Менің сүйікті үй жануарым.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің сүйікті үй жануарым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмбақты шешу арқылы өз тәжіриберерінен әңгіме құрауға, сөйлеу барысында сын есім мен етістіктерді қолдануға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ №

Күні:

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлім: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:Менің сүйікті үй жануарым.

Мақсаты: Жұмбақ шешу арқылы, өз тәжірибесінен әңгіме құрастыру

Міндеттері:Білімділігі: Жұмбақты шешу арқылы өз тәжіриберерінен әңгіме құрауға, сөйлеу барысында сын есім мен етістікт ерді қолдануға үйретуді жалғастыру. Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Дамытушылығы: Үй жануарларына байланысты тақпақ,мақал-мәтелдерді қайталай отырып,сұрақ-жауап арқылы,тіл байлығын дамыту

Тәрбиелігі: Балаларды өз пікірлерін айта білуге үйрету.Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Жануар, түйе, ешкі, қой.

Технологиялық қамтамассыз ету: Үй жануарларының суреттері, жайлаудың суреті,макет

Билингвальді компоннент: түйе-верблюд, қой- баран, ешкі – козел.

Технологиялар:

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері

Қане,қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақ-та,шапалақ.

Негізгі бөлім

Жұмбақ жсыру

1.Басында екі таяғы бар.

Адам деуге болмайды сақалы тағы бар.(Ешкі)

2.Үстінде екі тауы бар.Ол не? (түйе)

3.Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.(Қой)

Жарайсыңдар! ендеше біз сендермен осы үй жануарлары

туралы әңгімелейміз.


«Суретпен жұмыс»

Балалар үй жануарларына нелер жатады?

Үй жануарлары қайда болады?

Оларды кімдер бағады?

Олар немен қоректенеді?

Олардың бізге берер пайдасы қандай?

Жарайсыңдар!

Ендеше балалар менімен бірге саяхатқа ауылға барасыңдар ма?

Ауылдағы үй жануарлардың қалай тіршілік ететінің көріп келеміз.

Олай болса балалар біздің баратын ауылымыз алыс немен барсақ екен?

Жақсы пойызбен барайық менің сонымнан ілесіңдер Пуп-тс,пуп-тс

Ауылға да келіп жеттік.

Балалар қараңдаршы қазір бізде күз мезгілі ғой сондықтан ауылдағы адамдар жануарларын қорада бағып күтуде оларға жем,шөп суларын береді.Қораның ішін тазартып тұрады.

Ал балалар айтыңдаршы күзден кейін қандай жыл мезгілі келеді?

Қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі болады.

Көктемде күн жылынады одан кейін жаз келеді күн ысиды малдар жайлауға жайылымға шығады мына көрініске қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?Көрдіңдер ме?балалар адамдар малдарға үнемі қамқорлық жасайды ендеше біз де қамқорлық жасайық жем,шөп дайындап берейік алдымен

бойымызды сергітіп алайық

Кәне шеңбер құрамыз (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)

Қолымызды созамыз

Бір отырып, бір тұрып

Оңға, солға қараймыз

Үй жануарлары:

Дидактикалық ойыны.

Үй жануарларының атап, төлдерін табу.

Қорытынды бөлім

Мақал жаттау

Ақты төкпе-малды теппе

Балалрды мадақтау, мақтау

Есеп – Учет









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1503
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі