Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің сүйікті ойыншықтарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Менің сүйікті ойыншықтарым.

Мақсаты:

Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, заттарды жалпы белгілері бойынша топтастыруға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыстыруға үйрету.

Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес тақпақтың интонациясын сақтап айтуға үйрету.


Тәрбиеші: Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты Қорапшада өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.
Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, ит т. б
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?
- Ойыншықтардың
- Жарайсыңдар, дұрыс. Осы ойыншықтарымыз қандай пішіндердің артына жасырылған?
Балалар сендер үйде, балабақшада не істейсіңдер? Немен ойнайсыңдар? Иә, балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы айтамыз!
Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)
Тәрбиеші ; Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әсем , әдемі ойыншықтар . Балалар мынау қандай ойыншық?
Балалар; доп. Тәрбиеші; доптың пішіні , түсі қандай ?
Балалар ; жауап береді .
Тәрбиеші ; Доптың қимылы қандай ? -Қане бәріміз допша секірейікші ? Кім доп туралы тақпақ біледі ? Балалар; Топ –топ добым домалақ ,
Қайда кеттің домалап .
Бір ,екі деп екі ұрдым , Шатырға сен секірдің .
Тәрбиеші; Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар ; қуыршақпен .
Тәрбиеші ; -Дұрыс айтасыңдар . Қуыршақпен . Балалар қуыршақтың әдемі шашы , әдемі көйлегі бар екен . Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?
-Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді ?
-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар ; машинамен ойнайды .
Тәрбиеші ; Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина туралы тақпақ біледі ?
Балалар ; Үлкенмін ғой міне мен ,
Ойыншықтарды жинаймын .
Машинаға мінер ем ,
Кабинаға сыймаймын .
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
1. пластмассалы
2. резиналы
3. матадан
4. ағаштан
5. темірден
Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
Балалар енді сендер өздерінің сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіңдер ме?
(Балалардың ойыншықтар туралы тақпақтары тыңдалады.)
ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ ;
1. Аяғы бар , жүрмейді ,
Аузы бар , күлмейді .
Айнымайды бөпемнен ,
Тек сөйлеуді білмейді . ( қуыршақ )
2. Суға салсаң батпайды ,
Түскен жерге жатпайды . ( доп )

Дидактикалық ойын ; « Жалғасын тап » .
Ойын шарты ; Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалараяқтайды .
-Менің ойыншығым ............. / әдемі /.
-Мен қуыршақпен ................/ ойнаймын/ .
-Допты жоғары .................... / лақтырдым / .
Р . Тышқанбаевтың «Қуыршақ » өлеңін оқып беру .
Сөйлемейсің сен неге ,
Тілің жоқ па , қуыршақ ?
Жуынбайсың сен неге ,
Кірің жоқ па , қуыршақ ?
Аяғың бар , сен неге ,
Жүре алмайсың , қуыршақ ?
Жұмсағанда сен неге ,
Тіл алмайсың , қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің ,
Аңқаусың ба , қуыршақ ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба ,қуыршақ ?
Сергіту сәті ;
Ұзын құлақ сұр қоян ,
Естіп қалып сыбдырды .
Ойлы – қырлы жерлермен ,
Ытқып –ытқып жүгірді .
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап ,
Көжегі екен өзінің .
Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?   -Сәуле Қуыршақ

Қандай ойындар ойнадық?   - «Сақ бол!», белгілерді  орнына қойдық...

Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар.  Мақтау , мадақтау.

Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2018
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі