Материалдар / Менің шығармашылық жұмыстарым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің шығармашылық жұмыстарым

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік тақырыпқа баяндама жазу үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2018
886
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Менің шығармашылық жұмыстарым»


Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Ғылыми салада білімді технологияландыру жөніндегі зерттеулер пайда болып, кәсіби дайындықтықтың мазмұндық және жеке аспектілерімен қатар оның технологиялық аспектілеріне де қызығушылық даму үстінде. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдап алуға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың көңілінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңашыл педагог қалыптастыра алады. «Егер сіз шыдамдылық көрсетіп сабыр сақтасаңыз – еккен біліміңіздің жемісін көресіз» - деп Сократ айтса, Ұлы ағартушымыз Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана ,шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау басты міндеттердің бірі. Кез келген оқу адамды белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да,мұғалім шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білімнен нәтиже шыға қоймайды. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Биылғы оқу жылында мен әдістемелік тақырыбымды: “Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру”деп алдым.

Мақсатым:

Оқушының өздігінен білім алу ынтасы мен ықыласын дамытуға жағдай жасау, ой еркіндігін, белсенділігін,ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Жаңа технологияны пайдалана отырып, білім берудің түрін жаңарту, кеңейту. Заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

1.Жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу; 2 Шығармашылық логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

3. Өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

4. Өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни өтілетін сабақтын жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттері, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға,икемділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа үйрету мұғалімнің әр сабағында қалыптасатыны белгілі. Сабақтарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың белсенділігін арттырып, көшбасшы болуға ұмтылдырады. Бұрыңғы тәжірибелерімде тек жақсы оқитын оқушылар ғана «көшбасшы»бола алады деген ұғым қалыптасқан болса, деңгейлік бағдарламаны меңгергеннен бері және тәжірибе көрсеткендей, сыныптағы әр оқушы топта белсенді жұмыс жасай отырып, олардың әрқайсысы да көшбасшы бола алатынына көзім жетті. Мұғалім көшбасшылығымен оқушыларды артына ілестіре отырып, сабақта жетекшілік рөлдің мұғалімнен оқушыға ауысуы ең басты өзгеріс. Менің бақылаушы, нұсқаушы бола отырып оқушылармды соңымнан ілестіре алуым, олардың білім-білік дағдыларының деңгейінің көтерілуі менің көшбасшылығым деп түсінемін. Бұл бағдарламаны меңгеруім тек оқушыларыма ғана емес өзіме де үлкен өзгеріс әкелді. Бұрыннан білетін және тәжірибемде қолданып жүрген әдіс-тәсілдеріме тереңінен қарап, әріптестеріммен ,оқушылармен қарым-қатынас тәсілім өзгерді. Бастайтын барлық жұмыстарымды сыни тұрғыдан қарап шешім қабылдауды үйрене бастадым. Сыныпта үйретушіден бағыттаушы мұғалімге айналдым. Ең бастысы «оқушыға қалай оқу керектігін» үйрендім.

Деңгейлік курстан алған білімімді іс-тәжірибемде қолдана отырып жас мамандарға жаңа формттағы үлгі сабақтар, ата - аналарға ашық есік күнін ұйымдастырып, осы 7 модульді сабақтастыра өткізген сабақтардың оқушыларға берген оң әсерін олардың асқан қызығушылықпен қатысуынан, сабақ соңындағы рефлексиялардағы «бүгін сабақ өзгеше өтті, осындай сабақтар көп болса екен...» - деген жазбаларынан көруге болатынына көз жеткіздірдім. Осындай тынымсыз еңбегімнің нәтижесі аудандық семинарда берілген ашық сабақтар мен коучингтар, 16 желтоқсанға арналып өткізілген «Тәуелсіздік – тұғырым!»,Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналып өткізілген «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы, ерінбе» атты тәрбие сағатымда да көрініс тауып, ауданнан келген қонақтар мен әдіскерлердің жоғары бағалауы мен жылы лебіздерімен үйлесім тапты. Мен бастауыш сыныпқа сабақ бергендіктен тізбектелген сабақтар топтамасын .өткізуді негізгі пәндерден төрт тоқсанның әр тоқсанына бір пәннен өткізуді жоспарладым. Әр тоқсанда өткізілген тізбектелген сабақтар топтамасының нәтижесінен білім сапасынын көтерілгенің байқадым.

