Материалдар / Менің сүйікті мамандығым және инновациялық идеяларым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің сүйікті мамандығым және инновациялық идеяларым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп оқушылары және студенттерге арналған мамандыққа адал болу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Наурыз 2021
544
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

«Менің сүйікті мамандығым және инновациялық әдіс-тәсілдерім»
Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар.
Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы
үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге
болады.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені,
әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін
жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді
екен.
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала
жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған
батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да,
егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім
алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп,
жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай
домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер
деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз –
ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары.
Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш
өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін
еккен диқаншы.
Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы
мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті
істердің бастамасы.
2002 жылы Қарамұрт ауылындағы №37 жалпы орта мектебіне информатика
пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие


Page 2

болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің
армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.
«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана
ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов
ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу
мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-
білім мазмұнының жаңартумен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және
оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және
сапаға бағытталған бағдарлама.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы- оқушы тұлғасының үйлесімді
қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу
жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-
қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды
сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру
үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білуге бағыттайды.
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу
бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме
материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса
отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу
мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталғанын түсінеді. Егер ұстаз
тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе,
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін
түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей
бастайды.


Page 3

Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды.
Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де
табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой
еңбегімен ұстастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман
талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне
жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол
технологияларды қолдану, зерттеу, пысықтап анализ жасау- әр ұстаздың міндеті.
Әдіс түрлері:
– Ойын түрлері;
– Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
– Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері;
– Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
– Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО-ға үйрету);
– Оқыту мәселелері.
1. “Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған
сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
2. “Автор орындығы”оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда
отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен
сабақты бекітуде тиімді.
3. «Миға шабуыл» стратегиясы
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда
кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған
идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін
не істеу керек?”
4.“3 таяқша” әдісі. Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея әр
топ даярлап, көпшілікке салады.
5. «Бинго» ойыны.
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 – сұрақ. Сабаққа
не үшін келдіңіз? Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты


Page 4

ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін»
1. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өткен тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде,
оқушылар ол келтірілген мысалдардың өткен тақырыпта бар, жоғын анықтайды.
7.«Он сұрақ!» әдісі.
(Негізгі сөзді табу) Оқушы бір сыныптасын таңдап алады және оның маңдайына
негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады (немесе қолына ұстатып, қолын жоғары
көтеріп ұстау) – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не
ЖОҚ деп беріледі.
1. «Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және
талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың
арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы,
– “Самат, Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
– “Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға
болады?”
– “Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
9.«Құпия зат» – Мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп
сұрамаңыз
10.«9 – ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау
үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру
қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты
маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан
тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын
орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың
маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны
топқа бір қатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
11.Кері байланыс түрлері. «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі
түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті
алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім


Page 5

көтеріңкі. Қызыл түсті алма–мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім
жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі – Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің
бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу,
Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
13.«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 – баспалдағы Мен…………БІЛЕМІН
2 – баспалдағы Мен…………ТҮСІНЕМІН
3 – баспалдағы Мен…………ЖАСАЙ АЛАМЫН
1. «Таңдау» әдісі.
● Мен үшін сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
● Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
● Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
● Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым.
● Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. Бұл
карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен
сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою
тапсырылады.
1. Кері – байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны. Қатысушыларға бір
парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан(суреті)
1. Қоқыс жәшігі (суреті)
1. Ет тартқыш (Суреті)
Ал, сабақты қорытындылау мақсатында «Табыс сатысы» әдісін қолданған.
1 – баспалдағы Мен 11- ден 20-ға дейінгі сандарды білемін.
2 –баспалдағы Мен бір таңбалы екі таңбалы сандарды салыстыруды түсінемін.
3 – баспалдағы Мен 11-ден 20-ға дейінгі сандардан өрнек құрастыруды жасай
аламын. Сабақ өте жоғары деңгейде өтілді.


Page 6

Қазіргі таңда оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістері және
интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу- тәрбие
үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып,
оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті деп, «Білім
алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу –
өнер» деген нақыл сөзбен қорытындылаймын.
Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен
ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға
дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең
қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.
Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл
берген.
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай
сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың
міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан
тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!