Менің сүйікті ісім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің сүйікті ісім

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың "еңбек" құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспарлары

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім

Құндылық: дұрыс іс-әрекет 

Қасиеттер: еңбексүйгіштік 

Мұғалім:  Сарыбай Ақмоншақ


Сабақтың мақсаты: Балалардың "еңбек" құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

- сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру .

- еңбек ету іскерліктерін дамыту.

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Ресурстар: дәйексөз, суреттер, өлең сөзі, оқулық, дәптер


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру. 2.Тыныштық сәті Нұрға бөлену -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. 3. Үй тапсырмасы: Білім туралы мақал-мәтел жазу автор орындығына отырып оқиды. Оқушы дәптерін тексеру.


Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

4.Әңгімелесу Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің сүйікті істерің бар ма? Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Сенің сүйікті ісіңе ата-анаң қалай қарайды?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

5.Мәтінмен жұмыс «Өнерлі балалар» әңгімесін оқу.

Оқушылардың пікірін тыңдау үшін сұрақтар қою: Балалар үлкендерді қандай істерімен қуантты? «Өнерлінің қолы алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

6. Дәйексөз Сүйіп істеген іс шаршатпайды. Халық мақалы Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Қорыту: Сүйікті ісімен айналысу адамның өзіне деген сенімін арттырып, шығармашылықпен еңбек етуіне ықпал етеді. Адам табиғатынан бір іске қабілетті, дарынды болады. Өз мүмкіндіктерін орынды қолдана білген адам айналасындағылардың құрметіне ие болады.

Мағынасын түсіндіру

7.Шығармашылық жұмыс Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар. Өздеріңнің сүйікті істерің туралы айтып беріңдер.

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

8.Топпен ән айту «Кім немен ойнайды?» Ө. Тұрманжанов Теңізші болатын бала – Бұлақпен ойнайды. Батыр болатын бала – Қынаппен ойнайды. Жарықты жағатын бала – Шырақпен ойнайды. Диқан болатын бала – Топырақпен ойнайды. Ғалым болатын бала – Кітаппен ойнайды.

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

9.Үй тапсырмасы: дәптермен жұмыс жасау

Күнделіктеріне жазады.

10.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз. - Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімілестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік. Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да айналаңды сүйсінтер, өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсын. Ол еңбекпен келеді.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
826
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі