,әнші екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар.

Қорытынды бөлім:

Рефлексия: «Ашық микрофон» әдісі.

-Бүгінгі оқу қызметі сізге ұнады ма?

-Бүгін біз кімге көмектестік?

- Оқу қызметі несімен ұнады?

Мадақтау: Жарайсыңдар! Бүгінгі оқу қызметіне белсенді қатысқандарың үшін мен сендерді жұлдызшамен мадақтаймын.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!