Оқушының оқу әрекетінің қиындығы – оқу материалының қиындығы

на, оқушының жеке және жас ерекшеліктеріне және міндетті түрде мұғалім шеберлігіне байланысты болады. Мұғалім оқу ісінің әр түрін ұйымдастырғанда

көп нәрсеге қол жеткізеді. Бала үшін ойын – бұл іс – әрекеттің негізгі бір түрі. Ойын баланың дамуына , қоршаған ортаны танып білуіне мүмкіндік береді. Сондықтан , мен бала тәрбиесіне арналған психологиялық ойындарды жиі қолданамын. Ойын арқылы ұжымдағы лидерлікті, достықты анықтауға, ұялшақтықты жеңуге, өзіне деген сенімді қалыптастыруға болады. Ойынның жақсы жағы бала ойнай отырып тәрбиеленіп жатқаның сезбей қалады. Сабақтарда қолданып жүрген ойындар мен жаттығуларды жинақтап , әдістемелік жинақ басып шығарып әріптестеріме өз іс – тәжірибеммен бөлісіп келемін.

Тәжірибенің тұрақты болуы да нәтиженің сапалы болуының бір кепілі. Осы жаңа технологиямен жұмыс істеу барысында оқушылардың білімге деген құштарлығы артты.

Оқушылар арасында бір - бірімен бәсекелесе, жарысып оқитын дағды қалыптаса бастады. Бір - бірінің пікірімен санасып, қиын мақсатты салыстыра отырып шешетін жағдай қалыптасты. Өздігінен ізденіс жасап, шығармашылық жұмыспен айналысу дағдылары әдетке айнала бастады. Сонымен қатар әрбір оқушы өзінің біліміне өздік талдау жасап үйренді. Оқушылардың бір-біріне деген мейірімділік, қамқоршылық жасау, бір - біріне кеңес беру, жәрдемдесу сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастады. Білім сапасы жақсара түсті.

Ана тілі сабақтарындағы жазба жұмыстар, шығармашылық жұмыстардың сапасы жақсы деңгейге жетті.

2017-2018 оқу жылындағы өткізілген «АЙНАЛАЙЫН» интеллектуалдық марафонында Ерланұлы Темірлан, Әділханов Әділжан, Кеңесова Сабина, Бөкенбаева Әдемі жүлделі орын алғаны үшін дипломмен марапатталды. «Достық» орталығы жіберген білім тексеру сынағының , аймақтық, аудандық олимпиада нәтижелері де жақсы көрсеткіш көрсетті. Сынып оқушылары «Жылқы – түлік патшасы», «Шахмат ойынының шығу тарихы» тақырыптарында ғылыми жобаға қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді. Ұлы ағартушымыз Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана , шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау басты міндеттердің бірі. Кез келген оқу адамды белгілі мөлшерде дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалім шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білімнен нәтиже шыға қоймайды. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Мен алдағы уақытта да шеберлігімді шыңдай отырып, әдістемелік тақырыбымды басшылыққа алып, талай белестерге шығатыныма сенімдімін.



Қолданылған әдебиеттер:


1. .«Интерактифті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару».

Жартынова Ж.А. Алматы 2016.

2. «Интербелсенді әдістемені ЖОО – да қолдану мәселелері»

Асхат Әлімов.Алматы – 2015 жыл.

4.Бастауыш сынып әдістемесі 2015ж. № 1.

5.Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбие ісі. №3 2017 ж.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!