Менің сыныбым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің сыныбым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне сынып сағатын өткізуде әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Менің сыныбым – менің ұжымым


Мақсаты:

1. Ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2. Өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

3. Сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Біздің сынып

Жұп жазбастан жүреміз,

Біздің сынып – мақтаулы.

Өйткені біз сүйеміз

Дәйім тәртіп сақтауды.

Біздің сынып – мақтаулы.


Оқуда да алдамыз,

Біздің сынып – өнерлі.

Жақсы үйреніп алғанбыз

Талай би мен өлеңді.

Біздің сынып – өнерлі.


Еңбекке де қолы епті,

Ынтымақты дос ыңғай.

Біздің сынып – әдепті.

Біздің сынып осындай.

Біздің сынып осындай!

Аманжол Шамкенов

1. «Ой қозғау»

Әңгімелесу

Оқушыларды сабақ тақырыбына тарту үшін әңгімеле ұйымдастыру.

Бірлік, сыйластық, түсіністік, ұйымшылдық, ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

Өз сыныбың несімен ұнайды?

- Жеке адамның жақсы мінез-құлқы ұжымда, көпшіліктің ықпалының арқасында қалыптасады. Сынып ұжымындағы балалар бір-біріне көмек беру, сыныптастарын ренжітпеу, көпшіл болу, ұйымшыл болу, кешірімді болу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіруге көп мүмкіндік алады. Бір-бірімен сырласады, достасады, қуаныштарын бірге бөліседі, өздерін бақытты сезінеді.





2. «Ойланайық, пікірлесейік». Жағдаяттарды талдау.

1-жағдаят:

Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды. Қуанышында шек жоқ.

Оның қуанышын қалай бөлісер едіңдер?

2-жағдаят:

Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды. Ол қатты ренжулі.

Оған қалай көмектесер едіңдер?

3-жағдаят:

Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды. Осылары үшін кезекші сынып оларды «Кірпі» газетіне шығарды.

Осыдан кейін қандай шешім қабылдар едіңдер?

Оқушылардың ой-пікірлерін тиянақтап, қорыту.

3. Шығармашылық жұмыс.

Сабақта айтылған ойларды оқушылардың бекіте түсуі үшін тапсырма беру.

Тапсырма: Қағазда берілген бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазыңдар.


4. Қорытындылау.

Не үйрендік, не білдік ?

Балалар кезектесіп сыныптастарына тілек айтады.

-Мен сыныптас достарыма татулық тілеймін.

-Мен сыныптастарыма бірлік тілеймін!

-Мен сыныптастардың сыйластықта болуына тілектеспін және т.б.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.12.2018
937
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі