Тренинг
тақырыбы: Менің рухани
құндылықтарым
Сынып: 9
Ай,күні: 21.11.17
Тренинг
мақсаты: Тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеуге , ойлана білуге, ,
өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз
қабілеттерін өзі іске асыра білуіне бағыттау, Мақсатты, саналы,
жүйелі түрде іс-әрекет жүргізе алуына ықпал
жасау.
Кіріспе:
Құрметті оқушылар бүгінгі
тренинг сабағымызға хош келдіңдер!
Дүниедегі ең үлкен нәрсе -
кеңістік
Бәрінен жүйрік -
ой
Бәрінен дана -
уақыт
Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл
айту
Бәрінен қиыны - өзіңді өзің
тану.-деген екен данышпан философ
Фалес
Яғни , бүгінгі «Менің адами құндылықтарым» тақырыбындағы
тренинг сабағымызда біз өз бойымыздағы
жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу , дамыту
жолдарын анықтаймыз
«Өзіңмен өзің түскен күрес
— ең қиын күрес, өзіңді өзің жеңген жеңіс –
ең ұлы жеңіс»,-неміс ақыны Ф.Логау тегін
айтпаған шығар:
«Менің өмірлік
ұстанымым» жаттығуы
Қазір біз әрқайсымыз
өзіміздің:
Мақсатымыз, міндетіміз және
өмірлік үш ұстанымымызды айтамыз.
- Рахмет, балалар ! Әрбір
жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера
қалыптастырды.
Рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасқан оқушы
ол:
- Кішіпейіл, басқаға
зұлымдықты ойламайтын;
- Адал және
әділетті;
- Жақсы көреді және
қамқоршы;
- Еңбекқор және
ұстамды;
- Шығармашыл және
әдемілікті сақтаушы;
- Білімге құштарлы және
сыни тұрғыдан ойлайды;
- Батыл және
өжетті;
- Қамқор және
жауапты;
- Елімен,мемлекетімен,мәдениетімен байланысын
сезінеді;
- Сөзіне, іс-әрекетіне
жауапкершілігімен қарайды;
- Патриотты,
толерантты.
өзара ұжымдағы қарым
-қатынасымызды қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті
арттыру, әр түрлі ұлт өкілдерін қадір
тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі
қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі
үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігіміз
болмайды.Қарапайым әдеттерді қалыптастыра отырып әрбір іс әрекетті
ұқыпты, әрі сауатты атқаруына қол жеткіземіз.Ол әдеттер:
адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік,
қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық
т.
«Өмір туралы тәжірибе»
видеоролик
Ірі тастар адам өміріндегі ең мәнді заттарды
білдіреді: Отбасы, Отан, сүйіспеншілік. Бақыт, денсаулық,
білім.
Ұсақ тастар: жұмыс, пәтер, қызмет сияқты одан маңызды бәсеңдеу
заттарды білдіреді.
Құм дегеніміз – адамның күнделікті өміріндегі ұсақ-түйектер, яғни
күйбең тіршілік. Егер адам құммен толтырған екінші ыдыс сияқты өз
өмірін ұсақ-түйекпен өткізетін болса, онда маңызды заттарға орын
қалмайлы.
Ірі тастарыңды қадірлеп, сақтай
біліңдер. Тек солар ғана
құнды,
қалғандары құм ғана.
«Талап тауы»
жаттығуы.
Нұсқау: оқушыларға 7
парақтан таратып, 7 құндылықтарын жазуды ұсыну. талап тауына шығу
үшін 7 құндылықтарының біреуін сол жерге тастап кетіп
отырады.
-
Жеті құндылықты алып,
орман ішінде келе жатырсың, алдыңнан өзен шығады. Өзеннен өту үшін
балықшыдан қайықпен өткізіп жіберуін сұрайсың, ол оның құнына бір
құндылықтарыңды сұрайды.
-
Өзеннен өтіп, тағы келе
жатырсың, келе жатырсың. Алдыңнан қарақшалардың бір адамды ұрып
жатқанын көресің, қарақшыларға жірберуін сұрағаныңда, оның орынына
бір құндылықтарыңды сұрайды. Сөйтіп ол адамды
қарақшылардан құтқарып аласыңдар.
-
Орман ішінде адасып келе жатырсың, келе
жатырсың. сол кезде алдыңнан кемпір шығады. кемпірден жолды
сұрағандарыңда ол орнына бір құндылықтарыңды сұрайды. Сөйтіп сендер
бір құндылықтарыңды бердіңдер.
-
Орман ішінде келе жатырсың, алдыңнан үш жол
шығады. сол жолдың қайсына барарыңды білмей тұрғаныңда
алдыңнан цыган шыға келеді. Сен одан үш жолдың қайсысын таңдаймын
деп сұрағаныңда бір құндылығыңды берсең айтармын деп, дұрыс жол
көрсетеді.
-
Өйтіп ары қарай келе жатырсың, келе
жатырсың. Алдарыңнан аю шыға келеді. Сол кезде орманда өздерің
қарақшылардан құтқарған бір адам мылтығымен өтіп бара жатқанын
көресің, сен көмек сұрағаныңда ол сенен бір құндылығыңды беруді
сұрайды. Сөйтіп аюдан да өтесің.
-
орман аралап келе жатқанда алдыңнан «Талап
тауы» да көрінді. Енді талап тауының етегінде ақсақал тұр екен. Ол
талап тауына шығу үшін бір құндылықтарыңды беріңдер деп
сұрайды.
жаттығу соңында қолымызда қалған соңғы
құндылық, бұл сіздің өміріңіздегі ең негізгі, маңызды
құндылығыңыз
«Бес
құндылық» жаттығуы.
Қатысушылар алдарындағы
жапсырма қағазға өздерінің өмірдегі ең құнды бес дүниелерін жазады,
оған жақсылап қарап алуын және бүктеуін
сұраймын.
Ұсыныс: Сендер өздеріңнің ең қымбат
бес дүниелеріңді жаздыңдар, енді оны жәй ғана жерге лақтырып
тастаңдар.
Рефлекция:
1. Осы жаттығу барысында не
сезіндің , құндылықтарыңды лақтыру оңайға түсті ме
?
2. Бүгінгі тренингтен алған
әсерің, білімің сендерге келешекте қажет деп ойлайсыңдар
ма?
Ендеше осы құнды
дүниелерімізді еш уақытта жоғалтып
алмайық!
Қорытынды: Тренингке қатысқандарыңызға
көптен-көп рахмет, тәуелсіз еліміздің болашағы да, тірегі де
сендерсіңдер! Сондықтан әрдайым ойларың мен сөздерің бір жерден
шығып , өмірдегі өз орындарыңды
белгілей біліңдер демекпін!
Өткізген психолог: Мүтән
Б
2017ж